Сабақтың түрі: сайыс сабағы. Сабақтың барысы: 1 оқушы шығып өлең оқиды. Әрі қатты, әрі тәтті өмірге



бет1/2
Дата08.01.2017
өлшемі0,81 Mb.
#6463
түріСабақ
  1   2
Тақырыбы: «Сегіз қырлы, бір сырлымыз».
Мақсаты:

1.Білімдік: оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру.

2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Туған жерді қадірлеуге баулу, қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, мерекелерді қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың барысы:

1 оқушы шығып өлең оқиды.



Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,

Келген жоқпыз кешке бекер еруге

Тиістіміз болашақтың алдында,

Тік түрегеп, тура жауап беруге

Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар. – деген сөздермен бүгінгі «Сегіз қырлы, бір сырлымыз» атты сайыс сабағымызды - алдымыздағы келе жатқан Наурыз мерекесіне, Жаңа жылға арнаймыз.


2. Сынып үш топқа бөлінеді.

1 – ші топ « Атамекен».

2 – ші топ «Жерұйық».

3 – ші топ «Достар».


3. Сайыстың шарты.

1. Уақытты үнемдеу.

2. Бір – біріне кедергі жасамау.

3. Ұйымшыл болу.



4. Қазылар алқасын анықтау (мұғалімдер).

5. Топтар орнынан тұрып.

1) Топ ұранын айтып.

2) Өздерін таныстырады.

«Атамекен» ұраны:

Айналайын, Атамекен,

Қойнауыңда жатады екен.

Жыр – толғауы бабалардың,

Сағынышпен саған жетем!

«Жерұйық» ұраны:

Жерұйығым туған өлкем,

Сені ғана сыйлап өтем.

Керегі жоқ басқа Отанның,

Сенің орның алабөтен!

«Достар» ұраны:

Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.
6. Топтарға сәттілік тілеп, ән шырқалады.

«Шақырады көктем».



1 – ші бөлім «Бәйге» әр топқа кезектесіп екі сұрақтан сұрақ қойылады.

«Атамекен» тобына қойылатын сұрақтар.



  1. Наурызда жасалатын ұлттық тағамды ата.

  2. Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

«Жерұйық» тобына қойылатын сұрақтар.

  1. «Наурыз көже» қандай тағамнан жасалады?

  2. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

«Достар» тобына берілетін сұрақтар.

  1. Наурыз күні адамдар бір – біріне қандай тілек айтады?

  2. Қазақтың қандай дәстүрлерін білесіңдер?

2 – ші бөлім. Өлең сайысы. « Отан» туралы жаттап келген өлеңді мәнерлеп оқу.

3 – ші бөлім. Сөз жұмбақ шешу. ( бір бала тұрып жұмбақты шешеді).

«Атамекен» тобына.

Тиіп кетсе жырлаған,

Дауысы көпке ұнаған. (жауабы не?)

«Достар» тобына

Бір кітаптың парағы,

Күнде азайып барады. (жауабы не?)

«Жерұйық» тобына:

Таудан биік,

Теңізден терең. (жауабы не?)



  1. Наурызға арналған ән шырқалады.

« Наурыз әні».

4 – ші бөлім. Мақал – мәтел сайысы, әр топқа тапсырма беріледі.

«Атамекен» Отан туралы

«Жерұйық» Білім туралы

«Достар» Достық туралы

Он мақал – мәтелден айтып берулері керек.

5 – ші бөлім. Үй тапсырмасы сайысы. Әр топ елімізде болған есте қаларлық мәліметтер туралы айтады.

1. «Атамекен» - Павлодар облысына 70 жыл толғаны туралы.

2. « Жерұйық» - Шәкен Айманов туралы

3. «Достар» - Астанаға - 10 жыл толғаны туралы әңгімелейді.



8. Сынып оқушылары түгел ортаға шығып «Жаңа жыл» әнін орындайды.

Сабақтың нәтижесі туралы мұғалімдер мен оқушылардан құрылған қазылар алқасы өз ойларын ортаға салады. Мұғалім сабаққа қатысқан оқушыларға, көрермендерге алғыс айтып, сабақтың аяқталғанын хабарлайды.



Сабақтың тақырыбы: «Биік сенің мәртебең, дархан елім!»

Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ассоциациялау

Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, слайдты альбом (интерактивтік тақтаны пайдалана отырып), тірек-сызбалар.

Сабақ барысы:

-Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Биік сенің мәртебең, дархан елім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қорғауға, қадірлеуге, сүюге тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді, - демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

- Оқушылар, «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар ойға келеді?





1-жүргізуші:

Қазақстан арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.

2-жүргізуші:

Аңсаған азаттықты ұлы халық,

Бостан күнге жеткенді белі талып.

Бет түзеп өркениет ауылына,

Арманның алаулайды шамын жағып.

1-жүргізуші:

Заңғар тау, шалқар жазық маң далалы,

Атырау, Алтай, Арқа таңданады.

Сексен көл Көкшетаудың бауырында,

Сылаңдап сәнге бөлер кең даланы.

2-жүргізуші:

Ауылым өткен жылдар белестері,

Бүгінде жерім жомарт, ел еңселі.

Тәу етіп тәуелсіздік ақ таңына,

Тілеймін биік шыңды белестерді.

- Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16- желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Еліміздің егемен екенін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.



Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.

Тәуелсіз елім, тау – елім,

Қойнауың жақұт бау елім.

Көк байрақ туым желбіреп,

Шаттықтықтың салам әуенін.

Күндердің аппақ сағымын,

Қайраққа қайта жаныдым.

Қырандай самғап қияға

Мұқалмас енді қарымым. (Батырхан)

Уақыттың ашып кезеңін,

Бақыттың кештім өзенін.

Ғасырдың жаңа бетінен,

Ғарыштың отын сеземін.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді Ту болмады дегенге. (Нұрбақыт)

Ту туралы Мейірбек баяндайды.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер Түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба. (Абылай Н.)

Сабақтың тақырыбы: Бақыт - алда тұрған арман, мақсат

Сабақтың мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. Бақытты бағалауға тәрбиелеу.

Міндеті: Өмірдегі жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Бақытқа жетелейтін адам бойындағы қасиетті қалыптастыру.

Типі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі : Адамгершілік құндылықтар мен түсініктерді үйрету технологиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, әуен, бейне көрініс.

Сабақ барысы:

І. Шаттық шеңбері

Қане, оқушылар ортаға шеңбер құрып, бір-бірімізді таныстырып, бүгінгі сабағымызға өз тілегімізді айтайық.



  • Жақсы, осы айтылған тілектеріңіз қабыл болсын деп, мен сіздерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Мен ( визуализация) - жаттығу

Қане, барлығымыз өзімізді біреудің, қызы, біреудің ұлы, оқушы, аға, әпке, бауыр, досы, құрбысы, т.б. рөлдерге қойып ойнайық. Қай рөлге қойғанда өзіңді бақытты сезінесіңдер?



  • Жақсы, міне көрдіңіздер біреу апасы, біреу анасының қызы, баласы, бауыры болғанда бақытты сезінеді. Ал енді осы бақыт сөзінің түсінігін анықтайық.

  • Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс бақытты әр адам өзінше, өз қалауынша қабылдайды.

  • Ал, осы бақыт сөзіне мағыналас сөздерді айтайық.

  • Жақсы, дегенмен, оқушылар өмірде жақсылық пен жамандық, ақ пен қара , түн мен күн барлығы қатар жүреді. Бақыт сөзіне қарама-қарсы қандай ұғымдар бар.

Оқушылар қалай ойлайсыңдар бақытты адамның артықшылығы?

Бақыт сонда бізге не сыйлайды.



  • Дұрыс, бақыт бізге қуаныш, достық, байлық, денсаулық т.б. сыйлады.

  • Бақыт сөзінің кемшілігі?

  • Дұрыс, адамдардың өз бақытын бағаламауда.

  • Кәне, оқушылар бір сәтке ойланып көрейік.

ІІІ. Тыныштық сәті.

Бақыт деген не өзі?

«Бақыт деген не өзі?» деп, бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең бақыттысың демес пе?»

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ирек, сонын өзі жақсы ат қой.»

Бірі айтады: «Бақыт деген – жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнау.»

Бірі айтады: «Бақыт деген – адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған ермек қой.»

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.

Бақыт, адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты.



  • Бақытқа жетелейтін не нәрсе ?

  • Міне, көрдіңіздер ме?

  • Бақыт - адам бойындағы баға жетпес сезім.

  • Бақыт - алда тұрған арман, мақсат.

ІV. Өзіммен - өзім сәті.

Ендеше армандайық. Оқушылар өздерің мен өздерің оңаша ойланып, «Армандар бағына» саяхат жасайық. Өз армандарыңызды бір бетке бейнелеңіздер. Міне, оқушылар біздің арманымыз осындай. Aл енді әлем балаларының арманын көрейік.



Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Мақсаты:

а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жоспар:

  1. Аталар сөзі – ақылдың көзі.

  2. Ата өсиеті.

  3. Баталы құл – арымас.

  4. Жарасып тұрдәстүрім.

1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!

2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

1 – жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

Жігіт:

Ата! Қол бастау қиын ба,



Жол бастау қиын ба,

Сөз бастау қиын ба?

Қарт:Е, балам!

Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса,

Жол бастау қиын емес,

Соныңнан ерген елің болса,

Бәрінен де сөз бастау қиын.

Тауып айтсаң, мереке қылады.

Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Қарт: Е,балам!

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт жау бастар.

Аға жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң,бүркіт жи.

Қыс тоныңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас – тозбас мүлк етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Бүкіл алаңға күлкі етер.

Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ

Ақыл – адамды аздырмайтын ем.

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшысы - ақыл.

Жетекшісі – талап.

Шолғыншысы – ой.

Жолдасы – кәсіп.

Қорғаны – сабыр.

Қорғаушысы – мінез болуы керек.

1 – жүр: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.

2 – жүр: Халық әні. «Еркем - ай»

1 – жүр: Әй, тәкапар, дүние!

Маған да бір қарашы!

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.

2 – жүргізуші:

Ізетіңді ине етіп

Иманыңды түйме етіп

Инабатты күйме етіп,



Тақырыбы: «Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен»

Мақсаты: Оқушыны халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде мұғаліммен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту.

Көрнекілігі: «Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық. »

«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»

Сайыс жоспары:


  1. Топтың өзін таныстыруы.

  2. «Ата дәстүрі- асыл қазына».

  3. «Тәтті ән мен әсем күй».

  4. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз».

  5. «Аталар айтқан асыл сөз».

  6. «Ас – адамның арқауы».

Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан құралған топтың құрамында: оқушы, анасы, сынып жетекшісі. Сайысқа қатысқан төрт топ:

  1. «Тұлпар» 7-сынып.

  2. «Қызғалдақ» 8-сынып.

  3. «Көкпар» 6-сынып.

  4. «Жеңіс» 5-сынып.

1-жүргізушінің кіріспе сөзі:

  • Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар. Сіздерді көктемнің лебімен ілесе келген 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт тілеймін!

«Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»- дей келе бүгінгі сайысқа келіп отырған аналарымызды ортаға шақырамыз.



  • Ұстазым- екінші анам, аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Таңертең күнде құшақ жаядыалдан – деп, жас ұстаздарды ортаға шақырамыз.



  • Шәкіртпін мен,

Ұлылардан жақсылықты теретін,

Ой маржанын көпке ұсынып беретін.

Барлығынан ардақтысы өмірдің,

Әлемдегі жақсылыққа еретін.- деп шәкірттерге кезек береміз. Олар: Сержан, Жадыра, Шынар, Әйгерім, Гүлсезім, Жайнагүл, Бақытбек, Анар, Жанар.

Әр топ өздерінің орындарына жайғасқаннан кейін, кезекпен әр топтың өзін таныстыруы.

ІІ. «Ата дәстүрі- асыл қазына» шарты бойынша әр топқа 10 сұрақ беріледі.Осы сұрақтың 1 мин. ішінде нешеуіне дұрыс жауап беріледі, сол есепке алынады.

ІІІ. Абай атамыздың сөзімен айтқанда

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен әсем күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»- кезекті өнер сайысына береміз. Әр топ өзінің кезегінде ән айтып, би билеп өздерінің өнерге икемділігін байқатты.

ІV. Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз (бұл шарт үй тапсырмасы ретінде берілді.). Өздерінің үйден дайындап келген қолөнері туралы айтып түсіндірді. Әсіресе «Жеңіс» тобынан келген апаларымыздың дайындап келген құрақ түрлері (тырна, ши құрақ), балалардың дайындаған қамшы өрімдері, қыз балалардың кесте тоқуы ұқыптылығымен көзге түсті.

V. «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінде мақал-мәтелден сайысқа түсті. Мақалдың басы айтылып, соңын өздері жалғастырды.

VІ. «Ас- адамның арқауы» бұл бөлімде ұлттық тағам түрлерінің біреуін, олардың жасалуын түсіндіріп өтті.

VІІ. Қорытынды. Сайыс шарттарына сай, жинаған ұпай санымен «Жеңіс» тобы алға шықты.

Жүргізуші: Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ даулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».

Хор: «Ана туралы жыр».


Каталог: uploads -> doc -> 05b9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05b9 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: І. Жансүгіровтің өмірі,"Күйші "
05b9 -> Тәрбие сағатының тақырыбы: спид – ХХІ ғасыр індеті. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет