Түсінеді: -Еліміздің рәміздерін құрметтеу керек екенін;
Қолданады: -Рәміздерді біледі, сұрақтарға жауап береді, тақпақ айтады, ойын ойнайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Конгресс-Холл»
Мақсаты: Балаларға «Конгресс-Холлдың» қай кезде салынғанын, бұрын қалай аталғанын айтып, таныстыру. Астанадағы іс-шаралар, концерттер т.б. шаралар осы сарайда болатынын балаларға түсіндіру. Балалармен жаттаған тақпақтарын естеріне түсіріп, айту. Балалардың тілдік қорларын дамыту, қойылған сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау. Өз мәдениетімізді қастерлеуге, басқа ұлт мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Конгресс-Холл суреті, ұлттық аспаптар суреті, Ханша.
Заманүй концерттік зал, Астанадағы ең мәдениетті орталықтың бірі болып саналады. Бүкіл әлемдік стандартқа сай, ғимарат алты қабат, оның ішінде 158 бөлме және 1600 орындық концерт залы бар.
Ханша: Мен ойындар әлеміненмін, сендерге өз әлемімнен гүл алып келдім. Гүлдің жапырақтары жиналып, жабылып тұр. Бұл жапырақтарда сұрақтар жасырылған. Бастаймыз ба?
Ханша: Олай болса гүліміздің алғашқы жапырағын ашайық.
1-сұрақ: Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз және домбыра туралы айтыңыз.
2-сұрақ: Домбыра туралы тақпақ айтыңдар, жұмбақ жасырыңдар.
3-сұрақ: Аспаптар неше түрге бөлінеді?
Ойын: «Аспаптар үйшігін тап». 4-сұрақ: Аспаптар ұқсастығын ата.
5-сұрақ:Бейне материал. Берілген әуен арқылы әуеннің көңіл-күйін ажырату.
Ханша: -Міне балалар, қараңдаршы гүліміздің жапырақтары жайнай түсті. Сендер өте ақылды, өнерлі балалар екенсіңдер. Сендерге «Конгресс холл» ұнады ма?
Олай болса мен сендерге өз ризашылығым ретінде сендерге арналған өз сыйлықтарым бар.
Тәрбиешінің айтқан мәліметін тындайды.
Ханшаға қуанышты, оны тыңдайды.
-Бастаймыз.
-Домбыра, қобыз, сырнай саз сырнай, сылдырмақ, аса таяқ, дауылпаз, қыл қобыз. Домбыраның екі ішегі, екі құлағы, тиегі болады.Мойнында 19-дан 22-ге дейін пернелер байланады.
Тақпақ домбыра туралы.
-Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде,
Отта лаулап жанбай ма?
Жұмбақ? ----
-Ұрмалы: аса таяқ, сылдырмақ, дауылпаз.
-Үрмелі: саз сырнай, сыбызғы.
-Ішекті: домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, бас домбыра.
Балалардың орындықтарының арқасында қалташалар жасалған. Сол қалташаларда түрлі аспаптар болады. Ал залдың ортасында үлкен аспаптар топтамасы орналастырылған, , әр карточкаларды аспаптар қалташасына сай салу керек.
1.Домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, шертер, бас домбыра.
2.Дауылпаз, аса таяқ.
3.Саз сырнай, сыбызғы.
-Өте ұнады.
Ханша балаларға сыйлықтарын таратады.
Рефлексивті - түзеуші
-«Конгресс холл» сендерге ұнады ма?
-«Конгресс холл» біздерге не үшін керек?
-Ұнады.
-«Конгресс холда» концерттер өтеді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: -Астанадағы іс-шаралар, концерттер т.б. шаралар осы сарайда болатынын;
Түсінеді: -Ұлттық аспаптарды атау;
Қолданады: -Сұрақтарға жауап беру, ойынды шартымен ойнау;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік сарайы»
Мақсаты: Балаларға Астананың жана көркем жерімен таныстыру. Оны қандай мақсатта қолданады, ғимараттың ішкі құрылысымен танысу. Балалармен «Тәуелсіздік таңы атты» тақпағын бірге жаттау. Сөздік қорларын, тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
-Балалар, Астана қаласында әдемі ғимараттар өте көп, оның бірі-Тәуелсіздік сарайы.
Балалар ғимараттардың суретін көреді.
Ұйымдастырушы ізденіс
Тәуелсіздік сарайы туралы әңгімелеу. Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді.
Тәуелсіздік Сарайының құрылымы:
Конгресс зал;
Рәсімдеу залы;
Пресс-орталық;
Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы
Қазіргі заман галереясы;
Астана тарихы мұражайы;
4D кинотеатры ;
360 град. кинотеатры
Электронды кітапхана;
Макет залы;
-Біздің қаламыздың әдемі, әсем ғимараттарды салғызған кім?
-Балалар, қазір викториналық сайыс өткіземіз.
1-топ: «Тұлпар». Ұраны:
2-топ: «Қыран» Ұраны:
Енді әділқазыларымен танысамыз. Дұрыс жауаптарға 3-5 ұпай беріледі. Викторина сұрақтары аяқталғанда әділқазы алқасы ұпайларды санап, қай топтың жеңненін айтады.
Капитандар жарысы:
1-тапсырма: ҚР рәміздерін атап,сипаттап бер.
2-тапсырма:Ел басқарған қандай хандарды білесіңдер?
-Қандай билер бар?
3-тапсырма: Жерімізді қорғаған батырлар болған. Қандай батырларды білесіңдер?
-Батырлар туралы мақал-мәтелдер:
Жеүргізуші: Әділқазы алқасы ұпайларын беріңіздер.
Сергіту сәті: 4-тапсырма: Киіз үйдің сүйектерін атаңдар.(сурет бойынша).
5-тапсырма: қазақ ұлттық киімдерін атаңдар.
Әділқазы алқасы мадақтау қағаздарын береді.
«Тәуелсіздік сарайы»-суретін көреді.
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Балалар екі топқа бөлінеді.
-Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған біз тырысамыз!
-Қырандай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
1-топ капитаны: Біздің тобымыздың аты-«Тұлпар». Тұлпар-бітімі бөлек, ең жүйрік жылқы. Қазақ ғасырлар бойы жылқының жүйріктерін, мықтыларынсұрыптап, іріктеп тұлпар еткен. Оны негізінен батырлар мінген.
Мақал: Ер қанаты-тұлпар.
2-топ капитаны: Біздің тобымыздың аты-«Қыран». Қыран-жыртқыш құс.Өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. Қыран епті, алғыр құс. ҚР мемлекеттік туында белгіленген. Мақал: Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
-Ту, елтаңба, әнұран. Балалар рәміздерді сипаттайды.
-Абылай хан, Қасым хан,Хакназар хан, Тәуке хан, Есім хан, Абулхаир хан. (Сурет бойынша жұмыс көрсетеді).
(Екі топ өздерінің ұлттық киімдерінің суреттерін мұқият қарап, айтады).
Балалар қуанышты.
Рефлексивті - түзеуші
-Балалар бүгін немен айналыстық?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Елестетеді: -Астананың жана көркем жерімен таныстыру;
Түсінеді: -«Тәуелсіздік сарайында» әр түрлі жиындар болатынын;
Қолданады: -берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№21 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «К.Байсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры»
Мақсаты: Балаларға жалпы мәдени орталықтарымен таныстыра отырып, соның ішінде К.Байсейтова атындағы опера және балет театрымен таныстырып, түсінік беру. Өнер туралы мақал-мәтел жаттау. Балалармен әңгімелесу: қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, сөздік қорларын дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлеу үшін әңгіме құрастыруға дағдыландыру. Балаларды мәдениетті сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: театр, опера, балет, өнер.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар, біз бүгін К.Байсейтова атындағы ұлттық опера және балет театрына барамыз.
Балалар қуанышты.
Ұйымдастырушы ізденісі
Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Байсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. спектакльінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.
Енді ойын ойнайық: «Әуенді тап».
Жұмбақ шешу:
1.Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкіншек.
Басып қалсақ бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп.
2.Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.
3.Сексен бес тілі бар,
Әр тілдің өзіне тән үні бар.
Сергіту сәті:
Мақал-мәтелдер айту.
Суретпен жұмыс:
Мұқият тыңдайды.
-Домбыра
-Сыбызғы
-Сырнай
Балалар сергіту сәтін орындайды.
-Өнер алды-қызыл тіл.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Рефлексивті қозғаушы
К.Байсейтова кім?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Елестетеді: К.Байсейтова атындағы опера және балет театрымен таныстыру;
Түсінеді: Өнер туралы мақал-мәтел айтады;
Қолданады: жұмбақтар шешеді; сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№22 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Суретші-Мансуров М. А. сурет салу дизайнері»
Мақсаты: Балаларды суретші Мансуровтың өмір жолымен, атақты еңбектерімен таныстыру, сурет салу өнеріне қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту, шығармашылық ой-қиялын дамытып, дұрыс бейнелей білуге дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: Суретші, бояулар.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық ізденісі
-Балалар, қараңдаршы, сурет мұражайынан біздерге үлкен сыйлық келіпті, қалай ойлайсыңдар, ол қандай сыйлық екен?
Балалар сыйлықтың сыртынан ұстап көреді.
Ұйымдастырушы ізденісі
-Бұл сыйлық суретші Мансуров Мұрат Амангелдіұлынан екен.
Оның көптеген әйгілі жұмыстары бар: олар, сыйлық ретінде біздерге жіберген екен, Астанадағы ойын-сауық орталығы «Думан», «Қазақ елі» монументі, «Триумфалды арка», «Астана опера» театрының «Қобызшы» және «Арфашы қыз» т.б.
-Балалар, суретшінің
бірнеше тапсырмаларын орындауларымыз керек.
