«Таным» білім беру саласы
Баланың қоршаған ортаны бағдарлау аясы кеңейтіледі және байытылады, сезімдік тәжірибесі қалыптасады, түйсіктері және қабылдауы жетілдіріледі.
Міндеттері:
- тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
- бейнелі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
- қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыру.
Сенсорика
Осы жастағы балаларда сенсорлық сала қалыптасады, қабылдау, зейін, ойлау және затты қолдану әрекеттері, түсті, пішінді және көлемді бағдарлауы дамиды.
1 жастан 1 жас 6 айға дейін
Балалар бұл жаста өзіне машинаны, арбаны жібінен тарта алады: жібінен тарта отырып, дыбысын шығара білу.
Орындауға үйрету:
-өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю және жинастыру, шелектен алу және салу, оларды еңіс жазықпен сырғанатуды;
-заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауды;
- екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын пирамиданы белгілі бірізділікпен жинастыруды;
- қызыл, сары, жасыл, көк, сондай-ақ ақ пен қара түске боялған біртекті заттарды тану және жұмыс жасауды;
- түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сондай-ақ музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуды.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін
Осы жастағы балалар:
- пішінді, көлемді, түс пен дыбысты ажыратады.
- неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау: таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжытады, алады және орындарын ауыстыра алады;
қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып кіргізе біледі;
заттарды өлшемі бойынша таңдайды және тиісінше оларды ажыратады;
өлшемі, түсі және саны бойынша бірнеше сақиналардан пирамида жинайды;
біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастырады.
Дамыту үшін:
- ұсақ қол моторикасын дамыту үшін дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «көз-қол» үйлесімділігін қалыптастыру;
естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыру;
қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату;
логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |