«Шығармашылық» білім беру саласы
Музыка: ересек адамменкөңілді ойын ойнағанда қуанады, дабылдың соғылғанын көргенде,заттың бетін ұрады. Музыкалық аспаптармен әрекеттер жасайды.
Өнімді іс-әрекет: қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады (бояу, маркер, борлар, қарындаштар); жалпақ пішіндерді мүсіндейді.
«Әлеумет» білім беру саласы
Балалардың әлеуметтік дамуына жағдайлар жасау. Балалардың ересектермен және бір-бірімен қарым-қатынас жасау нормалары мен ережелерін игеру.
Мәдени мінез-құлық дағдылары: сәлемдескенде, қоштасқанда жауап қайтарады.
Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет. Отбасы мүшелерін таниды.Ересектермен жағымды қарым-қатынаста бола отырып күледі, қол бұлғайды немесе күлімсірейді. Қарым-қатынас жасауда ұнату, жақтырмау сезімін білдіреді.
Адамгершілік нормалары туралы түсінік: алғашқы эмоцияларын білдіреді.Көмек қажет болғанда дененің қозғалысын және дыбысты қолданады
Достарыңызбен бөлісу: |