Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
annotation110059

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


47 
ІI ЕЖЕЛГІ БОЛГАР СЛАЯНДАРЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТҮРКІЛЕРДІҢ РОЛІ 
 
2.1. Ежелгі түрік Дулолары және Ұлы Болгар 
славяндары
 
Кейінгі қазақ Дулаттарының түп атасы саналатын ежелгі 
Дулолар тарихи тағдыры болгарлар (былғарылар) және хазарлар 
деп аталатын тайпалардың өзара қарым
-
қатынастарымен тығыз 
байланысты. Бұл екі тайпа кезінде шамамен VІІ ғ. 30
-
жылдарына 
дейінгі аралықта Түрік қағанаты құрамына кірген еді. Бұлардың 
мекендері Каспий және Азов жағалауларындағы кең далалы 
аймақтар болған екен [1, 48]. Алайда Түрік қағанатының құлауы 
бұлардың тарихи тағдырына қатты ықпал етті. Мұнда қағанаттың 
құлауы
беделді екі рудың 
– 
Ашина (Ашына) мен Дулоның 
арасындағы билік үшін үздіксіз тайталас болып табылатыны 
тарихшыларға жақсы белгілі.
Ашинаның (Ашынаның) арғы тегі кезінде ежелгі үйсіндерге 
көрші өңірде көшіп
-
қонып жүрген тайпаларға алып барады. 439 
жылы 500 жанұядан ғана тұратын
ашиналықтардың Алтайдағы 
жужандарға қашып барып сонда темір өндірумен айналысқаны 
қытай
деректерінен белгілі.
Түрік атанған Ашынаның арғы тегі туралы қытай 
деректерінде мынадай аңыз бар: «Түріктер 
– 
ғұндардың өзге бір 
тармағынан. Әулет есімі 
– 
Ашына. Олар
өз алдына ұлыс құрды. 
Кейінірек оны көршілес мемлекеті талқандады да, халқын түгел 
қырды. Бірақ бір 10 жасар ер баланы жасақтар баласынып, 
өлтіруге
қимай аяқтарын кесіп шалғынды иен далаға апарып 
тастады. Бір қаншық қасқыр үнемі ет әкеліп беріп оны асырады. 
Ол бала ержеткен соң қасқырмен жақындасып оны буаз қылды. 
Бұл баланың тірі екенінен құлақтанған жау елінің ханы оны 
өлтіруге
тағы адам жіберді. Жіберген адамы баланың қасындағы 
қасқырды
көріп, баламен бірге оны да өлтірмекші болды. Қасқыр 
қашып
құтылып Гаучаң елінің солтүстігіндегі тауға келді. Тауда 


48 
бір үңгір болыпты, үңгір іші аумағы бірнеше жүз ли келетін төрт 
жағы таумен қоршалған шалғынды жазық екен. Қасқыр сол араға 
бой жасырып, 10 ұл тапты. Бұл оны ержеткен соң сырттан әйел 
алып бала сүйді. Әрқайсысының өз науғысы болды. Ашына 
– 
солардың бірінің науғысы. Олар өсіп
-
өрбіп бірнеше жүз отбасы 
болды. Бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден 
шығып нөнелерге бағынды. Алтынтаудың күнгейін мекен етіп, 
нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні
дулығаға 
келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. 
Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды. Былай деп 
те айтады: «Түріктердің арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі 
сақ (
) елінен шықты. Олардың ұлыс абасы Абам бек деп 
аталды. Олар 17 ағайынды еді. Оның бірі Іді Нышида еді, ол 
қасқырдан
туды. Бам бектер тумысынан өте ақымақ болды да, 
мемлекеттері жойылып кетті. Ал Нышиданың табиғаттың өзгеше 
құбылысын
сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел 
соқтыра алатын еді. Ол екі әйел алыпты. Оларды жаз бен қыс 
тәңірінің қыздары дейді екен. (Оның бірі) бір құрсақ көтеріп төрт 
ұл
тапты. Оның бірі аққуға (
) айналыпты; біреуі Абасу мен 
Кем өзендері арасынан Қырғұр деген мемлекет құрыпты; енді 
бірі Чатша судың бойынан мемлекет құрыпты; тағы бірі Жас 
чатшаш тауында мекендейді. Бұл 

оның үлкен ұлы еді. Бұл тауда 
Абам бектің ұрпақтары да болды. Ол жер өте суық әрі ылғалды 
жер екен. Үлкен ұлы от шығарып олардың бойын жылытып, 
асырап
-
бағып, олардың жанын сақтапты. Осылайша олар үлкен 
ұлды
өздерінің
билеушісі етіп сайлапты. Оған Түрік (
) деген 
атақ беріпті. Оның өз аты 
– 
Нағыд Түрік шад еді. Нағыд Түріктің 
10 әйелі болды. Балаларының барлығы шешелерінің әулетінің 
есімімен аталды. Ашына 
– 
оның кіші әйелінің баласы еді. Нағыд 
Түрік өлгеннен кейін 10 әйелдің балалары өздерінің ішінен 
біреуді таққа отырғызуды ұйғарды. Олар бір бәйтеректің түбіне 
жиналды. Олар: «қайсымыз осы бәйтерекке жоғары секірсек, сол 
таққа отырады» деп уәделесті. Ашынаның ұлы жасының 
кішілігіне қарамай бәрінен биік секірді. Сонан бауырлары оны 
Ақын шад деген лауазыммен қошаметтеп таққа отырғызды. Бұл 
аңыз айтылуы өзгешерек болғанымен, сайып келгенде 
(түріктердің) арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды» [2, 27
-
28 бб.]. 


49 
Жужандар үйсін аймағынан қашып келгендерді ту
-
кю 
(тюркюттер) деп атады. Алғаш жужандарға сүйеніп күшейіп 
алған түркіттер (тюркюттер) 545 жылы өздерінің көсемі 
Тумынды (Бумынды) қытайлықтардың мойындауына қол 
жеткізді және 50 мың үйден тұратын телестерді өздеріне 
бағындырды. Көшпелі тайпалар арасында әбден күшейіп алған 
Тумынның түркіттері яғни ашиналар 552 жылы жужандардың 
өздеріне
қарсы бас көтеріп, оларды қырып салды және Тумынды 
орталарынан ел
-
қаған етіп көтерді [3, 228 б.]. 555 жылы Орта 
Азияда үстемдік жасаған эфталиттерді, 558 жылдарға қарай 
Батыс Сібірге және Оңтүстік Оралда угрларды (огорларды) 
бағындырған түркіттер Еділ бойына үстемдік жасай бастады [4, 
105 б.]. Билік басында отырған қағандар бұл тұста нушиби 
тайпасының қолдауына сүйенген еді. Әсіресе Түн
-
шах (Түн 
жабғы) қаған өзінің саясатында нушибилерді жақтаушы ретінде 
аса белсенділік көрсетті.
Л.Гумилев осыған байланысты ахуалды төмендегіше 
баяндайды: «Айбарлы хан Түн
-
жабғы өмірбақи өзіне тәж
-
тақты 
алып берген нүшеби тайпаларының еркі мен әмірін бұлжытпай 
орындап отырады. Солардың мүддесін қорғаймын деп, ол
Қытаймен, Византиямен достасады да, шығыс түркіттер 
хандарымен таласып тартысады, Иранмен қанды соғысқа барып 
килігеді. Бірақ соғыс үшін әрқашан да, әр жерде де ақша мен 
адамдар керек. Адамдарды терістіктен, дулы тайпаларынан алуға 
тура келеді, бірақ дулылар бұл соғыстан өздері үшін не бір пайда, 
не белгілі бір мән
-
мағына көрмейді. Хандар әулетінің бұлардың 
бақталасы 
– 
нушибилерді көпе
-
көрнеу артық санап отырғаны 
дулыларды оларға адал тілеулес етпейді. Бірде қаражатқа 
зәруленіп қалған хан бұлардан айып ақшаны еселеп ала бастаған 
кезде, белдеріндегі семсердің патшалар мен әскербасылардың 
өкіметінен
де құдыретті екенін есіне алады. Түн
-
жабғы олардың 
наразылығына онша мән бермейді, бұл оның қайта жөнделмейтін 
қатесі
болады. Шығыс түркіттер олардан Бесбалықты тартып 
алуы мұң екен, қара Ертіс бойын жайлайтын қарлықтар 
көтеріліске шығады, олардың ізін ала Дулы одағының басқа 
тайпалары да бас көтереді. Олардың лақап атпен бетінен кетуге 
мәжбүр болады, олардың орнын дереу парсылар басып қалады.
Нушебилер қапелімде сасып қалады, бірақ олар берілуден, 
бағынудан аулақ болатын. Төңкеріс ішкі соғысты тудырады да, 


50 
ол Батыс түркіт қағанатының содан былайғы тарихын шүпілдете 
толтырады. Жаңа үкімет Түн
-
жабғыхан жаулап алған жердің 
бәрінен айрылады. Кавказдың арғы жағынан кейін Гибинь мен 
Тохарстан бөлінеді, ал Жоңғарияның теле тайпалары дүр 
көтеріліп, түркіттерге қарсы соғыс бастайды. Алайда Сібірхан 
үшін
бәрінен де ауыры 
– 
император Тайцзунның оны мейлінше 
жек көретіндігі болатын, ол Түн
-
жабғыханды ақ жуып, арулап 
қоюы
үшін аса қымбат ақтық жібереді. Былай қарағанда елеусіз 
көрінетін осынау факті 
– 
Азияның ең құдіретті мемлекетінің 
төңкеріске қарсы екенін білдіреді.
Осы бір жанжалдан тек болгарлар көсемі Кубрат қана пайда 
табады. Ол әдепкіде ағасы Сібірханды қолдап, түркіттер мен 
хазарлардан құтылады. Сосын қағанаттың орталығынан алыс 
жатқанын пайдаланып, ол дербес билеушіге айналады да, онсыз 
да ішкі соғыстан мұрындарына су жетпей жатқан түркіттер оны 
жайына қалдырады. 635 ж. шамасында Кубрат аварларды жеңіп, 
сонымен бір мезгілде Константинопольге елшілер жібереді. 
Ираклий оған тарту
-
таралғы жіберіп, патрикий атағын береді. 
Құтырғырлардың
аварларға қарсы көтерілісі оған Қара теңіз 
өңіріндегі
даланы сыйлайды. өйткені Феофанның шежіресінде ол 
«Болгария мен котрагтардың (яғни құтырғырлардың) билеушісі 
ретінде көрінеді» [5, 199
-
200 бб.].
Осы кезең, дәлірек айтар болсақ 630 жыл мен 657 жылдар 
аралығы Батыс түркіт мемлекетінің біржолата күйреу кезеңі 
болды. 657 жылы қытайлар батыс түркіттердің әскерлерін 
күйрете жеңіп, олардың барлық территориясын тартып алды. 
Осыны пайдаланған хазарлар өздерінің патшалығын 
ұйымдастырды. Сондай
-
ақ түркіттердің қоластынан Азов теңізі 
аймағындағы ғұндар
-
болгарлар босанып шықты. Осындайда 
Дуло династиясының өкілі гунногундұрдың көсемі Құбрат 
солтүстік Қаратеңіз бойынан аварларды қуып шығып, ол 
осындағы және Азов бойындағы болгарлардың басын қосып Ұлы 
Болгария деп аталатын мемлекетті құрды [4, 160 б.]. Бұл 
мемлекеттің астанасы 
– 
Фанагория қаласы болды. Зерттеушілер 
Құбраттың
күшеюіне оның шеше жағынан жақын
ағасы Орғана
-
Моқодудың көмегі болғанын атап көрсетіп келеді. Сондықтанда 
оның өмірбаянына қысқаша болса да тоқталуға тура келер. М.И. 
Артамоновтың зерттеуінше Моқоду батыс облыстарында ұлыс 
билеген, қытай деректерінде ол бір
-
ақ рет 624 жылы оның 


51 
тарапынан
Қытайға елшілер келгенде ғана аталады екен. Моқоду
-
хеу тегінде оның жанама аты болса керек. Бұл «қара батыр» деген 
мағынаны білдіреді екен. Оның өзінің шын аты Орғана тәрізді. 
Орғана 
– 
моқоду дулулардың және өзіне бағынышты 
болгарлардың көтерілістерін ұйымдастырған және қаннан
-
қаперсіз
жатқан көршілер 
– 
нушибилер мен хазарлардың быт
-
шытын шығарып, Жоңғар жеріне бас салып, онда ұлы ханды 
өлтіріп, ақырында қырғын соғыстардың бірінде өзі де 631 жылы 
қаза
тапқан. Шеше жағынан оған жиен іні болып келетін Құбрат
жоғарыда айтқанымыздай, Кубан өңірінде жаңа тәуелсіз 
мемлекет құрып осында Дулолар (Дулулар) династиясының 
билігіне бастау жасап берген. Бұл шын мәнінде болашақ болгар 
билеушілерінің династиясы еді. Тегінде Құбраттың әкесі түркіт 
қағандарының
Ашина руына жатпаған және түрік Дулуларының 
Моқодуды қолдаған рулық тармағынан шыққан. Соған қарағанда 
Құбраттың
шешесі Моқодудың қарындасы болса керек. 
Мұндайда мынадай мәселеге де мән берген жөн: түркіттерде ол 
тұста шеше жағынан туыс болып келетіндердің мұрагерлік құқы
бар еді [4, 161
-
162 бб.]. 
Зерттеушілер Құбраттың таққа отырған жылын 632 жыл десе 
тақтан түскен жылын нақты анықтай алмай, бұл шамамен 665 
жылға келер деп болжайды [6]. Гунногундур (кейбір деректерде 
оногур немесе оногондур) руынан шыққан Құбратты Византия 
тәрізді қуатты көршілері қалыптасқан дәстүр бойынша 
гундардың билеушісі ретінде таныды. Осындайда айта кетер тағы 
бір мәселе 
– 
«именник» атты ежелгі болгар хандары туралы 
деректе Авитохол деген атпен берілген әйгілі Аттила мен 
Ирниктің Дуло руына жататындары атап көрсетілгеніне М.И. 
Артамонов назар аударған еді [4, 162 б.]. Дегенмен де Аттиланың 
дуло руына жататыны туралы басқа деректерде мәлімет 
кездеспейтіндіктен мұны дәлелді пікір ретінде қабылдай 
алмаймыз.
Ежелгі деректерден Құбратқа байланысты мынадай мәліметті 
оқимыз: «Кубратъ, или Кробатъ, властитель Котраговъ и 
Булгаръ, умеръ въ Фанагоріи, у устьевъ реки Куфена (Кубани) и 
оставилъ пятерыхъ сыновей, разделившихъ между собою его 
владенія: старшій, Batbajas или Bajan, остался на родине; второй, 
Котрагъ, перешелъ Танаисъ; четвертый подчинился Аварскому 
хану въ Паноніи; пятый призналъ власть Римлянъ въ Равенне; 


52 
третій, Аспарухъ, перейдя реки Днепръ и Днестръ, добрался до 
реки Honclus, или Ogl, къ северу отъ Дуная. См Muralt, Chronogr. 
Byzantine, подъ 668 годомъ» [7].
Кейбір деректер Құбраттың 605 жылдары туғанын және жас 
кезінде Византия императоры сарайында тәрбиеленгенін, 12 
жасында осында шоқындырылғанын атап көрсетеді. 635 жылы ол 
ауқатты гректің қызы Евдокияға үйленген, Византия императоры 
Ираклийден патриций санын (дәрежесін) алған. 634
-641 
жылдары ол императормен достық келісімдер жасады.
Жоғарыдағы деректен көріп отырғанымыздай, Құбраттың бес 
баласы болған тәрізді. Алайда зерттеушілерге олардың үшеуінің 
ғана
есімдері белгілі. Атап айтар болсақ, үлкені 
– 
Батбай немесе 
Баян, екіншісі 
– 
Қотрағ, үшіншісі 
– 
Аспарух. Өзі дулулардың 
Ұлы
Болгарияны билеуші династиясын бастап берген 
Құбыраттың
баласы Батбайды кейінгі қазақ шежіресіндегі 
Дулаттан тарайтын Ботбаймен шатастыратындар бар: айта кеткен 
жөн, кейбір «зерттеушілердің» кәсіби тарихшылардың өздерінің 
«бастары қатып» отырған күрделі мәселені, осыған дейін жарық 
көрген іргелі зерттеулерді оқымай
-
ақ табанда, бір ғана бас 
қосуда, жеңіл
-
желпі әңгіме барысында шеше салуға 
талпыныстары байқалады.
Біз бұған әрине мән бермес едік, егерде ата тарих дөрекі 
бұрмаланбаса. Сөзімізге нақты мысал келтірелік. Көпшілікке 
кеңінен таралатын «қазақ батырлары» газеті 2006 жылы сәуірде 
«Ботбай 
– 
Дулаттың баласы» деген тақырыппен едәуір көлемді 
мақала жариялады.
«...Біздің
Ботбай бабамыз тарихтағы аты шулы Еділ (Атилла) 
атамызбен замандас болған кісі. Яғни, Ботбай 410 жылы және 
Еділ 400 жылдары туған. Еділ жоғарыда айтқанымыздай, өз 
ажалынан Тракияда 457 жылы қайтыс болған. Еуропалықтар ол 
кісіні Римде алған әйелі өлтірген деп жазады. Ол дұрыс емес. Ал, 
Ботбай бабамыз 475 жылы Сайрамда қайтыс болады. 
Ботбай бабамыз тек еуропа жорықтарына ғана емес, шығыста 
жүргізізген талай соғыстарға да қатынасқан. Сол соғыстарда 
жауын ойсырата жеңген белгілі қазақ батырларының бірі. 
Мұндай деректер қытай және еуропа архивтерінде жатыр. 
Оларды мұқият зерттеу келешек ұрпақтарында үлесіне тиеді. 
Аллаға шүкір, жерін, елін жаудан қорғай жүріп, артында жиырма 
алты арыс ел қалдырған батыр тұлға...» [8].


53 
Мұнда тарихи мерзімдердің шатастырылғанын былай 
қойғанда, Ботбай өзі де тарихи тұлға ретінде қисынсыз 
бұрмаланған. Дәлірек айтар болсақ, аталмыш мақалада ежелгі 
түркі Дулулары тұсындағы Құбыраттың баласы VІІ ғасырда өмір 
сүрген Батбаймен (Батбаянмен) кейінгі қазақ Дулаттың баласы, 
ХVІ ғасырда өмір сүрген Ботбай араларында тоғыз ғасырға жуық 
тарихи мерзім жатқанына қарамастан, бір тарихи тұлға ретінде 
қарастырылған. Оның үстіне VІІ ғасыр соңында өмір сүрген 
Батбайды өзінен екі ғасыр бұрын өмір сүрген Аттилламен 
(Еділмен) замандас етуге тырысу ешқандай дерекпен 
дәлелденбейтін өтірік! Мұндай мәселеде тарихи деректер мен 
мәліметтер бар бола тұрса да тарихи шындық өзінің арнасынан 
ауытқып кеткен. Өкінішке орай, осындай негізсіз пікірлерге 
кәсіби тарихшылар да тойтарыс берудің орнына «отқа май құя» 
түседі.
Нәтижесінде кейінгі ХVІ ғасырдағы Дулаттан тарайтын 
Ботбайды, түркі дәуіріндегі Дулулардың Құбыратынан тарайтын 
Батпаймен шатастырып отырмыз. Мұны «Түркістан» 
халықаралық энциклопедиясындағы мына деректерден көреміз: 
«Ботбай, Баибаян, Баян (т.
-
ө.ж.б.) 
– 
Ұлы Бұлғарияның билеушісі 
Құбыраттың
баласы, Аспарухтың інісі. Құбыраттың өлімінен 
кейін Б. Ұлы Бұлғария құрамындағы дулу (дулат) тайпасына 
билік еткен. Хазарлардың жаулап алуына байланысты Б. оларға 
тәуелді болған. Б. билік еткен дулу тайпасының біраз бөлігі кейін 
Дон өзенінің төм. ағысынан Шу 
– 
Талас өңіріне көшіп келген 
деген ғылыми пікір бар. Бұл пікірді жақтаушылар Ұлы жүз 
құрамындағы
дулат тайпасының ботбай руын Б. есімімен 
байланыстырады, сондай
-
ақ Аспара өз. Б
-
дың ағасы Аспарухтың 
есімімен аталған дейді» [9].
Мұнда көпе
-
көрнеу бүкіл қазаққа мәлім дәстүрлі шежіре 
деректері мүлде назарға алынбаған. Алғашқы түркі дәуіріндегі 
Ботбай немесе Батбаянның кейінгі қазақтың Ұлы жүзінен 
тарайтын дулат Ботбайымен байланысы жоқ екендігін басқалар 
білмесе де кәсіби тарихшылары білулері керек.
Рас, әдеби тұрғыда жазылған бір ғана шығармада, 
О.Байтанаев деген азамат былай деп жазған еді: «Можно 
предположить, что часть хазаров 
– 
дуло возвратилась на свою 
историческую родину в предгорья Северного Тяньшаня (южная 
полоса Южно
-
Казахстанской, Жамбылской и Алматинской 
областей). При этом в роде Дулат есть подрод Ботбай (вспомним 


54 
младшего сына болгарского хана Кубрата), а значительная часть 
дулатов в настоящее время проживает в Жамбылской области по 
реке Аспара (вспомним старшего сына Кубрата 

