Күтілетін нәтиже:
Елестетеді: Қазақстан Республикасың;
Түсінеді: Қазақстанның әр аймағындағы жер байлығы туралы;
Қолданады: Әңгімелеп айтады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Президент күні»
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалар жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Сөздік жұмыс: елбасы, тұңғыш президент.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
|
-Адамның туып өскен жері, туған туысқандары, біз тұратын атамекен.
|
Ұйымдастырушы ізденісі
|
-Қазақстанның елордасы қай қала? (слайд көрсету)
-Біздің Елбасы кім?
Елбасымыздың құрметіне 1-желтоқсан Президент күні.
Н.Ә.Назарбаев-ҚР тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасы-Астананы салуға басшылық жасап, оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне айналдыруға үлес қосуда. Еліміз үшін аянбай еңбек етуде. Олай болса Елбасымызға тақпақтар айтайық.
Балалар тапақтар айтады.
Сергіту сәті:
Ойын: «Кім жылдам?» Сурет арқылы Астана қаласының ғимараттарын атап, оның қызметін түсіндіру.
|
Астана, өте сұлу, жас қала.
-Назарбаев Н.Ә.
-Туған жерім,кең байтақ, ұлаң ғайыр,
Елбасшы Отанымның Назарбаев.
Нұрсұлтандай атамыз ұстап тұрған,
Болашағы Қазақстанның бар ғажайып.
-Атап айтсақ, мың тоғыз жұз тоқсан бірде,
Әртүрлі өзгерістер болды елде.
Кемеңгер аса айшыл Президентім,
Тәуелсіздік мәртебесін алды елге.
-«Ана тілім-тұғырың»бола берсің,
Болашағым бейбітшілік нәрін сезсін.
Пайғамбарым бір Алла тірек болып,
Нұрсұлтан атамызға төзім берсін.
Құлпыра берші кең далам,
Аспандағы күнімдей.
Отанымды сүйемін,
Құшағыңа енемін. (2 рет қайталау).
Балалар ойын ойнайды.
|
Рефлексивті түзетуші
|
Балалар, бүгін қандай мереке?
-Біздің Президентіміз қандай адам?
|
Балалардың жауаптары.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: -Президенттің өмір жолы туралы білу;
Түсінеді: - «Президент күні» мерекесін мағынасын;
Қолданады: Елбасы туралы біледі;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Ескеткіштер»
Мақсаты: Балаларға Астана қаласында көп ескерткіштер бар екенін айтып, барлық ескерткіштермен таныстыру. Балаларға презентация ұсыну. Әр ескерткіштін өз тарихы маңыздылығы бар екенін, ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды екенін балаларға түсіндіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Өз Отанынын тарихи мұраларын сақтауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ескерткіш, тұлға, оқиға.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
-Балалар, Отан дегеніміз не?
-Ал, балалар Астана қаласында өте көп екерткіштер бар екен.
|
-Отан деген еліміз, бауырымыз, өзіміздің туып-өскен жеріміз.
Ескерткіштер туралы презентация көреді.
|
Ұйымдастырушы ізденісі
|
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Біздің елбасымыз кім, ұлтымыз кім, тіліміз қандай?
-Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?
-Балалар, ерте заманда біздің қазақ халқы заңға емес, жасы үлкен адамдарға сенген, оларды билер деп атаған. Үш кемеңгер дүлділім, сақтаған ел бірлігін,-дегендей қазақта қара қылды қақ жарған үш би болған. Олар: Төле би. Қазыбек би, Әйтеке би. Төле би-ақылды, әділ, Қазыбек би-тапқыр, батыл, ал Әйтеке би-шешендігімен қоса ел басқарған екен.
|
Балалардың жауаптары.
-Сұлу далам менің сүйген еркемсің,
Жаңы жайсаң жаратылған көркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, Туған жер, тамашасың, көркемсің.
-Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
|
Рефлексивті түзеуші
|
-Бүгін біз Астана қаласында нелерді көрдік?
-Астанада қандай ескерткіштер бар екен?
|
-Ескерткіштерді көрдік.
Балалар қандай ескерткіштерді көргенін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: -Ескерткіштердің тарихи маңыздылығын, тарихи оқиғалдары естерінде сақтау үшін керек;
Түсінеді: -Әр ескерткіш ұлы тұлғаларға арналғанын;
Қолданады:-Отан туралы тақпақтарын айту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№15
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Думан» ойын-сауық орталығы.
Мақсаты: Балаларға Астанадағы ең үлкен ойын-сауық орталығымен таныстыру. Онда Қазақстандағы тұңғыш океонариум және балалармен үлкендерге арналған көптеген ойын-сауық орталықтары бар екенін айту. Балалардың шығармашылықтарын дамыту үшін ұнаған «балық» суретін салуға шақыру. Қызығушылық пен қуаныш сезімдерін дамыту. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.
Сөздік жұмыс: ойын-сауық орталығы, океонариум.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушы
|
-Балалар, біз бүгін «Думан» ойын-сауық орталығына барамыз.
|
Балалар «Думан» ойын- сауық орталығына баратына өте қуанышты.
|
Ұйымдастырушы -ізденіс
|
"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Ол Қазақстандағы тұңғыш океонариум және балалармен үлкендерге арналған көптеген ойын-сауық орталығы.
Дидактикалық ойын: «Балық аулау».
Ойын шарты: қармақпенмен балық ұстап алу, әрбір балықта балаларға қоятын сұрақтар.
Дидактикалық ойын: «Ауа, жер, су».
Ойын шарты: Ауа дегенде құс болып ұшады, жер дегенде қоянша секіреді, ал су дегенде балықша жүзеді.
Сергіту сәті:
«Аквариумдағы балықтарды»-суреттейміз
|
Балалар мұқият тыңдайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
Балалар аквариумдағы балықтарды суреттейді.
|
Рефлексивті - түзеуші
|
Балалар, «Думан ойын-сауық орталығы сендерге ұнады ма?
|
Балалар өз ойларын айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Елестетеді: Астанадағы ең үлкен ойын-сауық орталығымен таныстыру; тұңғыш Қазақстандағы океонариум екенін білу.
Түсінеді: Тұңғыш Қазақстандағы океонариум екенін біледі.
Қолданады: Дидактикалық ойындар ойнайды, сурет салады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры.
Мақсаты: Балаларды Астанадағы «Астана опера» театрымен таныстыру; оның әсемділігіне, сұлулығына назар аудару; театрда кімдер өнер көрсететіне, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: опера, балет, домбыра.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Шертілген домбыра үні естіледі.
|
Балалар домбыра үніне назар аударады.
|
Ұйымдастырушы ізденісі
|
Балалар, бұл ненің үні?
Мен жұмбақ жасырайын шешуін дұрыс табыңдар, осы аспап аты шығады.
Жұмбақ:
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса,
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.
-Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған.
Домбыра туралы аңыз.
-Қазақ халқы ән мен жырды, ойын-сауықты өте жақсы көреді.
-Отбасыларыңда халық әнін жақсы көретін, сүйіп айтатын адамдар бар ма?
Сергіту сәті:
Енді домбыраны жапсырамыз.
-Ән салсаңдар топталып,
Билесеңдер шаттанып.
Өздеріңмен үнемі,
Мен жүремін мақтанып.
-Сендерге бір айтарым,
Білімдеріңді байқадым.
Өрге жүзсің деп өнерлердің,
Шексіз алғыс айтамын.
-Әр күндерің әнді,
Сымбаттардың сәнді.
Өмірлерің болсыншы,
Мағыналы мәнді деп.
Дидактикалық ойын: «Аспаптарды таниық»
|
-Домбыраның.
-Домбыра.
-Ия бар.
-Домбыраны қолға алып,
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен ,
Біз өнерді жалғайық.
Бишілерше оралып,
Дөігелене билейік.
Балалар домбыраны түсті қағаздан жапсырады.
Балалар дидактикалық ойын ойнайды.
|
Рефлексивтік түзеуші
|
-Біз сендермен қандай аспаппен таныстық?
-Домбыра қай халықтың аспабы?
Балаларға домбырамен тартылған күйді үнтаспадан тындату.
|
-Домбырамен.
-Қазақ халқының.
Балалар тыныш отырып
Күй тындайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: -Домбыра ұлттық аспабы екенін;
Түсінеді: -Тындалған күйдің мазмұнын түсіну;
Қолданады: -Қазақтың ұлттық аспабы домбыра екенін біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№17
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Нұр-Астана» мешіті.
Мақсаты: Балаларды Астанадағы ең басты мешітімен таныстыру; мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, адами қасиеттерін қалыптастыр, ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты, ғибадат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Рухани тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, достыққа, жылы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: мешіт, қасиетті күн,
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Әсерлі әуен қойылады.
-Балалар, бүгін біз қалай амандасамыз?
|
Қыз балалар: Сәлеметсіңдер ме?
Ұл балалар: Ассалаумағалейкум! Деп амандасады.
|
Ұйымдастырушылық ізденісі
|
-Мына суретте не көріп тұрсыңдар?
-Балалар, адамдар мешітке не үшін барады.
-Балалар, кім тақпақ айтып береді.
«Таза бұлақ» әңгімесі бойынша сахналық көрініс көрсету.
1. тапсырма-«Мен әңгіме құрайын» Көктем, жаз, күз, қыс суреттері бойынша.
2.тапсырма «Мағыналары
Бір-біріне қарама қарсы сөздер»
-Қардың түсі қандай?
-Бүгін ауа-райы қандай?
-Жақсы айтты деп тасыма, жаман айтты деп жасыма.
-Ескісіз жаңа болмас, жақсы болмас.
-Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
-Білімдіге дүние жарық, білімсіз күні кәріп.
Сергіту сәті:
Енді,оқу-білім жөнінде мақал мәтелдер айтайық.
-Жарайсыңдар, балалар!
|
-Бұл Нұр- Астана мешіті.
-Тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, жылы қарым-қатынасқа, қамқоршылыққа, үлкендерді тыңдауға, жақсы оқуға.
-Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
-Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
-Сиса көйлек үстінде
Оқуменен табылған
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
-Онер-білім бәрі де
Оқуменен табылған .
Кел, балалар, Оқылық!
Сахналық көрініс көрсетеді.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Аппақ-қара,
Жылы –суық
Жақсы-жаман
Ескі-жаңа.
Өнерлі-өнерсіз
Білімді-білімсіз.
-Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға илікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
-Оқу –білім азығы,
Білім-ырыс қазығы.
-Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
-Ілім – бұлақ,
Білім-шырақ.
-Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
-Оқу-инемен құдық қазғандай.
|
Рефлексивті түзеуші
|
-Балалар, біз бүгін немен айналастық?
|
Балалар өз ой-пікірлерін ортаға салады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:-рухани тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, тәрбиелеу;
Түсінеді:- Астанадағы ең басты мешітпен танысады;
Қолданады:- Тапсырмаларды орындайды, суретпен жұмыс жасайды; мақал-мәтелдер, тақпақтар айтады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік елдің ұланымыз»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік туралы берілген тақпақтарын, өлеңдерін айту. Балалардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын дамыту. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін жандырту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу. Туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Тәуелсіздік, патриот, рәміздер.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
-Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
-Біз елімізді жақсы көреміз бе, олай болса елімізге, жерімізге тілек білдірейік.
|
-Қазақстан Республикасы.
-Елімізде тыныштық болсын!
-Еліміз бай болсын!
|
Ұйымдастырушы ізденісі
|
-Әнұран орындалады.
-Балалар, әнұран бізді отансүйгіштік сезімге бөлейді.
-Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің үш рәмізі бар, оны барлық адамдар құрметтейді. Олар: әнұран , Ту, Елтаңба.
-Қазақстан тәуелсіздігі туралы кім тақпақ айтады.
Дидактикалық ойын:
«Кім не біледі»?
1.Біздің Республикамыз қалай аталады?
2.Отан дегеніміз не?
3.Біз қай тілде сөйлейміз?
4.Отанымызды жақсы көреміз бе?
5.Біздің Елордамыз қай қала?
6.Біздің президентіміз кім?
7.Қазақстан рәміздерін ата.
8.Қазақстан рәміздері туралы өлең жолдарын айтып беріңдер.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім жылдам?»
|
-Тәуелсіздік ұранымыз,
Біз келешек ұланымыз.
Көкке ұшар әсем шарлар,
Біз қазақтың қыранымыз.
-Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар өскен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ауасы да ем.
-Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел тосқан,
Шырқатып ән салған күн.
-Мақтан қылам! Мақтанышын бұл сенің,
16-шы желтоқсан-Тәулсіздігі елімнің!
Ұрпағыңның әр бір атқан таңына,
Бейбітшілік, ашық аспан тілерім!
Балалар дидактикалық ойын ойнайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойнайды.
|
Рефлексивті түзеуші
|
-Желтоқсан айында қандай мереке болады?
-Біздің еліміз қандай ел?
|
-Тәуелсіздік мерекесі.
-Тәуелсіз, егеменді ел.
|
Достарыңызбен бөлісу: |