Күтілетін нәтижелер:
- ересектердің көрсетуіне немесе сөздік нұсқауларына сәйкес дене жаттығуларын орындайды, гимнастикалық атрибуттарды қолданады;
- ересектердің аздаған көмегімен киімді, аяқ киімді шешеді;
- шешкен киімді белгілі тәртіппен ұқыпты жинайды, киім мен аяқ киімді дұрыс киеді;
- киімдегі олқылықты байқайды, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіреді;
- жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгерген;
- шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және оны сақтайды.
«Коммуникация» білім беру саласы
«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет.
Мақсаты: тілдік қарым-қатынас дағдыларын, сөздік қорды және әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- айналасындағылардың сөздерін көрнекіліксіз түсіну қабілетін дамыту, пассивті сөздік қорын кеңейту;
- балалардың түрлі әрекеттердегіжәне алуан түрдегі ауызша сөйлеуін дамыту;
- көркем шығармалар мен көркем сөзге қызығушылықты қалыптастыру.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Күтілетін нәтижелер:
- тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады;
- айтылым дағдыларын меңгерген;
- айналасындағыларды естиді және олардың сөзін тыңдайды, түрлі дыбысты, дыбысты айтудың жоғарылығы мен жылдамдылығын саралау;
- сөйлегенде ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың атауларын қолданады;
- күрделі емес сюжетті ойындарға ойыншықтарды қолдану арқылы қатысады.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |