БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Денсаулық»,«Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» әрбір білім беру салаларының мазмұнында ерте жастағы балалардың базалық әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын игерудің күтілетін нәтижелері анықталған.
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
Педагогикалық процесс балалар әрекетінің түрлерін әртүрлі нысандар мен әдістерді қолданып, ұйымдастыру арқылы білім беру салаларын кіріктіру жолымен іске асырылады.
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру:
- әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын балалардың жас ерекшеліктеріне және оны игеруге бөлінген уақытқа сәйкес білім беру салалары арқылы игеруді;
- Бағдарламаны біртұтаспроцесс шеңберінде іске асыруды;
- баланың әлеуметтік-тұрмыстық қасиеттерін қалыптастыру мен оның әлеуметке үйлесімді енуін қамтамасыз етеді.
Ойын әрекетін ұйымдастыру
Ойын балалардың жалпы дамуы мен әлеуметтенуі үшінжетекші әрекет түрі болып табылады.Ойында балалар қалауы бойынша бірігеді, өз бетінше әрекет етеді, өздерінің ойларын жүзеге асырады, әлемді таниды.Ойын әрекеті әр баланың физикалық және психоәлеуметтік дамуына, адамгершілік-еріктік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ерте жаста бала өзі көрген және өзбетінше іске асырғысы келетін ересектердің таныс қимылдарын қайталайды. Сондықтан мұндай бала үшін дамытушы ойын ортасы түрлі сюжетті ойындар мен оларға қажетті тұрмыстық атрибуттар (ыдыстар, жиһаздар, киімдер, «Дүкен», «Емхана» жиынтығы) болып табылады. Бастысы – барлық ойын заттары оның тікелей тәжірибесіне таныс болуы қажет: доп – лақтыру және тебуге, қазан – сорпа пісіруге, мәшине – ойыншықты тасу немесе қыдыртуға.
Достарыңызбен бөлісу: |