1-тапсырма:
1.Гүлдер, жемістер, ыдыстар бейнеленген сурет қалай аталады?
2.Табиғат, жыл мезгілдері, қоршаған ортаны бейнелейтін сурет қалай аталады?
3.Бір немесе екі адам бейнеленген сурет қалай аталады?
2.Тапсырма «Суретті аяқта».
3. Тапсырма. «Ермексазға әр түрлі дәнді дақылдармен сурет салу».
Сергіту сәті:
4.Тапсырма: «Сынарың тап».
Сұрақтар:
1.Суретші қандай болуы керек?
2.Сурет салу үшін қандай құралдар керек?
3.Суретші қандай сереттер сала алады?
Балалар суретшінің жұмыстарын тамашалайды.
Тапсырмаларды орындайды.
Балалар гүлдің күлтешесін саусақтарымен, шөптерді губкамен бояп шығады. Дөңгелектің бетіне түрлі түсті жағылған ермексазға салынған суреттерді дәнді дақылдармен толтырып шығады.
Сергіту сәтін орындайды.
-Орнымыздан тұрамыз,
Мойынымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып-жұмамыз.
Қағаз бетіне түстес түстің
жартысын жапсыру.
Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті түзеуші
-Суретші болғыларын келеді ме?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Суретші Мансуровтың атақты еңбектерімен таныстыру;
Қолданады: тапсырмаларды орындайды; сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Назарбаев Университеті-«мәңгілік елдің» маңдай алды оқу орны.
Мақсаты: Балаларға Астана қаласында жоғарғы оқу орындары көп екенін айта кететіп, соның ішінде халықаралақ жоғарғы оқу орны Н.Ә.Назарбаев атындағы жаңа университетімен таныстыру. Білім туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттау. Оқу не үшін керек? екенін балалардан сұрау. Бұл университет қазіргі заманға сай, заманауй құрылғырары бар, ғылыми орталықтары бар университет екенін айту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Білімді сүйюге, өз білімдерін ары қарай жетілдіруге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Университет, жоғары оқу орны.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
-Балалар, бізге бүгін Астана қаласындағы Назарбаев Университетінен хат келді.
Балалар таң қала қарайды.
Тәрбиешімен бірге хатты оқиды.
Ұйымдастырушы ізденісі
Хат оқылады. Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Назарбаев Университеті сендерді өскенде өздеріне оқуға шақырады.
Ал,балалар, сендер өскенде осы Университетке оқуға барасыңдар ма?
-Ендеше, мынау Назарбаев Университеті, осында оқу үшін өте жақсы оқу керек.
-Балалар, қандай мақал-мәтелдер білесіңдер білім, оқу туралы.
Компьютермен ойын: «Логикалық ойындар»
«Менің отбасым», «Қазақстан рәміздері мен аттарын қос».
-Балалар біз университетте оқу үшін не істеуіміз керек?
-Ал, балабақша, мектеп, университет, колледж не үшін керек бізге?
Балалар өз қызығушылықтарын арттырып, компьютермен ойынды ойнады.
-Мектепте жақсы оқуымыз керек, тәртіпті және тәрбиелі болуымыз керек.
-Біз білімді, саналы, өскенде жұмыс істеу үшін керек.
Достарым көп бақшада,
Көңіліміз бақшада.
Достықты біз сүйеміз,
Бірге күліп жүреміз.
«Біз мектепке барамыз» суретіне қарап балалар шағын әңгіме құрастырады.
Балалар шеңберге тұрып, ойынды шартына қарап ойнайды.
Рефлексивті түзеуші
-Балалар біз қайда болып келдік?
-Университетте кімдер оқиды?
-Ал, біздің Қостанайда Назарбаев атында не бар?
-Назарбаев Университетінде.
-Студенттер.
-Мектеп бар.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: -Жоғарғы оқу орны туралы білу;
Түсінеді: -Білімді болу керек екенін;
Қолданады: -компьютерден «Логикалық ойындарды» ойнайды, суретке қарап әңгіме құрастырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24 Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Қазақстан» спорт сарайы.
Мақсаты: Балаларға денсаулықтың маңызын айта отырып, денсаулық болу үшін не істеу керек? Деген сұраққа жауап беру. Осы мақсатпен Астана қаласында «Қазақстан» спорт сарайы салынған, балаларға таныстыру. Қазақстанның спорт шеберлерімен таныстыру. Денсаулық туралы мақал-мәтел жаттату.Балаларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір сүруге және зиянды әрекеттерден аулақ болуға үйрету. Спортшылырымызды құрметтеуге, мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: спорт сарайы.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
-Балалар, біз бүгін «Қазақстан» спорт сарайына барамыз.
Ұйымдастырушы ізденісі
-Балалар, кімдер спорт сарайға барады?
- Спорт сарайда немен айналысады?
-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Спорт туралы не айтасыңдар?
Ойын: «Допты себетке жина».
Ойын шарты: шашылып жатқан доптарды кезек жүгіріп барып себетке жинау.