Түсінеді: президенттің жұмыс орнымен, саяси жұмыстары туралы түсінік беру.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді; Ойын ойнайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Қазақстанның бірінші президентінің мұражайы»
Мақсаты: Бірінші президенттің мұражайы туралы балалардың білімдерін кеңейту; мұражайдағы көптеген ғылыми жұмыстарға, кітаптарға, өзге елдердің президенттке арналған сыйлықтарына сүйіспеншіліктерін, құрметтерін бағалай білуге жетілдіру.
Сөздік жұмыс: мұражай.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
-Балалар, Астанадағы Қазақстанның бірінші президентінің мұражайына барамыз ба?
-Бару үшін пойызға отырайық.
-Барамыз.
Балалар пойызға отырады.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ұйымдастырушы -ізденіс
-Кім бізге тақпақ айтып береді?
-Міне, Астанадағы Қазақстанның бірінші президентінің мұражайына келдік, бізді мұражай қызметкерлері қарсы алды.
Олар бізге мұражай туралы әңгімеледі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды.
Балаларды музейдың экспозициясымен таныстырды.
-Балалар, біздің ұлтымыз қандай?
-Қай тілде сөйлейміз?
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандықта не екенін тап?»
-Киіз үй бөліктерін ата?
-Сандық не үшік керек?
-Сырмақ?
-Домбыра?
-Қамшы?
-Кесе?
-Торсық?
-Қазақтың қандай дәстүрлерін білесіңдер?
Сергіту сәті:
Балалар, қазір мұражайдағы киіз-кілемді жапсырамыз, қазақтың ою-өрнектерін нағыштап.
-Туған тілім, баба тілім, өз тілім,
Туған тілім, ана тілім, өз тілім.
Туған тілім, дана тілім, өз тілім,
Туған тілім, адам тілім, өз тілім.
-Қазақ.
-Қазақша сөйлейміз.
-Уық, кереге, шаңырақ.
-Сандыққа әжелеріміз керек заттарын салған.
-Жерге төсейтін төсеніш.
-Қазақ халқының ұлттық аспабы.
-Ат әбзелінің бір бөлшегі.
-Шай ішетін ыдыс.
-Қымыз құятын ыдыс.
-Ат қою, бесікке баланы салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, т. б.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Киіз-кілемді жапсырады.
Рефлексивті түзеуші
-Балалар, мұражайда не көрдіңдер?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Бірінші президенттің мұражайы туралы білімдерін кеңейту;
Түсінеді: Мұражайдың заттарын бағалай біледі;
Қолданады: Сұрақтарға жауап береді; киіз-кілемді жапсырады; ойын ойнайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Астана-Бәйтерек» монументі.
Мақсаты: Қаланың басты символы- «Бәйтерек» мұнарасы екенін балаларға түсінік беру, оның мазмұнын , Самрық құс туралы мағлұмат беру. Бәйтеректің суретін салу, шығармашылық қабілеттерн арттыру. Астана қаласының көрікті жерлерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Бәйтерек, Самрық құс, монумент.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.
Ұйымдастырушы ізденісі
-Бас қаламыз қалай аталады?
-Қаланың басты символы не?
-Бәйтерек ол не?
Бәйтерек туралы аңыз айтып беру.
Бәйтерек-Астана төрінде орналасқан өте биік, әрі сұлу, үлкен ғимарат. Бәйтеректің басына шығып, шын жүректен тілек тілесең, орындалады екен.
-Балалар, кім Астананың символы Бәйтерек туралы тақпақ біледі, айтып беріңдер.
Балалар алдарында тұраған сурет бөлшектерінен «Бәйтеректің» суретін құрастырады.
Орнымыздан тұрайық,
Құс болып қанат қағайық.
Астананың төрінде
Бәйтерекке ұқсайық.
Ойын ойнайды, берілген суреттерді құрастырады.
Сурет салады.
Рефлексивті түзетуші
-«Бәйтерек» қайда орналасқан?
-Самрық құс туралы не білесіңдер?
Балалардың ой-пікірлері.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:- Астананың басты символы – «Бәйтерек» екенін түсіндіру;
Түсінеді: -Бәйтеректің мазмұнын, Самрық құс туралы білімдерін кеңейту;
Қолданады: -Сұрақтарға жауап береді, тақпақ айтады, ойын ойнайды, сурет салады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№9 Білім беру саласы: «Қатыныс»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Есіл» өзені.
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасындағы бар өзендерді атап, Астанада орналасқан Есіл өзенімен таныстыру. Астана осы Есіл бойында орналасқанын балаларға айтып түсіндіру. Ойлау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту. Қазақстан табиғатын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: карта, қалалардағы өзендер суреті, Есіл өзеніндегі қайық суреті, билет, өзендегі қайықпен серуенінің видеосы.
Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар бүгін бізде қызықты оқу қызметі болады.
Біз сендермен Астана қаласына қайықпен серуенге шығамыз.
Серуенге шықпас бұрын біз Қазақстанда орналасқан барлық өзендермен танысамыз.
-Ол үшін бізге не керек?
-Дұрыс. Тәрбиеші картаны алып шығады.
Балалардың назарын аудару.
Балалар қызығушылықтарын білдіреді.
-Карта керек.
Ұйымдастырушы -ізденіс
Балаларға картаны көрсете отырып, өзендердің қалай белгіленгенін көрсету.
Әр өзенді көрсетіп қай қалады орналасқан, қалай аталатынан, ұзындығы қандай екенін айтып түсіндіру.
-Балалар Есіл өзені қай қалада орналасқан?
-Бүгін біз сендермен осы Есіл өзеніне қайықпен серуенге шығамыз.
-Балалар қайыққа отыру үшін бізге не керек?
-Дұрыс бізге билет керек, ал ол билеттерді қалай аламыз?
-Егер біз ойын ойнап, қойылатын сұрақтарға дұрыс жауап беретін болсақ онда бізге қайықа мінуге билет береді.
Ойын: «Қалалар»
Белгілі бір әріпке Қазақстан қалаларын атау.
Қала аттарын атаған балаларға билет беріледі.
Ойын: «Өзендерді ата»
Қай қалада қандай өзен орналасқанын айту.
Өзендерді атаған балаларға билет беріледі.
Астанадағы Есіл өзенінің қайықпен серуендеген туралы видео көрсету.
Балалар назарларын картаға аударып, әр өзен ататарын атап, қайталап отырды.
-Астана қаласында.
Балалар өз қызығушылықтарын білдіреді.
-Билет керек.
Балалар ойланады.
Балалар тәрбиешімен бірге келіседі.
А-әрпі: Астана, Алматы, Ақтөбе т.б.
Қызылорда- Сырдария, Қостанай-Тобыл т.б.
Балалар билеттерін алып бір-біріне көрсетіп, қуанады.
Рефлексивті - түзеуші
-Балалар біз сендермен бүгін картадан немен таныстық?
-Қандай өзендер бар және олар қай қалада орналасқан?
-Біз сендермен қандай өзенге серуен жасадық?
-Өзендермен.
Балалар өз жауаптарын айтады.
-Астана қаласындағы Есіл өзеніне.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: -картада орналасқан өзендер кішірейтіліп көрсетілгенін, өзендердің атауы мен ұзындығы болатынын;
Түсінеді: -әр өзен өз қалаларында орналасқанын, өзенге жалғыз баруға болмайтынын, ол өте қауіпті екені;
Қолданады: -ойын ойнау арқылы балалар әріптерге байланысты қалаларды атайды, қай қалада қандай өзен бар екенін айтады;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№10 Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу. Сурет салу.
Тақырыбы: Астана символы «Хан Шатыр», «Киіз үй»
Мақсаты: Балаларға Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда- саттық орталығымен таныстыру. Хан Шатырдың суретін қарап отырып қай жылы және қандай мақсатпен ашылғанын балаларға айту. Балалармен сурет арқылы қысқаша экскурция жасау. Балалардың қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту. Әдемі, әсем жерлерді көріп, тамашалауға тәрбиелеу.
Көрнекілітер: «Хан Шатыр» ойын-сауық, сауда орталығының презентациясы.
Сөздік жұмыс: Киіз үй, шатыр.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің келесі саяхаты ойын-сауық орталығы.
Бұл ойын-сауық орталығының атын сөз жұмбақ арқылы шешеміз.
Тәрбиеші балаларға сөзжұмбақ жасырады. Жасырылған сөзді оқиды.
Тәрбиеші балаларға тақтаға сөзжұмбақты жасырады.
Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешеді, ортасында жасырылған сөзді оқиды.
Ұйымдастырушы -ізденіс
-Балалар қандай сөз жасырылған екен?
-Балалар Хан Шатыр неге ұқсас?
Балаларға Хан Шатырдың ашылу тарихын айту.
Балаларға Хан Шатырдың презентациясын көрсету, онда не бар, қандай ойын-сауық, сауда орталықтары т.б. бар екенін корсету.
-Балалар алдарымызда түрлі-түсті бояуларымыз бен сурет дәптеріміз жатыр.
-Қазір біз сендермен сурет саламыз. Хан Шатырды біз неге ұқсас деп едік?
-Дұрыс, ендеше қазір біз қазақ халқының киіз үйін саламыз.
Балаларға киіз үйдің салу техникасын көрсету.
Сергіту сәті:
Суреттерін аяқтамаған балалар отырып аяқтайды.
-Хан Шатыр сөзі.
-Киіз үйге ұқсайды.
Балалар презентацияны тамашалайды.
Балалар қызығушылықпен ойынды ойнайды.
Балалар орындарына жайғасады.
-Киіз үйге.
Балалар тәрбиешіге назарларын аударып, суретті салуға бастайды.
Қимылдарды орындайды.
Рефлексивті - түзеуші
-Балалар бүгін біз Астана қаласындағы қандай ғимаратымен таныстық, нені тамашаладық?
-Ненің суретін салдық?
-Неге, киіз үйді салдық, неге ұқсас дедік?
-Хан Шатырды қарадық.
-Киіз үйдің.
-Хан Шатыр орталығына ұқсас.
Күтілетін нәтиже:
Елестетеді: -көз алдарына Астана қаласын, Хан Шатырды, Киіз үйді;
Түсінеді: -ойын шартын, Хан Шатыр үлкен демалыс орталығы екенін;
Қолданады: -Хан Шатыр мен Киіз үй орталығының ұқсастығын айтып, киіз үй суретін салады;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№11 Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу, Сурет салу.
Тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
Мақсаты: Балаларға Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыруды ары қарай жалғастырып, «Бейбітшілік пен келісім сарайымен» таныстыру. Бұл сарай қандай мақсатпен салынғанын, қай жерде орналасқанын суреттен көрсете отырып айтып түсіндіру. Балалармен «Достық» туралы мақал-мәтел жаттау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру. Сөздік қорларын дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бейбітшілік пен Келісім сарайының презентациясы.
Сөздік жұмыс: бейбітшілік, достық.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Балаларға достық пен бейбітшілік туралы мақал-мәтелдер оқимын. Бұл мақалдардың мағынасын сұрау.
1.Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
2.Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.
3.Досың мың болса аз, Дұшпаның біреу болса көп.
4.Ер татулығы — ел татулығы.
-Ендеше біз сендермен Елордамыз Астанадағы «Бейбітшілік пен Келісім Сарайына» саяхат жасаймыз.
Презентацияны қосу.
Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.
Мақал-мәтелдірдің мағынасын өз түсініктерімен айтып түсіндіреді.
Мақал-мәтелді бірнеше рет қайталайды.
Презентацияға назарларын аударады.
Ұйымдастырушы -ізденіс
Тәрбиеші қысқаша мәлімет оқиды.
«Бейбітшілік пен Келісім Сарайы»-Қазақстан астанасы Астанада бүкіл әлемге әйгілі сәулетші сэр Норман Фостермен салынған пирамида. Сарай 2006 жылы «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының конгресін» өткізу үшін арнайы салынған. Сарайдың 1500 орынды Концерттік залы Монтсеррат Кабальемен ашылды.
Ал ауданы 20мың ш.м. астам және оған түйісетін 4 галереядан тұратын «Хеопс Атриум» мрамор залы бір уақытта 1000 қонақты күтіп алуға дайын.
«Бейбітшілік және Келісім Сарайы»-Астананың назар аударарлық орны. Пирамида әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халықпен елдің ашықтық белгісі болды. «Бейбітшілік пен Келісім Сарайын» салу ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің идеясы.
Сергіту сәті:
-Балалар бұл сарай қандай геометриялық пішінге ұқсас?
-Ендеше, біз қазір сендермен осы «Бейбітшілік пен Келісім Сарайын» сурет дәптерімізге саламыз.
(Балалар сурет салады)
Салған суреттерін бір-біріне көрсетеді.
Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.
-Үшбұрыш пішініне ұқсас.
Балалар суретті сала бастайды.
Өз суреттерінен көрме ұйымдастырады.
Рефлексивті - түзеуші
-Бүгін біз сендермен қайда саяхатқа бардық?
-«Бейбітшілік пен Келісім Сарайына» бардық.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:- «Бейбітшілік пен Келісім Сарайы» қандай мақсатпен салынғанын; достық пен бейбітшілік сөздерінің мағынасын дұрыс түсінулерін;
Түсінеді: -Достық, бейбітшілік туралы мақал-мателдерді жаттап, мағынасын түсіндіруі;
Қолданады:-Суретке қарап ғимаратты ұқсастырып салу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№12 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Қазақстан картасы «Атамекен»
Мақсаты: Балаларға астана қаласындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылған Атамекен – «Қазақстан картасымен» таныстыру.Балаларғамәдени-құндылылықтардың, халықтың қолжетімділік тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтау, сондай-ақ, ҚР бүкіл табиғи зоналары мен экономикалақ жетістіктерін көбейту мақсатында жасалғанын айтып, әңгімелеу. Қызығушылықтарын арттыру. Мәдени орындарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: карта
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар, мынау Қазақстан Республикасының картасы.
Балалар қызығушылықпен қарайды.
Ұйымдастырушы -ізденіс
-Қазақстан картасында бүкіл Қазақстанның қалалары, өзендері, көлдері, таулары, шекаралары көрсетілген.
Қазақстан-үлкен мемлекет. Біздің елімізде көптеген қалалар, ормандар, далалар, пайдалы қазбалар бар. Қазақстан картасына қарап еліміздің байлықтары туралы әңгімелейік.
-Оңтүстік Қазақстан облысы-Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары.
-Батыс Қазақстан облысы-Маңғыстаудың байлықтары.
-Солтүстік Қазақстан облысы астығы, табиғаты.
Шығыс Қазақстан облысының ерекшеліктері сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді.
Балалар біздің еліміз –байтақ, кең. Қандай тақпақтар білесіңдер Отан туралы: