Сенсорика
Берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, пішіні, көлемі бойынша әр текті заттармен байланыс орната білу іскерлігін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
- заттардың түрлі пішіні, олардың түсі мен формасын белгілейтін сөздерді түсінеді;
- кеңістікте бағдарлаудың алғашқы дағдыларын меңгереді.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрсатыру қасиеттерін ескере отырып, материал таңдай білу. Балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру білігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- заттардың түрлі көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
- құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып, оларды ойнатады және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды;
- ересектердің көрсетілімі бойынша қарапайым тұрғызылған құрылысты айтады (сала, қоя, жапсыра біледі);
- тұрғызылған құрылысты бөлшектейді және қорапқа бөлшектерді ұқыптылықпен жинастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |