Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет15/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Көркем әдебиет

Сабақтың негізгі міндеті шығармаларды тыңдау, мазмұны бойынша түсінікті ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, тақпақтарды түсіну үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Шығарма кейіпкерлеріне деген жанашырлық дағдыларын, халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоциялы түрде жауап беруді тәрбиелеу.

1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Шағын қарапайым мазмұнды әңгімелерді, тақпақтарды сурет, ойыншық, түрлі іс-әрекеттер және аудио-бейнематериалдарды қолдану арқылы тыңдау, түсіну мәдениетінің дағдыларын тәрбиелеу.

Көркем мәтінді тыңдау және оның мазмұнын белсенді қабылдау дағдыларын дамыту.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Мәнерлі сөйлеудегі: көркем шығарманың мазмұнына қатысты айтылатын сұраулы, бұйрықты, лепті интонацияларды түсінуін дамытуды жалғастыру. Мәтінді қайталап оқу, көрсету арқылы сөздерді айта білуге үйрету.

Балаларды мәтінге сәйкес ойын әрекеттерін орындай білуге үйрету, халық шығармаларының, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігін эмоциялы қабылдауға баулу.

Екінші жылдың соңында балаларды адамдар мен жануарлардың әрекеттері бейнеленген шағын өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді тыңдауға және эмоционалды көңіл-күйлерін білдіруге үйрету.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Балалар ойын әрекеттеріне қатысады, халық шығармаларының, тақпақтардың, әндердің музыкасы мен ырғағына көңіл күйін білдіреді,адамдар мен жануарлардың әрекеттерін бейнелеугеүйренеді.

Балаларда шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық таныту сезімдері, көмектесу ниеті қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет