жүрек
қан тамырлары.
Қан айналу жүйесі: жүрек (қоңыр түсті), веналар (көк түсті), артериялар (қызыл түсті)
18.Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыпка келтіру. Оксигенотерапия.
Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.
Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен, Боброва аппараты арқылы, тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.
Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру - маңызды
кезең.
** Тыныс алу жолдарының өтімділігінің бұзылу себептері: тілін жұту,
тыныс алу жолдарында кілегей, қақырық, құсық массалары, қанның,
бөтен заттардың болуы.
**Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру әдісін
таңдау, өтімсіздік деңгейіне және оның даму жағдайына
байланысты болады.
19.Жүрек ритмінін бұзылуы, электроимпульстік терапия, кардиостимуляция, прейсмеркерлер.
Жүрек ритмінің бұзылуы – кез-келген жүректің
соғу жиілігінің, реттілігінің және қозу пайда болу
орнының, сонымен қатар импульс өту
бұзылыстарымен, қарынша мен жүрекшелердегі
жиырылу кезектестігінің бұзылуымен көрінетін
патологиялық жағдай
Кардиостимулятор – электр заряды бар медициналық құрылғы. Сіздің хирург аритмия деп аталатын тұрақты емес жүрек соғуын басқаруға көмектесу үшін оны теріңіздің астына имплантациялайды.
Қазіргі кардиостимуляторлар екі бөліктен тұрады. Импульстік генератор деп аталатын бір бөлікте жүрек соғу жиілігін басқаратын батарея мен электроника бар. Екінші бөлік электрлік сигналдарды жіберудегі бір немесе бірнеше жолдар болып табылады. Өткізгіштер – импульстік генератордан жүрекке апаратын шағын сымдар.
20.Жүрек ырғағының бұзылысы кезіндегі шұғыл көмек.
Қан қысымын өлше, жүректің жиырылу жиілігін бақыла.
ЭКГ түсір.
Физикалық әсерлердің әдістерін қолдан:
10-12 сек. Оң жақтағы каротидті синуске массаж жаса (жасы ұлғайған, қарт және инсульті болған адамдарға мүмкіншілігінше қолданбау).
Көз алмасына 5 сек.басыңыз.
Науқасты сұраңыз: үлкен кесек тамақ жұту, жасанды құсық шақыру, терең дем алып күшену, шар үрлеу, басын суық судың астына ұстау.
Механикалық әдістерден көмек болмаса, дәрі-дәрмек қолданыңдар: 1% - 2,0 мл АТФ-ті 0,9% -5мл натрий хлорид ерітіндісімен тез көк тамырға енгізу, 2,5%л изоптин ерітіндісін 0,9% - 5 мл натрий хлорид ерітіндісімен бірге жылдам көк тамырға енгізу.
Егерде изоптиннан көмек болмаса көк тамырға жылдам 10% 5-10 мл новокаиномидті 5% 10 мл глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9% -10 мл натрий хлорид ерітіндісімен енгіз.
Эффект болмаса көк тамырға жайлап 1% - 15 мл ритмилен ерітіндісін 0,9% 10 мл натрий ерітіндісімен немесе 2,5% - 2 мл аймалин ерітіндісін енгіз.
Үзбей қан қысымын, жүрек жиырылуын бақыла.
Дәрі-дәрмек терапиясы көмек бермесе онда электроимпульсті терапияны қолдан.
Достарыңызбен бөлісу: |