Аспаруха)»
[10, 
8 б.
]. 
Осы пікірін жазушы өзінің шығармасының тағы бір жерінде 
қайталап
айтып, төмендегіше нақтылай түседі: «Батбай 
покорился близким по языку и культуре хазарам. Остался в 
Приазовье. Но часть дулусцев вскоре вернулась на историческую 
родину в Чу
-
Таласское междуречье. И до наших дней сохранился 
топоним Аспара. Так называется река в Меркенском районе 
Жамбылской области в память о хане Аспарухе. А населяют эти 
места казахи небольшого рода Ботбай (Батбай) из славного 
племени Дулат. Поистине вечна память народа!» [10, 124 б.].
Жазушының қиялы Құбыраттан туған Батпайдың Шу
-
Талас 
бойына қайтадан келуін қатты қалайтынын байқау қиын емес. 
Алайда тарихи шындық нақты дәлелдер келтіруді қажет ететінін 
де түсінуіміз керек қой. Батбайдың
дулуларының Шу
-
Талас 
бойына қайтып оралғаны туралы ең болмаса археологиялық 
деректер де жоқ қой. Оның үстіне мынаны да ойланғанымыз жөн: 
Батбай тұрмақ оның әкесі Құбыраттың өзі де Қара теңіз бойында 
туып
-
өскен, жоғарыда айтып кеткеніміздей, жастық шағы 
Византия императорының сарайында өткен. Яғни оны Шу
-
Талас 
өңіріндегі
Дулулармен тікелей байланысты болды деп дәлелдеу 
қиын. Құбыраттың бабалары дулулар VІ ғасырдың ортасында 
Қара
теңіз бойына түркіттермен бірге келген дер болсақ, бұл 
Құбыраттың
ата
-
бабасының
өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді. 
Олай болса Құбырат Шу
-
Талас өңіріндегі өздерінің қандас 
бауырлары туралы әңгімелерді атасы мен әкесінен ғана естіп өсуі 
мүмкін. Осындай естеліктің нәтижесінде Құбыраттың бір 
баласына байырғы ата
-
баба қонысы Аспара өзенінің аты беріліп, 
Аспарұқ атты тұлға тарих сахнасына осылай шықса керек. 
Аспарұқтың да, оның бауыры Батбайдың да Шу
-
Талас өңіріндегі 
ата
-
баба мекенімен байланыстары болды деп айту аса қиын. 
Мұндай байланыстар болған болса, Аспарұхтың дулулары 
батысқа Дунай бойына кетпеулері, шығыстағы ата
-
мекенге ат 
басын бұруға әрекеттенулері керек еді. Түркі тілдес 
болгарлардың бір бөлігінің шығыстағы дулуларға емес, 
солтүстікке Еділ бойына жылжу себептері де түсініксіз.


55 
Ежелгі Феофан жылнамасындағы мәлімет бойынша Батбай 
Дуло династиясын негіздеуші жоғарыда әңгімеленген 
Құбыраттың
алғашқы, яғни үлкен ұлы болып табылады. Екінші 
ұлдың
аты Қотырақ (Котраг), ал үшінші ұлдың аты тарихқа әйгілі 
Аспарұқ (Аспарух) [11]. Сонымен қатар жоғарыдағы мәліметтер 
Құбыраттың
соңғы екі балаларының есімдерін атамайды. Бірлі
-
жарым деректер нгізінде зерттеушілер оның төртінші ұлының 
есімі Құбер (Кубер) болса керек,ол авар қағанына бағынып, 
өзінің
халқымен авар Паннониясында қалып қойыпты, кейінірек 
қазіргі
Македония аймағына жылжып, Византияға бағынышты 
болыпты деген болжамды айтып жүр [6]. Ал енді Құбыраттың 
кіші баласының есімін тарихшылар Алцек болар деп 
тұспалдайды. Оның бастауымен болгарлардың бір бөлігі 
Италияға келіп лангобардтар королі Гримуальдқа (662
-671) 
бағынса керек [12]. Алайда бұл
айтылғандар әлі де толық 
дәлелденбеген.
Осы мәселені шұқшия зерттеген М.И.Артамонов Құбыраттың 
соңғы үш ұлының өмірде болғанына күдікпен қарайды. Оның 
осыған байланысты дәлелдерінің негізсіз де еместігін айта кеткен 
жөн. Қалай десекте Құбыраттың Ботбай және Аспарұқ деген 
ұлдарының
болғаны анық тәрізді. Олардың алғашқысы байырғы 
ата
-
мекенде қалып қойса, ал екіншісі Дунайды кешіп өтіп, оның 
арғы бетіне қоныстанған. Болгар мемлекетінің негіздері болған 
бұл екі ұлды қолдаған гуннугундур және оногур тәрізді 
тайпалардың құтты қоныстары о баста
-
ақ Азовтың шығыс 
жағалаулары болған екен. Сондықтан да Дунайдағы Аспарұқтың 
болгарлары VІІІ ғасырда
-
ақ болгар
-
оноғұрлар деп Азовтың 
шығысындағы Оноғорияның атымен аталыпты [4, 167 б.].
Тағы бір айтарымыз, VІІ ғасырда түркілердің есімдері бай, 
бек деген жалғаулармен аяқталған жоқ. Мұндай адам аттары ХVІ 
ғасырдан
бастап қана қазақ қоғамында кездеседі. Ботбай есімі 
кейінгі Қазақ хандығы дәуіріне тән. Олай болса, VІІІ ғасырда 
Батбай атанған Батбаянды, кейінгі Дулаттың Ботбайымен
бір 
тарихи тұлға ретінде қарастыру бізді тарихи шындыққа алып 
бармайды.
Қазақ
зерттеушілері түркі дәуіріндегі дулулардың 
династиясын негіздеуші VІІ ғасырдағы Құбыраттан туған 
Ботбаймен кейінгі ХVІ ғасырдағы Дулаттан туған Ботбаймен 
шатастыратын болса, болгар тарихшысы В.Н. Златарский 


56 
Ботбайды Безмер дегенмен шатастырады [12, 112 б.]. Осыған 
байланысты М.И. Артамонов бұл мәселені зерттеп: «Бірақ 
мұндай ұқсастырушылыққа ешқандай да негіздер жоқ. Безмерді 
630 жылдан кейін аварлардан қол үзіп кеткен, бірақ кейінірек оны 
тағыда тәуелді етуге тырысқан аварлардан құтқаруға қажет 
болған Құбыратқа бағынышты болған құтырғұрлардың 
(кутричурлардың) көсемі ретінде таныған сенімдірек болар еді. 
Мұндай жағдайда бұл Құбыраттың баласы болып шықпайды 
және оның Дуло руына жататыны
-
жатпайтыны түсініксіз болып 
шығады» [4, 167 б.], 

деп жазды.
Қалай
десекте Дуло династиясын негіздеуші Құбыраттың 
Батбай (Батбаян) атты ұлының болғаны рас деуге болады. Ол 
аварларды билеуші ретінде тарихта қалды. Сонымен қатар оның 
Дуло династиясының
негізін қалаушы Құбыраттың мұрагері 
ретінде Ұлы Болгарияны (632
-
668 жж.) билегені және кейіннен 
аварларды басқарғаны белгілі. Аварлар 578 жылы
-
ақ 
Паннонияны иемденген болатын. Онан соң олар біртіндер 
жылжып VІІ ғасырдың басында Далмацияны жаулады. Өздерінің 
Баян атты ханының бастауымен олар славяндарды, болгарларды, 
гежедтерді және т.б. жаныштап, құл етті. Бұл байырғы Аттилла 
заманынан қалған ғұндардың тұқымдарының басын біріктіріп, 
хандықты қағанатқа айналдырған мемлекеттік бірлестік еді. 
Өзінің
екіжүз жылдық өмір сүру тарихында Баян қаған бастаған 
Авар қағанаты үлкен аймақта түркі тілін кеңінен таратты [1, 47
-
48 бб.]. Кейінірек осы аварларды билеген Батбай әкесі Құбырат 
өлген
соң (шамамен 642 жылы) Дуло руынан шыққандардың 
билігін жалғастырды. Алайда Құбыраттың қайтыс болуынан 
кейін бытырап кеткен болгарлардың ордасына хазарлар шабуыл 
жасап, оларды талқандады және жайылымдық жерлерін тартып 
алды. Осындай ауыр ахуалға байланысты хазарларға бағынғысы 
келмеген Аспарұқ өзінің ордасымен Дунайдың сол жақ 
жағалауын бойлай көшіп кетті [1, 48 б.]. Бұл шын мәнінде 
хазарларды басқарған түріктердің Ашина руы мен болгарларды 
билеген Дулу руының өзара тайталасының соңы еді. Мәселе шын 
мәнінде Дулу руының жеңілуімен аяқталды. Осыған байланысты 
қазақстандық
ғалым Б.Б.
Ермұханов
мынадай пікір айтады: 
«Образование Великой Булгарии под руководством Кубрата 
– 
представителя конфедерации тюркских племен дулу в 30
-
е годы 
VІІ к., а затем и хазарского каганата во главе с представителем 


57 
тюркской царской династии Ашина, поддерживаемого союзом 
племен нушиби, долгая и ожесточенная борьба между двумя 
наследниками Тюркской державы на западе, в конечном счете 
приводит к победе государства хазар, изгнанию непокорившей 
части булгар во главе с Аспарухом, одним из сыновей Кубрата. 
Вполне возможно, что подвластные тюркам племена и народы 
продолжали подчиняться законному наследнику тюркских 
каганов 
– 
кагану хазар. И в этом, пожалуй, одна из причин 
успехов и побед Хазарского каганата»
[13, 
140 б.
]. 
Ұлы
Болгарияға түріктің дулу тайпасының билігі туралы 
айтқанда бұл мемлекеттің этникалық құрамының күрделі 
болғанын ұмытуға болмайды. Феофанның және Никифордың 
деректеріне қарағанда ондағы негізгі тайпалар түркі тілдес 
болгарлар мен угро тілдес ежелгі мадьярлар болған. Солай бола 
тұрса да дулу тайпасының
түркі тілі мемлекетте үстем болған [14, 
65-
81 бб.].
Азов теңізінің шығыс жағына археологиялық зерттеу 
жұмыстарын жүргізген ғалымдар дулулар негіздеген Ұлы 
Болгария мемлекеті мұнда азғана уақыт өмір сүрсе керек деген 
қорытындыға
келді. Өйткені, көшпеліліктің алғашқы сатысында 
тұрған түркі тілдес болгарлардың бұл аймақтан бірде
-
бір қабірі 
табылмаған. Түріктер тіптен өздеріне бағынышты болған ежелгі 
қала
-
порты Фанагорияны да толық пайдалана қоймапты [14, 66 
б.]. Бұл қаладан археологтар VІІ ғасыр қабатын таба алмай әуре 
сарсаңға түсті. Тегінде Фанагория дулулар құрған Ұлы Болгария 
тарих сахнасынан кеткен соң, яғни VІІІ ғасырдан бастап қана 
белсенді түрде өркендей бастаса керек [1, 49 б.].
Ал енді түрік болгарларын Дунайға алып кеткен дулу 
тайпасының көрнекті өкілі Аспарұхқа келер болсақ, оның 
өмірбаяны
тарихымызға біршама белгілі. Белгілі тарихшымыз 
Б.Көмеков энциклопедиялық басылымда ол туралы төмендегідей 
мәлімет берген еді: «Аспарух, Исперих (643
-
701 ж.ш.) 
– 
Дунайдағы түркі бұлғарларының алғашқы қағаны, Балқандағы 
Бұлғария (қазіргі Болгария) мемлекетінің іргесін қалаушылардың 
бірі, 635 ж. Ұлы Бұлғария мемлекетінің билеушісі болған 
Құбырат
(Кубрат» ханның ұлы. 354 жылдан бергі деректерде 
көшпелі түрік тайпалары 
– 
бұлғарлардың Дунай бойына Кубань 
өңірінен
қоныс аударғаны туралы мәліметтер сақталған. Ол 
жерлер латынжазба деректері бойыша «Ұлы Бұлғария» деген 


58 
атпен белгілі. 6 ғасырда Кубань өңіріндегі бұлғарлардың 
тайпалық одағы Түрік қағандығына тәуелді еді. 7 ғасырдың 
алғашқы ширегінде ол Авар хандығына бағынды. Бұл кезде 
Бұлғар тайпалар одағындағы ең көрнектісі дулу (дуло, дулат, 
ғұлаттайпасы болды. Құбырат хан өз хандығының саяси ахуалын 
күшейтіп, авар қағанының билігін әлсіретті. Алайда Құбырат 
ханның өлімінен кейін хазарлар мен аландардың біріккен күші 
Бұлғар тайпалар одағының талқанын шығарды. Олардың 
Аспарухтың інісі Ботбаян (Баян
-
Ботбай) басқарған бір бөлігі 
хазарларға тәуелді болып Кубанда қалды. Бағынғысы келмеген 
бұлғар тайпаларының екінші бөлігі Итиль (Еділ) өз. бойымен 
солтүстікке қарай жылжып, кейіннен Еділ Бұлғариясының 
негізін құрады. Аспарух асқарған бұлғарлардың енді бір тобы 
батысқа 
– 
Византия империясының шекарасына қарай жылжыды. 
660 ж. ш. хазарлардан ығысқан Аспарухтың ордасы Оңтүстік 
Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға 
қарасты жерлерге өтті. Сөйтіп олар барған жерінде Дунай 
бұлғарлары атанды. Доруджа және онымен іргелес аймақтарға 
қоныстанған
олар деті славян тайпалары одағы мен басқа да 
жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 ж. Аспарух 
басқарған бұлғар мемлекетін (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет