Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
annotation110059

Құтырғар
 
 
hu duo ge
 
 
 
(бөліп көрсеткен 
– 
авт.) 
Тарихи деректер дулулар көсемі Аспарұқ құрған мемлекеттің 
айтарлықтай мықты болғанын көрсетеді. Археологтардың 
зерттеулеріне қарағанда, Аспарух хазарлар құрған торға 
аңдаусызда түсіп, өзін қорғаған жеке күзетімен және 
уәзірлерімен опат болған. Оның қабірі Днепрдің жағасындағы 
Вознесенск (Украина) маңынан табылған [20]. Оның мұрагері 
Тербел 700
-
721 жылдары Дунай Болгариясына билік жасады. 
Одан кейін Дуло династиясының билігін Көрмесі (Кормессий) 
(721-
738 жж.), онан соң Севар (738
-
753 жж.) жалғастырды.
Дулулардың біз білетін болгар жеріндегі билігі Севормен 
аяқталады. Осы кезден бастап дулулар бастаған түркі болгарлары 
славяндарға айналудың «даңғыл» жолына түсті. Кейінгі тарих 
оларды түрік емес, славян ретінде қабылдайтын болып алды. 
Дулулардың Солтүстік Қара теңіз және Дунай бойындағы тарихи 
тағдыры саны аз тайпа билікте болғанына қарамастан, көп санды 
өзі
билеген этностың ықпалына түсіп, біртіндеп тарих 
сахнасынан кететінін дәлелдеп берді. Бұл аталмыш өңірлердегі 


65 
дулуларға ғана емес, кейіннен қыпшақ даласына билік етуге 
келген монғолдарға да тән болды. Саны аз, Жошыдан тараған 
ұрпақ
қыпшақтар ортасында, монғолдық қасиеттерінен қол үзіп 
қалған
еді.
2.2 Ежелгі Еділ болгары және түркілер 
 
 
Еуразия кеңістігіндегі ежелгі славяндар мен түркітілдес 
халықтардың белсенді араласулары осында шығыстан бұрын хұн 
атанған ғұндардың қоныстануларына байланысты күрделі 
этноәлеуметтік өзгерістерге алып келді. Ғұндар алғаш Каспий 
теңізінің солтүстік жағалауына онан соң біртіндеп солтүстік 
кавказ аймақтарына қоныстана бастады. Бұл бұрынғы сармат
-
алан тайпалары мекендейтін аймақтар еді. Оларды бұрын 
массагеттер деп жалпылама атпен атайтын. ІҮ ғасырдың 90
-
шы 
жылдарынан бастап осы өңірде ғұндардың белсенді ықпалы 
айқын байқала бастады [
2
1, 324 с.]. Мұның өзі сармат
-
алан 
тайпаларын жапай түркіленуге алып келді. Біз еңбегіне сілтеме 
жасап отырған зерттеуші С.Боталов М.И.Артамонов пен Л.Б. 
Гмыряныңбұл кезеңдегі ғұндарды анагур(хайландур) тайпасы 
бастаған ғұн
-
болгар тайпалары құраған еді деген пікірін 
мақұлдайды [
2
2, 53 с.; 3, 304 с.]. Осы зертеушілердің соңғысы 
тіптен осы өзгерістерге байланысты жазба дәстүрінде «массах
-
ғұндар» деген жаңа этноатаудың пайда болғанын да атап 
көрсетеді. Зерттеушілердің ойынша, Ү ғасырдан бастап бұл 
аймақты болгар
-
бирсилдарға этникалық тұрғыдан жақын савир 
тайпалары жайлай бастады. Жоғарыда атап көрсеттік, 
савирларды немесе северлерді тарихшылардың біразы ғұн 
тайпаларына жатқызады. Алайда, олардың славяндық тамырлары 
туралы айтатындар да аз емес. Бұлар Ү
-
ҮІ ғғ. Оралдық савирлар 
деп аталып, Кавказдың солтүстігіне қарай орналасты. 
Болгарлардың қоныс аударып келуіне байланысты северлер 
Дунай бойына қоныс аударды. Дегенмен де олардың бір бөлігі 
Дунайдан өтпей қалып қойды. Ал енді, олардың біразының 
Грекияға өткендігі туалы деректер бар. Жалпы, северлер туралы 
зерттеушілердің кейбірі болгарлардың ықпалымен түріктенген 
және түріктер жаулаған кезеңде исламданған славян тайпалары 
деп жазады. Сонымен бірге оларды протоболгарларға бағынған 


66 
байырғы славяндар деп қарайтындар бар. Славян тайпаларын 
болгарлардың екі топқа бөліп жібергендері белгілі. Олардың бір 
бөлігі северлер деп аталса, екінші бөлігі жеті әулет деп аталған 
деген пікір бар. Северлер Аспарух Болгариясының жеріне 
шашырап кетсе де, өздерінің тәуелсізідігн сақтап, болгарларға 
алым
-
салық төлемей, ұзақ уақыт бойына өз княздарының билігін 
сақтап, тірлік жасаған деп жазатындар да бар. Болгар 
тарихшыларының арасында северлер тайпасы Дунайда 
болгарлар пайда болған кезде олармен одақтастық байланыстар 
орнатып, болгарлардың өзге славян тайпаларын бағындыруына 
және түбек ішінде славяндардың ыдырай орналасуына ықпал 
жасаған деп ойлайды [
2
3, 426 б.]. 
Осы савирлар (северлер) мен барсилдар мекендегендіктен де 
бұл жер Барсил елі немесе Болгар патшалығы деп аталатын 
болды. Аталған зерттеушілердің ойынша, Солтүстік Кавказды 
және терістік Каспий аймағын бұл тұста шын мәнінде жоғарыда 
айтылғандай, алан және болгар атымен әйгілі болған масаха
-
ғұндар, хайландұрлар, барсилдар, савирлар, беленжерлер, 
хазарлар тәрізді тайпалар мекендегендіктен бұл халықтарды 
ғұндар
деп атағаннан гөрі ғұн одағына кірген халықтар деп
атаған 
жөн сияқты [
2
1, 324 с.]. Шындығында да Жайық
-
Ембі аймағынан 
өздеріне
сарматтарды қосып алып, 380 жылдан бастап батысқа 
қоныс
аударған ғұн тайпалары аландар жерін көктеп өтіп, Қырым 
аймағын жаулады. Көшпелілердің бұл толқыны кейінірек Болгар 
және Хазар қағанаттарын құрып, болгар
-
хазар мәдени 
трансформациясының негізін салды. Ежелгі болгарлар және 
оларға көрші бұрынғы ғұндар бірлестігіне кірген тайпалар 
туралы алғашқы дерек қалдырғандардың бірі ҮІ ғасырда өмір 
сүрген остгот тарихшысы Иордан болып табылады. Ол өзінің 
«Геттердің шығу тегі мен іс
-
қимылдары» атты жазбасында бұл 
туралы «...Одан әрі, понт теңізінен бастап, біздің күнәміздің 
салдарынан тым бақытсыздық атын шығарған булгарлар 
мекендейтін аймақбасталады. Ал онда барлық күшті 
тайпалардың ішіндегі өсімтал ғұндар қақ жарылып, халықтарға 
зір шашып келеді. Өйткені біразы альциагирлер, басқалары 
савирлер аталса да қоныстары бөлек: альциагирлер сараң көпес, 
Азияның байлығына апаратын Херсон маңайында; жазда малдың 
жайымен жайылымды қуалап, шашырата қос тігіп, далада күн 
көреді; Қыста Понт теңізін жағалайды. Хунугурлар 


67 
кеміргіштердің терісін сатумен мәлім...» [
2
4, 300 б.]. Мұндағы 
Иордан айтып отырған болгарлар ол заманда Қара теңіздің 
солтүстік шығыс жағалауларын мекендеген еді. Ол болгарларға 
көршілер арасынан савирларды бөліп көрсетеді. ҮІІІ
-
ІХ 
ғасырлардағы
грек тарихшысы ежелгі болгарлар мен савир 
тайпасының арасындағы қарым
-
қатынастардың аса күрделі 
болғанына назар аударады. Одан ұғатынымыз, савирлер 
дегеніміз славяндардың жеті тайпасын біріктіретін северяндар 
деген атпен де белгілі болған тайпалар одағы туралы. 
Кезінде хазарлардың қысымына шыдас бермеген болгар 
тайпалары Ү
-
ҮІ ғасырларда амалсыздан екіге бөлініп, олардың 
Аспарух хан бастаға бөлігі Дунай бойына қарай ығыса көшсе, ал 
тағы бір Батбай (Батбаян) бастаған үлкен бөлігі Еділ бойымен 
жоғарылап жылжып, хазарлардың терістік жағына қоныс 
аударды.
Ал енді орыс славяндарымен көрші болса да өздерінің 
түркілік келбетін ұзақ уақыт сақтап қалған Еділ болгарларының 
тағдырына, этникалық ерекшеліктеріне
тоқталалық. Ибн 
Фадланның Еділ болгарларының терістігіндегі көршілері 
орыстар туралы пікірлерінде оларға жағымсыз сипаттаулар 
түрінде берілген. Кезінде орыс халқын ұлы халық ретінде 
көтермелеген кеңестік идеологиямұндай пікірді елден жасыруға 
тырысты. Кейбіреулерге халықты қорлау түрінде болып 
көрінетін, ал шындығына келсек орыстарды көзімен көрген 
адамның пікірі болып табылатын осы деректі академик 
И.Ю.Крачковскийдің аудармасы бойынша орыс тілінде бергенді 
жөн көрдік: «Русы 
– 
грязнейшие из творений Аллаха. Они 
неочищаются ни от кала, ни от урины, не омываются от половой 
нечистоты и не моют своих рук после еды. Они как блуждающие 
ослы. Они приплывают из своей страны и причаливают свои 
корабли на реке Итиль. Итиль же большая река и русы строят на 
ее берегу
большие дома из дерева. И собирается в одном таком 
доме десять или двадцать, когда больше, когда меньше. Там у 
каждого из них длинная скамья, на которой распологается он сам 
с девушками
-
красавицами для продажи. Бывает так, что кто
-
либо 
пожелает сочетаться
со своей девушкой, а товарищ его стоит и 
смотрит. А иногда это наблюдает целая группа зрителей. В это 
время входит заезжий купец чобы купить у кого
-
либо из них 
девушку и наталквается на руса, занимающегосы этим делом. Рус 


68 
же не оставляет ее, пока неудовлетворит своей потребности. Они 
каждый день непременно моют свои лица и головы самой грязной 
водой, какая только существует на свете, т.е. самой нечистой. А 
это поисходит следующим образом: утром одна из девушек 
приносить большую лохань с водой своему господину. Он же 
моет свои руки, и все свои волосы. Он моет их и вычесывает 
гребнем в лохань Потом он сморкается и плюет в нее, иными 
словами, делает все для того, чтобы она стала грязной. Когда же 
господин заканчивает мыться, девушка
-
прислужница несеть 
лохань к
сидящему рядом, и это совершает тот же, что делал его 
товарищ. И она не перестает подносить воду грязную воду от 
одного к другому, пока обнесет ею всех, кто находится в этом 
доме. И каждый из них сморкается, плюет и моет свое лицо и 
волосы в ней» 
[25, 40-
41 с.].
Көріп отырмыз, Х ғасырдағы орыстардың тазалық деңгейі 
мен өмір сүру мәдениеті айтарлықтай төмен болып, өздерінің 
көршілері түркітілдес болгарларға қарағанда әдепсіз де тұрпайы 
тұрмыс кешкендерін айқын аңғара аламыз. Жалпы «Русь» немесе 
«Рос» атаулары Византия жазушыларының еңбектерінде 
«скифтер» деген атаумен қатар қолданылады. Сонымен бірге 
мұндайда «Рос» терминінің жергілікті және төл атау болып 
табылатынын визаниятлықтар әрқашан ескерген. Солай бола 
тұрса да бұл атаудың шығуы мен этимологиясы әлі
де толық 
анықталмай отыр [
2
6, 114 б.]. 
Бұл бүгінде көшпелілер өмірін менсінбейтін және артта қалу 
ретінде қарастыратын кейбір еуроцентристік көзқарастағы 
зертеушілерді ойландыруы керек деп ойлаймыз. Ал енді 
жоғарыда айтылғандарды Ибн Фадланның субьективті де 
біржақты көзқарастары деп ойлайтындар бар болса, оларға оның 
бұрынғы орыстарға байланысты тағы да басқа жағымсыз 
пікірлері бар екендігін ескертер едік. Мысалы, Ибн Фадланның 
айтуынша орыстарда отбасы иесі қайтыс болған жағдайда 
онымен қоса сол жанұяға
жататын қыздар мен жесір әйелдердің 
бірінің жендеттікпен қалай қинап өлтірілетін қатал дәстүрі 
тәптіштеп баяндалады. Бұл бойынша өлген адаммен кімнің бірге 
өлгісі
келетіні ашық сұралады екен. Өз еркімен өлуге келіскен 
әйел
немесе қыз өзінің о дүниеде тірілетініне сеніп, ол жақта 
өзінің
бұрын қайтыс болған туыстарына жолығатынына иланып, 
осындай өлімге мойынсұнады екен.


69 
Мұндайда адамды қалай қинап өлтіретінін көзімен көрген 
Ибн Фадлан мұны тәптіштеп баяндайды. Ол бойынша, өлген 
адамның туыстары ер адамдар өліктің басына тігілген күркеге 
жақын жерге өздерніің күркелерін тігеді. Ал құрбан болатын қыз 
осы күркелерге біртіндеп кіріп, әрбір еркекпен жеке
-
жеке 
жыныстық қатынастар жасайды. Мұны ол өлген адамға деген 
махаббатының белгісі ретінде жасауы тиіс. Осыдан соң 
құрбандыққа
шалынатын қыз тағы басқа әртүрлі әдет
-
ғұрыптарды
бастан өткізген соң, өзенде тұрған, кемеде жатқан, 
басына күрке тігілгенөлген
адамның жанына әкелінеді. Осында 
оны өлтіруге тиісті жендет кемпір қызды күркеге зорлап кіргізеді. 
Қыздың
артынан өлгеннің туыстары болып есептелінетін алты 
еркек кіріп, өліктің тап қасында кезекпе
-
кезек құрбандық 
болатын қызбен жыныстық қатынас жасап шығады. Осыдан соң 
қызды
өлген адамның қасына жатқызады, және мойнына арқан 
орап, оның екі ұшын екі жақта тұрған еркектер ұстайды. 
Өлтіруші
жендет кемпір қолындағы үлкен де өткір қанжарымен 
қыздың
қабырғаларының арасына қайта
-
қайта аяусыз 
сұққылайды. Осы сәтте арқанның екі ұшын ұстап тұрған еркектер 
де қызды қылқындыра арқанды өздеріне қарай тартады. Оның 
өлер
алдындағы шыңғырған қорқынышты да жанкешті үнін 
басқа қыздар естіп, кейіннен олардың дамұндайға келіспей 
қоюлары
мүмкін екендіктерін ескеріп, күркені қоршап тұрған 
еркектер қолдарындағы таяқтарымен өздерінің қорғаныс 
қалқандарын
тарсылдата тоқпақтап шу көтереді. Осы шуда өліп 
бара жатқан байғұстың үні естілмей деқалады. Бәрі осылай 
жантүршігерліктей аяқталған соң өліктерді кемемен бірге өртеп 
жібереді [
25, 43-
45 с.]. Ежелгі орыстар өртелген адамның жаны 
жедел түрде о дүниедегі жаннатқа барып орналасады деп
ойлайды екен. 
Ибн Фадлан қатардағы орыстардың ғана емес, тіптен орыс 
патшасының өзінің де аса әдепсіз екендігін тәптіштеп жазып 
қалдырған. Орыс патшасы биік қамалда өмір сүреді. Онын 
жанында, отырған тағының айналасында 400 сенімді батыр 
жігіттері, яғни нөкерлері күні
-
түні бірге болады. Олардың ең 
берілгендері патша өлгенде онымен бірге өлтіріліп, бірге 
көміледі. Олардың әрқайсысының жанында қызмет жасайтын 
қыз
болады, және ол еркектің тамағын пісіріп, басын жуып, 
сусынын дайындап дегендей қызмет көрсетеді. Ал енді оның күңі 


70 
болып есептелетін екінші қыз оған жыныстық қызмет көрсетеді. 
Ол өзінің осы күңімен патшаның көзінше де жыныстық қатынас 
жасай береді. 
Мұның бәрі патшаның әртүрлі қымбат тастармен көмкерілген 
патша тағының айналасында болады.
Ал тақтың үлкендігі 
сондай, онда патшамен қатар оның күңі болып табылатын қырық 
қыз
бірге отырады. Кейде патша өзінің жыныстық құмарлығын 
серіктерінің көзінше
-
ақ, тақтың үстінде отырып, ашықтан 

ашық 
қандыра
алады. Және мұны ешкім ұят деп санамайды [
25, 4
5 с.]. 
Айта кеткен жөн, Ибн Фадлан мұсылмандық дәстүр
-
салтты әліде 
толық қабылдай қоймаған башқұрт түріктерінің де жағымсыз 
қасиеттерін
жасырмай 
баяндайды. 
Академик 
И.Ю.
Крачковскийдің аудармасы бойынша бұл былай баяндалады: 
«...Мы попали в страну башкир, которые относятся к тюркскому 
племени. Мы очень остерегались их, потому что это худшие из 
тюрок, самые грязные и более других склонные к убийствам. 
Встречает там человек человека в степи, отрубает ему голову и 
берет с собой, а тело оставляет... ...Каждый из них вырезает 
палочку величиной с фаллос (мужской половой член) и вешет на 
шею. Когда он отправляется в путешествие или встретит врага то 
целует палочку, поклоняется ей и говорит: «О господи, сделай 
мне то
-
то и то
-
то». Я сказал переводчику: Спорси
-
ка кого
-
нибудь, почему они так делают и какой в это вкладывают смысл? 
И почему своим господом сделали фаллос?
Башкир нам ответил:
Потому что я появился на свет благодаря этому и не знаю 
иного создателя, чем это» [
25
, 28 с.]. Мұндай, жаратушы туралы 
дөрекі де қате түсінік башқұрттарда жүйелі діни түсініктің, яғни 
дүние танымның қалыптаспауынан орын алды. Ибн Фадлан 
өзінің
жазбаларында башқұрттардың бірінің оларда он екі құдай 
бар екендігі туралы айтқанын атап көрсетеді. Олар жаздың 
құдайы, жаңбырдың құдайы, ағаштың құдайы, түннің құдайы деп 
кете береді. Сондықтан да олар жыландарға, және т.б. 
жәндіктерге табынады. 
Ибн Фадланды оқи отырып, тіптен Х ғасырда да орыстарда 
сауда
-
саттықта дирхем (ақша) қолданыста болмағанын көреміз. 
Бұл туралы ол былай деп
жазады: «Дирхемами (деньгами) у 
русов служат серая белка без шерсти, хвоста, передних изадних 
лапок и головы, а так же соболи. Если чего
-
либо в ней не хватает, 


71 
то шкурка становится бракованной монетой. С их помощью они 
совершают разные меновые сделки, и эти шкурки нельзя 
вывести, так как их отдают за товар. Весов они не имеют, 
существует лишь стандартные бруски металла» [
25
, 40 с.]. 
Ортағасырлық тайпалар мен халықтардың тұрмыс дәрежесінің 
деңгейі сауда
-
саттық мәдениетімен ерекшеленді дер болсақ, 
ортағасырлық орыс славяндарында бұл мәдениеттің аса төмен 
және тым қарапайымтүрде болғанын байқар едік. Ал шығыста 
бұдан үш ғасыр бұрын түргештер өздерінің қағандарының аттары 
жазылған ақшаларын соғып, сауда мәдениетін жолға қойып 
үлгерген
еді.
Еділ болгарлары өздерінен әлдеқайда қуатты 
оңтүстіктегі көршілері хазарларға бағынышты хал кешті. Ибн 
Фадланның айтуынша Болгарлардың патшасы өзінің қол 
астындағы әрбір үйден бір
-
бірден үкі терісін жинап оны салық 
ретінде хазар патшасына өткізіп отырады. Болгар патшасы өз 
елінде аса құдіретті. Оның айтқандарын қол астындағылардың 
орындамаулары мүмкін емес. Ол тәртіп болуы үшін қиянатпен 
және арсыздықпен әйел зорлайтындарды және ұрыларды аяусыз 
жазалайды. Жазалау былай орындалады:қылмыстының қол
-
яқтарын жнрге қағылған төрт қазыққа керіп байлайды да оның 
денесін кеңірдегінен бастап беліне дейін айбалтамен шауып 
турап тастайды [
2
5, 36 с.]. Болгарлардың патшасы көрші 
елдермен сауда
-
саттық қатынастарында да мол үлес алуды 
ұмытпайды. Мысалы, солтүстіктегі көршілері орыстардан 
кемемен құлдар әкелінетін болса, патша олардан әрбір оныншы 
құлды
өзіне иемденеді.Ал егер оңтүстіктегі көршілері 
хазарлардан сауда кемелері келер болса, ондағы тауарлардың 
оннан бір бөлігін патша өзіне алып алады [
2
5, 39 с.]. Исламды 
қабылдау
хазарлар мен оларға
бағынышты болгарларды дөрекі де 
тұрпайы ескі әдет
-
ғұрыптарданарылта бастады. 
Дегенменде ежелгі зерттеушілер исламнан бұрынғы кезеңде 
өмір
сүргендіктен біз әңгімелеп отырған аймақтағы халықтардың 
тұрпайы әдет
-
ғұрыптарының орын алу себептерін олардың 
сауда
-
саттық жасайтын елдерден, яғни отырықшы халықтардан 
аулақ өмір сүруімен түсіндіреді. Мысалы, Страбон өзінің атақты 
«География» деген еңбегінің 7
-
кітабынла осыған байланысты 
былай деп жазған еді: «Егер Гомер, біздегі әділетсіздіктердің 
көбінесе сауда
-
саттық туралы жасалатын келісімдерде 
кездесетінін ескере отырып, сауда жасаумен мүлде 


72 
айналыспайтын немесе капиталды қорландыру дегеннен 
ешқандай хабары жоқ адамдарды барып тұрған өте
-
мөте әділетті, 
әрі
ғажайып жандар деп атаса, онда тұрған таңқаларлық ешнәрсе 
жоқ. Сөйте тұра ол адамдар өздерінің семсерлерімен сусын 
ішетін тостағандарынан басқаның бәрін жалпыға ортақ бірдей 
пайдаланады, Платон іліміне сәйкес, тіпті әйелдері мен 
балаларын да ортақ санайды. Гомер мен Эсхил де толық келіседі. 
Ол: «Бие сүтінен жасалған ірімшікпен қоректенетін және ең 
жақсы заңдарды басшылыққа алып, қолдана білетін скфитер» 
туралы сөз етеді. Мұндай пікір эллиндерде осы уақытқа дейін 
сақталған. Шынында да біз оларды өте
-
мөте ақкөңіл, ашық
-
жарқын, қулық
-
сұмдық дегенді білмейтін, әрі
бізге қарағанда 
әлдеқайда
ұстамды және өздерінің жағдайын, қолдарының барын 
қанағат
тұтатын қасиеттері үшін құрметтейміз. Мынаны атап 
айтуымыз керек: біздің өмір сүру салтымыз халықтардың 
барлығының өмірінде дерлік өзгерістер жасады және мұны 
жақсы жағына
қарай емес, жаман жағына қарай жасады: сән
-
салтанатты асып
-
тасқан молшылықта өмір сүруді үйретті, ләззат 
алуға деген құштарлықты күшейтті және ол құштарлықтарын 
қанағаттандыру
үшін 
байлықты 
арттыру 
жолында 
адамгершілікке жатпайтын әрекеттер жасаудың көптеген 
амалдарын іздестіруге алып барып соқтырды. Адамгершілік 
мінез
-
құлықтың тап осындай өзгерісі едәуір дәрежеде 
варварлардың, атап айтқанда, номадтардың өмір салтына да енді. 
Номадтар теңізбен таныс болған соң, уақыт өте келе, бірден 
бұзылып шыға келді: теңіз
қарашыларына айналды, 
шетелдіктерді қырып
-
жойып, өлтіре бертін болды. Олар өзге де 
халықтармен қарым
-
қатынас жасаубарысында олардан сән
-
салтанатты, асып
-
тасқан байлақта оұруды және сауда
-
саттық 
жасауды үйренді. Ал мұның өзі, шамасы, олардың тағылық 
мінезін жұмсарта түсуге әсер еткен болуы керек. Алайда, мінез
-
құлықтың
бұзылуы, әлгінде ғана өзіміз айтып өткен ақкөңіл, 
ашық
-
жарқын қасиеттердің орнына, жексұрын зұлымдықты алып 
келді» [
27, 216-
217 бб.; 
28; 29; 30]. 
Яғни, Страбонның бұл жазбаларына қарасақ, көшпелі өмір 
сүрген жағымды қасиеттері мол түркі болгарлары тәрізді 
халықтар батыстағы отырықшы славян, грек тайпаларымен 
араласу барысында көптеген жағымсыз қасиеттерді қабылдаған 
болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай, мұсылмандықты 


73 
қабылдау
бұл халықтардың тағдырында және мінез
-
құлқында 
жақсы қасиеттердің арта түсуіне ықпал жасады дей аламыз. 
Құрамына
Ибн Фадлан кірген Бағдадтағы араб халифының 
елшілігі бұл елге болгарлардың патшасының өтініші бойынша 
келген еді. Мақсат 

осында исламды насихаттауға, мешіт салуға 
және болгар патшасын жаудан қорғайтын қамал тұрғызуға көмек 
көрсету еді. Еділ болгарларының өздері де исламды қабылдауға 
аса құлықты болды. Ибн Фадлан бұл мәселені төмендегіше 
баяндайды: «Бірде менің басшылығыммен Талут деп аталатын 
адам исламды
қабылдады., және мен оны Абдаллах деп атадым». 
Бұған жауап ретінде ол былай деді: 

Мен сенің мені өз атыңмен 
Мұхаммед деп атағаныңды қалаймын. Мен айтқанын жасадым. 
Осыдан соң исламды оның әйелі, анасы және балалары 
қабылдады, және олардың бәрін Мұхаммедтің отбасы деп атай 
бастады. Мен отбасының иесіне Құранның «Аллахқа 
сәлем»,және «Аллах жалғыз» деген сүрелерін үйреттім. Оның 
осыған байланысты қуанышының аса зор болғаны сондай, егер 
ол патша болған болса да бұлай қуанбас еді» [
2
9, 37 с.]. Сонымен 
қорытып
айтар болсақ, бір кездері Қара теңіздің солтүстік 
аймақтарын мекендеген, гундар бірлестігінен бастау алатын 
түркітілдес болгар тайпаларының қилы тағдыры әртүрлі этностар 
әлеуметтік
-
саяси жағдайларға байланысты славяндық ортаға тап 
болғанда күрделі этникалық өзгерістерге ұшырайтынын нақты 
дәлелдеп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет