Ойылулардың алдын алу:
Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру
Үнемі төсек орнын, іш киім жағдайын бақылап отыру
Терісін күніне 2-3 рет сабынды сумен жуу керек
Камфор спиртіне салынған сүлгімен сүру,ұнтақ себу
Резеңке шеңберлер қолдану
Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл ірінге және қанның кағындысына
(сепсис) әкелуі мүмкін.
Терінің ойылған жерін (саржамбас) емдеу
Төсекте ұзақ жатқан науқастың терісі, сол араның қан айналысы
нашарлағандықтан, дәлірек айтқанда қанның жетіспеушілігінен
ойылып жара болады. Ойыларда терінің үсті ісінеді, бөртіп,
суланады, бара-бара күлдіреп жарылады. Сөйтіп жараға айналады.
Мұндай жағдай науқастың халін онан әрі нашарлатып, оны күтуді
қиындата түседі. Ойылған жерді емдеу үшін:
1. Жараны 5-10% калий перманганатымен жуып, тазалап отырамыз. 2. Ойық жараға ұнтақталған тұз «фаниламид» дәрісін себеміз.
3. Жараны 10% стрептоцид майымен немесе 1% синтомицин
эмульсиясымен майлаймыз.
4. 2% спирттік бриллиант көгін жағамыз.
5. Егер жарада өлі еттер пайда болса, онда оны тазартып алып
тастағанан кейін ойылған жердің үстіне күніне 3 рет 1 процент
перманганат калийге батырылған асептикалық таңғыш салып, жара
тазарғанша қоямыз.
6. Жара тазарғанан кейін жоғарыдағы айтылған майларды және
вишневский майын, «солкосолинді» пайдаланамыз.
Арнайы жедел кардиологиялықбөлімшесі туралы анықтама.
Жүрек- кез келген стресстік жағдайды өте сергек сезінетін, біздің организміміздің негізгі ағзасы.
Келесі симптомдардың біреуі науқаста кездесссе дереу дәрігерге қаралуы тиіс:
Сол қол мен жауырынға берілетін,төс арты ауруы
Кеуденің сол бөлігінде ауырлықты сезіну
Жүректің шалыс соғуы
Жүректің жиі қағуы( пульс минутына 90 соққыдан аса)
Артериялық қысымның 140/90 мм сынап бағанасына артық көтерілуі Бөлімде жүректің ишемиялық ауруы, жүрек жеткіліксіздігі, ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы, кардиомиопатия, ревматикалық емес миокардит, созылмалы жүрек ревматикалық ауруына шалдыққан пациенттерді тексеру мен емдеудің арнайы әдістері пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |