«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
- сенсорика;
- құрастыру;
- жаратылыстану.
Мақсаты: балалардың интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Міндеттері:
- қоршаған ортаның құбылыстары, қоғамдық өмір мен мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру;
- қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;
-қоршаған ортаға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауға баулу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сенсорика
Заттық әрекет
Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйене отырып, тапсырмаларды орындау, сенсорлық белгілерінің біреуі бойынша біртекті заттарды топтастыру, заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру.
Қолдың үйлесімді қимылдарын және саусақ ұштарының нәзік қимылдарын, «көз-қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |