Жаратылыстану
Тірі және тірі емес табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғи материалдар қасиеттерімен таныстыру (сулы құмнан самса, қуыршақтар үшін кеселер мүсіндеуге болады). Жануарлардың сипатты ерекшеліктерін сәреттен таба біледі және атайды (дене мүшелерін атау: тұмсық, құйрық, аяқтары);
1) учаскеде ересектердің еңбегін бақылау (аула сыпырушы);
2) учаскеге ұшып келген құстарды (торғай, көгершін, қарғалар) бақылау;
3) үй құстарын (тауық, қораз, үйрек) бақылау;
4) осы маусым үшін табиғат құбылыстарынбақылау;
5) өсімдіктер мен жануарларға ұқыпты қатынас.
Күтілетін нәтижелер:
- өсімдіктер, ағаштар, жемістер, көкөністер, үй жануарлары, аңдар мен олардың төлдерін атайды;
- заттардың түрлі көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
- құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып, оларды ойнатады және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды.
«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
- сурет салу,
- мүсіндеу,
- аппликация,
- музыка.
Мақсаты: эстетикалық сезімдерін дамыту, бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру.
Міндеттері:
- балалардың сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын дамыту;
- эмоционалды-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру;
- балалардың шығармашылыққа, сұлулықты сезінуге қызығушылығын тәрбиелеу.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |