Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б


Оғыздардың ортағасырлардағы Русь елімен әскери



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
annotation110059
3 урок
 
3.1 Оғыздардың ортағасырлардағы Русь елімен әскери
-
саяси қарым
-
қатынастарына қатысты мәселелер 
 
Оғыз мемлекетінің территориясы оңтүстікте Хорезммен, 
Мауераннахрмен және Хорасанмен шектесіп жатты. Батыс Түрік 
және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар 
арасында болған өзара күрес пен жаңа мемлекет Қарлұқ 
қағандығының
құрылуы Батыс Жетісу жерін мекендеген оғыз 
тайпаларын VІІІ ғасырда бұл өңірден батысқа көшуге 
мәжбүрледі. Оғыздар Еуразия даласының саяси, әскери 
тарихында маңызды да шешуші рөл атқарып, ерекше беделді 
мемлекеттердің қатарынан саналды, оғыздар үстемдігінің күшті 
болғандығы сол кездегі далалы аймақтың «Оғыздар даласы» 
аталуынан да көрініс тапты. ІХ ғасырдың басында қимақтармен 
және қарлұқтармен одақтасқан оғыздар қанғар
-
печенег 
бірлестігін жеңіп, Сырдарияның орта және төменгі ағысы алқабы 
мен Арал өңірін өздеріне қаратты. ІХ ғасырдың аяғында Арал 
өңірінің
солтүстігіндегі саяси үстемдікке ие болған оғыз 
көсемдері хазарлармен одақтасып, печенегтерге қайта соққы 
береді де, нәтижесінде Еділ мен Жайық өзенінің аралығын 
иеленеді.
Оғыздардың әлемдік тарих сахнасына шығып өзіндік орын 
алуы көптеген оқиғалармен тығыз байланысты. Ол өз кезегінде 
Саманидтер мен Буид мемлекеттерінің өмір сүруін тоқтатуымен, 
Газневидтер әулетінің құлауымен және Византия империясының 
да құлауымен сәйкес келеді. Бұл дәуірдің өзіне тән ерекше 
оқиғалары қатарына Селжұқ империясының құрылуы мен крест 
жорығының басталуыжатады, сондықтан да, оғыздардың тарихи 
тағдыры
Таяу Шығыс, Алдыңғы және Кіші Азияның көптеген 


76 
аумақтарымен тығыз байланысты. Оғыздар өз кезегінде көрші 
елдер тарихына этникалық, саяси және әлеуметтік тұрғысынан да 
ықпалын тигізді. Оғыз тайпаларының тарихи айшықты ізі Қара 
теңіз аймағында, Оңтүстік Орыс өңірінде, Балқан түбегінде 
сақталып қалды. Оның өзектілігі бір кездері орыс 
жылнамаларында торктер, византия жылнамаларында уздар, 
шығыс шығармаларында оғыздар деп аталған көшпелілердің бір 
бөлігінің 
славяндармен 
өзара 
саяси, 
этно
-
мәдени 
байланыстарыныңтарихи тамырының тереңдігімен түсіндіріледі. 
Қазақ
даласы мен орыс елі тарихының геосаяси жағдайы 
өзара
тығыз байланысты. Ата
-
бабаларымыздың екі мың жылдай 
Қиыр
Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үнді еліне 
дейінгі мемлекеттердің дамуында ерекше маңызды рөлге 
иеленіп, үлкен арақашықтықта орналаса отырып Еуразияның 
этникалық және мемлекеттік картинасын бір емес, бірнеше рет 
өзгерістерге
алып келген еді [1]. Түркі халықтарының Русьпен 
мәдени, саяси, экономикалық байланыстарының шарықтап 
тұрған шағы болғандықтан да ІХ
-
ХІІ ғғ. түркі
-
славян 
қатынастарын
зерттеудің маңыздылығы зор.
Түркі халықтары мен славяндардың қарым
-
қатынасы 
көптеген зерттеушілерді қызықтырған тақырып. Бұл мәселе 
төңірегінде Карамзин Н.М., Грушевский М.С., Аристов Н.Я., 
Расовский
Д.А., Устрялов Н.Г., Ключевский В.О. және т.б. осы 
сынды ғалымдар өз еңбектерінде тоқталып өткен болатын. 
Дегенмен де, көшпелілердің көрші халықтармен арасындағы 
қарым
-
қатынастарын, байланыстарын алып қарастырғанда 
олардың арасындағы соғыс, яғни сыртқы саясатта орын алған 
әскери
қақтығыстары ең бірінші еске түседі. Неге десек,бүгінгі 
таңға дейін тарихнамада орын алып келген көзқарас: көшпелілер 
мәдениетінің болмағандығы, олар тек жаулаушы, соғыс құмар, 
мәдениетті құртушы, жоюшы, экономикалық дамуды тежеуші 
ретінде ғана сипатталып келген болатын.
Көшпелілер өміріндегі табыс көзі ол жаулаушылықпен 
тікелей байланысты еді, ол көшпелілер өмірінің бір бөлшегі 
есептелді десек те болады. Себебі, көшпелілердің территориясын 
кеңейту, өз ықпалын қалыптастыру, әскерін азық
-
түлікпен 
қамтамасыз
ету және т.б. осы сынды сұраныстар мен 
қажеттіліктерді
қамтамасыз ететін жағдайлардан туындаған еді. 
Бұл жөнінде, яғни түркілердің славян халықтарымен арасындағы 


77 
байланыстардың бастапқы сатысында бейбіт күй кешпегендігін 
белгілі түркітанушы ғалым Л.Н. Гумилев те ескертеді [2]

Дегенмен де деректерде жиі ұшырасып отыратын екі ел арасында 
жорықтар, шайқастар тек түрік
-
славян қатынасында ғана орын 
алып қойған жоқ. Өз кезегінде славян халықтарының өзара 
күрестері, сондай
-
ақ көшпелілер
құрылымы ішіндегі соғыстар 
мен күрестер, өзара келіспеушіліктер орын алып отырды. 
ХІ ғасырдың екінші ширегінде оғыздар оңтүстік Ресей мен 
Иран жеріне қарай жылжи түседі. Орыс жылнамашылары оларды 
оңтүстік Ресей жерінде шамамен 1054 жылы келді деп көрсетеді 
[3, 59]. 
Киев Русьінің саяси және әскери жағдайында оғыздардың 
орны ерекше болды. Орыс жылнамаларында оғыздар торк деген 
атаумен және төмендегідей жылдарда кездеседі: 985, 1054, 1055, 
1060, 1080, 1093, 1095, 1097, 1098, 1105, 1116, 1121, 1125, 1126, 
1151, 1154, 1159, 1160, 1161, 1162, 1169, 1170, 1171, 1172, 1173, 
1190, 1235 [4]. 
Русь елінің саяси, әскери байланысқа түскен көшпелілерінің 
атаулары да келтіріледі: олар печенектер, берендейлер 
(оғыздардың баяндыр тайпасы), каепичи (оғыздардың кай оба 
тайпалары), ковуи (қайы тайпасы), боуты (оғыздың баят 
тайпасы), қарақалпақтар және т.б. [4]. Осылайша тайпаларды 
тізбелей келе Гундогдыев Оңтүстік Русьте ең ерекше орынды 
иеленген деп оғыздың баяндыр тайпасының орыстардың соғыс 
өнеріндегі
рөліне тоқталып кетеді:
"Русьтегі оғыз тайпаларының 
(баяндыр, кайы, баят) ішінен берендейлер (баяндыр) 
ерекшеленген еді. Олар өздерінің әскери өнерімен даңқын 
асқақтатты. Орыс княздері оларды ішкі және сыртқы жауларынан 
қорғануда
көмекке шақырды. Баяндырлар қыпшақтарға қарсы 
соғыста княздерге көп көмек берді. Мысалы, 1156 жылы Ұлы 
княз Георгии тұсында Днепрде баяндырлар қыпшақтарды қырып, 
олардың көбін тұтқынға түсірді" дейді [5, 106].
Сондай
-
ақ, ХІХ
-
ХХ ғасырлардағы зерттеулер ежелгіорыс 
мемлекетіндегі берендейлердің әлеуметтік статусын анықтауға 
мүмкіндік берді. И.Самчевский егерде орыс княздері 
қыпшақтармен
өзара 
жауласатын 
болса 
"одақтас
-
жалдамалылардың" рөліне көңіл бөлгендігін, ал қарақалпақтар 
"жалдамалыларға қарағанда тәуелді, бағынышты болғандығын" 
көрсетеді [6, 129]. Сондықтан да берендейлер Русьпен келісімді 


78 
қатынаста
болды, ал 1146 жылы қарақалпақтар деген атау алған 
олар торктар мен печенектердің тайпалық бірлестік қатарына 
кірді және Русьтің қарамағында болды. Орыс княздерінің өзара 
тартыстарында, киев княздерінің қыпшақтарға қарсы 
жорықтарында берендейлердің атты әскері пайдаланылды [6, 
130]. Жылнамалардың мәліметтеріне сүйенсек, Киев 
мемлекетіндегі берендей әскерлерінің сандары әртүрлі кездеседі: 
1000, 1500, 2100 кейде 30 000 әскер болған деп жазылған [7, 29]. 
Переяславск және Чернигов княздіктерінде орыс егінші 
тұрғындарымен аралас өмір сүрген және орыс княздеріне 
қызметтес
болған торктердің көшпелі ордасы қоныстанды. 1126 
жылы қыпшақтар Переяславск жеріне жорық жасағанда Баруч 
қаласында
орналасқан торктердің ордасын жаулап алу мақсатын 
көздеген еді. Шабуыл кезінде торктер орыстармен бірге осы 
қаланың
қабырғасына барып паналады, жасырынды [8, 187]. 
Солтүстік Қаратеңіздің далалық аймағы мал шаруашылығына 
айтарлықтай қолайлы еді. Сондықтанда Шығыс Еуропаға 
азиаттық көшпелілер қоныстанды. Әрине, бұл миграциялық 
қозғалыс жергілікті тұрғындар 

славяндармен қақтығысқа алып 
келді. Дегенменде көшпелі шаруашылық отырықшы 
егіншілермен байланыспай олардан тыс өмір сүре алмаушы еді. 
Себебі, тауар алмасу да өз кезегінде маңызды еді. Сондықтан да 
әскери қақтығыстар симбиоздың тұрақты өзгерместей мысалы 
ретінде көрініс беріп отырды. Печенектер Лебурндағы 
жеңілістен кейін Добруджда қоныстанып қалады да, 
Византияның одақтасы болады; ал торктер Днепрдің оң жақ 
жағалауына қоныстанып, киев князінің шекаралық күзетін 
атқарды; ал күшті де жауынгер халық қыпшақтар болса 
орыстармен алғашқы қақтығысынан кейін
-
ақ Черников 
княздігімен одақтасады. Жағдайды қай қырынан алып 
қарастырмасақ та көшпелілердің белгілі бір дәрежеде 
славяндарға ықпалының
болғандығын жоққа шығара алмаймыз. 
Ол туралы: "...Именно угол зрения, под которым рассматривали 
русскую историю летописцы, позволял им более или менее 
осознавать влияние угров и хазар на славянскую предысторию 
Руси; он же диктовал акцент на роль варягов и
основанной ими 
династии и отношениях с Византей" деп жазады В.А. Шорохов 
өзінің ҮІІІ
-
ІХ ғғ. Русь тарихындағы сыртқы факторларға арнаған 
еңбегінде [9, 9]. 


79 
Қырымға
дейін жетіп, Дунайды жайлаған көшпелі оғыздар 
туралы мәліметтер византиялық, араб, және батысеуропалық 
деректерде кездеседі. 1064 жылдың қыркүйек айында Дунайға 
жеткен оғыздар саны 600 мың адамды құрады [3, 71]. Олар 
деректерде әртүрлі аталынады, мысалы орыс деректерінде олар 
печенегтер деген атпен белгілі. Ал, осы печенегтердің әлемдік 
аренада пайда болуы тарихына арналған В.Г. Васильевскийдің 
"Византия и печенеги (1048
-
1094)" атты еңбегінде Византиямен 
арадағы жаугершілік кезеңіне сипаттама беріле отырып, оғыздар 
туралы, олардың өзге түркі тайпаларымен туыстас екендігіне 
назар бөлінеді. Сондай
-
ақ, орыс және византиялық 
зерттеушілердің қателігі түркі тайпаларының жақын туыстық 
байланыстарына көңіл бөлмейтіндігін сөз етеді: "Большая 
ошибка, особенно неуместная в византийской и русской истории, 
состоит в том, что обыкновенно опускают из виду близкую
родственную связь различных турецких племен, именуя одних 
Турками, а других, как бы в отличие, Тюрками. Между тем 
Печенеги и Узы или Половцы совершенно такие же Турки, как и 
Турки
-
Сельджуки" 
[10, 15].
1064 жылы төменгі Дунайдың оң жағалауына ығысқан 
торктер Византияға басып кіріп, Константинопольға дейін 
барады. Дегенмен де нәтижесінде Византияның әскери 
табыстары мен эпидемияның жайлауы оларды жеңіліске 
ұшыратады. Византия тарихшысы Аттилиат торктердің тірі 
қалған
бөлігі Византия қызметіне тартылып, Македонияға 
орналасса, ал олардың екінші бір бөлігі Дунайдың сол 
жағалауына қарай қайтады [11, 38]. Солтүстік Қаратеңіз 
жағалауында қалғандар және Византиядан қайтып келген торктер 
Русьтің оңтүстік княздіктеріндегі конфедераттарына орналасты, 
ал олардың бір қатары қыпшақтардың құрамына қосылып кетті. 
Орыс жылнамаларының айтуынша 1080 жылы князь 
Владимир Мономах Переяславл аумағында орналасқан торктерге 
қарсы
шабуылын тоқтатты, бұл осы оқиғаға дейін бірнеше уақыт 
осында өмір сүргендігін көрсетеді. 1093 жылы қыпшақтар Киев 
княздігіне шабуыл жасап, Торческ қаласын қоршауға алған кезде 
бұл қаланы осында тұрып жатқан торктер қорғаған еді. Ары 
қарай
жылнамаларда торктердің Руське қоныс аударуы мен 
конфедерат ретінде өмір сүруі туралы сөз етіледі. Сонымен 1103 
жылы орыс княздерінің қыпшақтарға қарсы жорықтағы 


80 
жеңісінен кейін қыпшақтардан өзге торктер мен печенектер 
отбасымен тұтқынға түсіп, Руське әкелінді. 1116 жылы 
жылнамаларда печенектер мен торктердің Руське тағы да кезекті 
қоныстануы
айтылады. Қыпшақтармен шайқасқа түскеннен 
кейін олар Владимир Мономахқа келеді, ал ол "оларды Ресейдің 
көптеген қалаларына орналастырды". Ипатьев жылнамасында 
мынадай ақпаратты кездестіреміз: 1117 жылы қыпшақтардың 
қысымынан
Белая Вежа на Дон қаласының (хазарлардың 
бұрынғы бекінісі 

Саркел) тұрғындары Русь жеріне қоныстанды. 
Осы қоныстанушылар Чернигов княздігіне Остер өзенінің 
жағасына бұрынғы атаумен Белая Вежа деп аталатын жаңа қала 
тұрғызып берді. Археологиялық деректерге сәйкес Белая Вежа 
гарнизонында печенектер мен торктер тұрған, беловеждіктер 
Руське кеткеннен кейінгі зираттары жоқ [12, 64].
Козлов С.А. "Византийцы и тюркоязычные кочевники 
Восточной Европы в конце ІХ 

начале ХІІІ века в византийской 
нарративной 
традиции" 
деп 
аталатын 
кандидаттық 
диссертациясында византиялық авторлардың империяға қызмет 
еткен христианданған (шоқынған) печенектердің тағдыры 
туралы мәліметтерін қарастырады. Константин ІХ Мономахтың 
печенектерді (нақтырақ айтсақ олардың бетке ұстар элиталарын) 
шоқындыру рәсімі империяның дәстүрлі әскери
-
діни 
доктринасымен байланысты болуы мүмкін деп түсіндіріледі. Бұл 
түсіндірменің византиялық әдебиеттердегі печенектердің 
шоқынуы рәсімімен өтетін әскери контекст: көшпелілердің 
Византия территориясына шабуылы, олардың жеңіліс табуы, 
христиан сенімін қабылдауы және болгар гарнизондарын қосып 
алуы, түрік
-
селжұқтарды қоса алғанда Империяның түрлі 
жауларына қарсы соғыстар. ХІ ғасырдың 80
-
жылдарына дейін 
византиялықтар көшпелілерді империяның әскери механизміне 
пайдалана алды [13, 18]. 
Константин Багрянородныйдың көрсеткен печенектің 8 
тайпасы Қаратеңіз маңы мен Дон, Дунай аралығындағы далалы 
аймақта көшіп
-
қонып жүрді. Константин Багрянородный 
печенектер 8 фем мен 40 округтен тұрды деп жазады. Фем дегені 
тайпалық құрылымға сәйкес келсе керек, ал округ 

тайпа 
құрамындағы
ру саналған болуы керек. Ол өзінің ұрпақтары мен 
мирасқорларына печенектердің күшін көрші жауларына қарсы 
қалай
дұрыс пайдалану керектігін кеңес етеді [14, 37
-38].


81 
Ортағасырлар кезеңінде печенектердің Русьпен, Византиямен 
арадағы болған қарым
-
қатынасы бір қалыпты дамымады. 
Аталмыш екі мемлекеттің арасындағы бәсекелестіктің пайда 
болуы олардың өзіне қай каолицияны, кімнің жағын таңдау 
шарттары анықталды. Русь өз кезегінде көшпелілерді өз жағында 
944 жылға дейін жақын ұстай алды. Осы уақытта княз Игорьдің 
Константинопольға жорығы орыс жылнамасында көрсетіледі. 
Дәл осы соғысқа печенектер де қатысқан еді. Сондай
-
ақ 
печенектер Х ғасырдың 60 жылдары Балқандағы орыс
-
византия 
арасындағы қақтығыстарға да қатысты. Көшпелілердің бұл 
одағының шығыс бағытындағы қызметі туралы мәліметтер аз 
кездеседі. Осы мәселеде тек екі ресми құжаттың мәліметтеріне 
сүйене аламыз. Оның бірі еврей
-
хазар жазбалары болса, екіншісі 
Ибн
-
Хаукалдың мәліметтері. Ибн
-
Хаукалда печенектер Хазар 
хандығының ежелден келе жатқан дұшпаны ретінде көрсетіледі. 
Аймақтағы саяси жағдай ХІ ғасырдың екінші онжылдығында 
печенектер үшін қолайлы болды. Ежелгіорыс мемлекетінің 
күшеюімен және торктер, қыпшақтар тәрізді жаңа көшпелілердің 
пайда болуымен печенектер халықаралық жағдайды қадағалауды 
жоғалтады. Дегенмен де көрші мемлекеттерге кейбір ықпалын 
жүргізіп қала береді. Олардың бір бөлігі Византия шекарасында 
көшіп
-
қонып жүріп, солтүстік провинцияларына шабуылдар 
ұйымдастырып
отырды. Печенектердің екінші бір бөлігі далаға 
қарай
жылжып көшпелілердің келесі толқыны торктерге барып 
қосылды
[15, 14-15].
Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерден өзге Русьпен 
печенектер арасындағы одақтастық қарым
-
қатынасы тарихы 
бойынша неғұрлым толық дерек мәліметтерін орыс 
жылнамаларынан ала аламыз. Бұл көшпелілердің Киев 
княздерімен арадағы байланыстары туралы мәліметтер белгілі 
әдеби
ескерткіш 

"Повесть Временных летте" көрініс тапқан. 
Онда 915 жылдан 1015 жылдар аралығына қатысты 15 хабарлама 
кездеседі [16, 321]. Киев князінің бұл кезеңдегі басты міндеті 
елдің оңтүстік шекарасын нығайту еді. Сондықтан да осы 
уақыттағы елді басқарып отырған Владимир ең алдымен даламен 
шекаралас бекіністердің құрылысына көңіл бөлді [17]. Тек екі 
жақтық соғыстар мен шайқастар ғана орын алды деп мәселені бір 
жақты қарауға да болмайды. 916 жылы печенектер Игорьмен 
келісім жасасты, ал 944 жылы олар орыстардың Грецияға 


82 
жорығында жалдамалы әскер міндетін атқарды [18, 69]. 
Шамамен 1008 жылы печенектер тыныштықты сақтау туралы 
келісімін орнатуға ұсыныс жасады. Бұл жағдайды неміс 
миссионері Бруно князь Владимирдің келісімнің кепілі ретінде 
көшпелілер еліне балаларының бірін жібереді деп көрсетеді [19, 
313-317].
Сондай
-
ақ, печенектермен арадағы келісімнің нәтижесі 
жөнінде Константин Багрянародный "Об управлении империей" 
аталатын еңбегінде печенектердің қаншалықты пайдалы 
екендігін былай деп жазады: "если посылать к ним чиновника с 
богатыми дарами и брать у них заложников, ответственных за 
сохранение мира, они не позволять ни руси, ни туркам
-
венграм, 
ни болгарам нападать на Византию"
[20, 212]. 1121/1122 
жылдары түркі тайпаларының бір тобын княз Владимир 
Мономах Ресей жерінен қуды. Орыс жылнамаларында бұл 
туралы былай делінеді: "6629 жылы Владимир орыс жерінен 
берендейлерді ығыстырды, ал торктар мен печенектерді өзінің 
жанында қалдырды"
[21].
Мұндай одақтастықтардың екі жаққа да белгілі бір дәрежеде 
пайдасы болғанымен де, олар оңтүстікорыс княздеріне көмектесе 
отырып, көшпелілер тарапынан зияны да болды дейтіндер де 
бар.Русьтің көшпелі халықтармен көрші болып, тұрғындарының 
араласуынан "Русьте не күшті княздік билік,
не аристократтық, 
не халықты басқару құрылмады" дейді олар. Сондай
-
ақ, 
көшпелілер, оның ішінде славяндармен араласқан және киев 
князінің әміршілерінің қоластында соғыстарға қатысқан торктер 
мен берендейлер де Ежелгі Русь өркениетінің дамуын тежеген 
деп есептелінді. Русь пен көшпелілер арасындағы қарым
-
қатынастар туралы жылнамаларға талдау жасай отырып В.Н. 
Татищев та осы көзқарасты ұстанады. Онда печенектер, торктар 
мен половецтер 

бәрі де Русьқа қауіп төндірген дұшпан ретінде 
көрсетіледі. А.Е. Пресняков та Киев Русінің көшпелілермен 
қарым
-
қатынасы мәселесін қарастырды. А.Е. Пресняковтың 
пікірінше мықты да күшті мемлекеттік шекараны құра 
алмауының себебі халықаралық жағдайдың қиындығы, ал бұл 
нәтижесінде Киев мемлекетінің ХІІ ғ. соңында феодалдық 
бөлінуіне, ыдырауына алып келді [22, 13]. 
Аталмыш түрік тайпаларының бірі берендейлердің кейінгі 
тағдыры туралы "Советская историческая энциклопедияда" 


83 
былай 
деп 
жазылған: 
"татар
-
монғолдардың 
Руське 
шапқыншылығына байланысты ХІІІ ғасырдың басында 
берендейлердің бір бөлігі Болгария мен Венгрия жеріне кетсе, 
қалған бөлігі Алтын Орданың халқымен араласып кетті" [23, 
347]. Осыдан кейін берендейлер жөніндегі жаңа мәліметтер орыс 
жазба деректерінде кездеспейді.
Қалай десек те жекелеген тарихшылар көшпелі халықтардың 
тарихын зерттеудің Ежелгі Русь тарихын түсінуге көп көмегін 
тигізетіндігін мойындайды. Орыс халқының көшпелілерге қарсы 
соғыстарымен байланысы бар сюжеттерді Н.М. Карамзин, Н.Г. 
Устрялов, М.П. Погодиндер де қарастырды. Орыс княздары 
көшпелілерді өзара талас
-
тартыстар мен сыртқы жаулармен 
соғыстарда көмекке шақыратындығын көрсете отырып, Русьтің 
бірден
-
бір басты жауы көшпелілер деп саналған [22, 10]. 
Дегенмен де орыстар мен көшпелілер арасындағы қарым
-
қатынастың мұндай жақтарын теріске шығаратын зерттеушілер 
де бар. Олардың қатарында В.А. Гордлевскийді атап өтуге 
болады. Ол қыпшақтардың орыс жеріне шабуылының кері 
ықпалы мен бұзушылық әрекетін теріске шығарады. Сондай
-
ақ 
көшпелілермен арадағы соғыстар мен шабуылдар ежелгі орыс 
ұлтының қалыптасу үдерісін жылдамдатқандығына баса мән 
беретіндер де бар. Ол екі халық арасындағы "достық" "тығыз" 
қарым
-
қатынасы жайында жазады. 
П.П. Толочко "Кочевые народы степей и Киевская Русь" атты 
еңбегінде "нақ осы көшпелілер шығыславян халықтарының 
этномәдени жүйесін еуропалық әлемнен алшақтата отырып 
айтарлықтай деңгейде өзгертті"деп, көшпелілердің ықпалын 
көрсетеді [24, 160]. Көшпелілердің Руське ықпалын автор 
"белгілі бір мәдени алмасулар" деп көрсетеді. Дегенмен де түркі 
этномәдениетінің элементтерінің ежелгіорыс этникалық және 
мәдени қауымдастығының дамуында айтарлықтай орны болды. 
Дегенмен де қай кезең болмасын, отырықшы елдер мен 
көшпелі елдер арасындағы байланыстың әрқашанда маңызды 
болып есептелінгенін жоққа шығара алмаймыз. Себебі, көрші 
орналасқан екі ел өзара достықта да, жауластықта да өмір сүрді. 
Көбіне
-
көп жалдамалы әскерилер мен әскери одақтастық 
сипатында орын алатынын ескерсек, славяндар өз жері мен елін 
қорғауда көшпелілер көмегіне жүгінгенін байқаймыз.


84 
П.В. Голубовскийдің 1884 жылы "Печенеги, торки и половцы 
до нашествия татар" деп аталатын монографиясында 
көшпелілердің рөлі тек сыртқы соғыстарға қатысумен ғана 
шектелетін болса, олар Русьтің ішкі оқиғаларының белсенді 
қатысушылары бола алмас еді де, көршілік қатынас оларға тек 
табыс әкелген болар еді дейді. Оның ойынша көшпелілер күшті 
мәдениет пен тұрақты дәстүр салттың өкілдері болған. 
Көшпелілердің шабуылы да Ежелгі русь мемлекетінің оңтүстік 
және солтүстік бөліктерінің біркелкі дамымауына себеп деп 
көрсетеді автор. Екінші жағынан көшпелілер бірде бір князды, 
екінші бірде екінші бір князді қолдауы да олардың нығаюына 
мүмкіндік бермеді [18]. Оның үстіне саяси жағдайда көшпелілер 
Киевтің славян тұрғындарымен терезесін тең ұстады. Олар князь 
тағайындауға да қатыса алды.
Бұл жерде біз түркілердің славяндармен әскери
-
саяси қарым
-
қатынастарын қарастыруда оғыздармен байланыстарын ашып 
көрсету мақсатында бірнеше мысалдарды алып көрсеттік. Себебі, 
түркілердің славяндармен саяси ықпалдасуы, өзара одақтық 
байланыстардың орнауы оғыздардың Дешті
-
оғыз деп аталған 
Ұлы Даладан батысқа қарай бет алып қоныс аударуы тарихымен 
тікелей 
байланысты. 
Oртағасырлардағы 
халықтардың 
халықаралық жағдайы, әлеуметтік
-
экономикалық және сауда, 
әскери
байланыстарын жан
-
жақты қарастыру, сол кезеңнің 
келбетін ашуға көп септігін тигізері хақ.
П.Голубовский алғашқылардың бірі болып қарақалпақтар 
дәстүрінің Оңтүстік Русь мәдениетіне ықпалын атап көрсеткен 
болатын. Бұл ықпалды ол әскери өнерде былай суреттейді: 
олардың 
тұтқиылдан 
және 
күтпеген 
жерден 
шабуылдайтындығына, қимылдарының ширақ, шабуылдау мен 
кері шегіну кезінде отрядтарының ұстатпайтындығына, соғысу 
тактикасындағы шеберлік ерекшелігіне тоқтала отырып, қашуға 
ескерту жасауға ешқандай да мүмкіндік болмайтындығын, тек 
олардың кері шегінетін жолдарын жабуға және тұтқындарын кері 
қайтаруға
тырысу ғана қалатындығын атап көрсетеді. Ол көбіне
-
көп мүмкін болмайтындығын да ескертеді П. Голубовский [18, 
150-151]. 
Бұл мәселе өз кезегінде Д.А. Расовскийдің «Печенеги, торки 
и берендеи на Руси и в Угрии» деп аталатын монографиясында 
да көрініс табады. Еңбекте
зерттеуші П.Голубовскийдің 


85 
көзқарастарын жалғастыра түседі десек қателеспейміз. Мысалы, 
қарақалпақтардың
Русь әскери істерінің дамуындағы үлесін 
былайша көрсетеді: «Для Руси Черные Клобуки были 
действительно незаменимы. Сами степняки, знавшие военное 
искусство своих противников, они, будучи кавалеристами, лишь 
одни были в состоянии догонять и ловить уходивших с 
награбленной
добычей Половцев, сами делать быстрые 
нападения на них, наконец быть прекрасными разведчиками” [
7, 
20]. 
Расовский Д.А. қарақалпақтардың
Русьтің әскери өнерімен 
бірге материалдық мәдениетіне де ықпалы айтарлықтай 
болғандығына кері уәж айта алмайды [7]. Бұл жерде 
қарақалпақтармен
бірге қыпшақтардың да әсері көрінеді. 
Дегенмен де, этномәдени байланыстары тұрғысынан келгенде 
Д.А. 
Расовский 
қыпшақтардың 
емес, 
көбіне
-
көп 
қарақалпақтардың
әсерінің мол болғандығына баса назар 
аударады: “Хотя главная масса Черных Клобуков жила на 
окраине Руси, в южной части Киевского княжества, тем не менее 
они были хорошо известны всей Руси. Лепшие мужи их жили в
самом Киеве; там же находились иногда при князей
отдельные 
берендейские отряды; во время междоусобных войн Черных 
Клобуков видели всюду, почти по всей тогдашней Руси 
проходили их полки. Можно предполагать,
что в первые годы их 
проникновения в Русь, в эпоху Святополка II и Владимира 
Мономаха, они наводнили собою княжеские дружины, может 
быть существовали самостоятельные тюркские отряды при 
князьях. Все это не могло не сыграть существенной роли
в деле 
передачи различных тюркских элементов на до
татарскую Русь; 
а в исходе XI начала XII вв., когда она была особенно насыщена 
этими элементами, благодаря массовому наплыву Торков и 
Печенегов, едва ли не создалось своеобразной моды на них”
[7, 
37]. 
Қарақалпақтар
жөніндегі маңызды деректердің бірі Киев 
жылнамасы болып табылады. Мұнда "қарақалпақтар" одағы 
туралы көптеген хабарламалар шоғырланған. Бұл жылнамада 
қарақалпақтар
1146 жылмен байланыстырылып көрсетіледі. 
Бірде
-
бір ежелгіорыс жылнамасы көшпелілер одақтары жайында 
дәл мұншалықты деңгейде жазылмаған. Бұл жағдайды Киев 
жылнамасының авторы оңтүстік тұрғыны, осы аумақтың саяси 
жағдайымен етене таныс болуы керек деген қорытынды 


86 
жасалынады. Ал қарақалпақтар болса Киев Русінің оңтүстік 
бөлігінде 
өмір 
сүрген 
еді.Киев 
жылнамасындағы 
хабарламалардан қарақалпақтардың ұлы киев княздігімен 
одақтасқан деген қорытынды жасауға болады. 
1169 жылы Киев Андрей Боголюбскийдің әскерімен алынып, 
тоналды. Бұл оқиғалар зерттеушілердің бірқатарында Киев 
Русьінің тарихындағы қалыпты емес кезеңдердің бірі ретінде 
қарастырылады. Осы кезден кейін Киев Русі жалпыорыс саяси 
орталығында өз рөлін жоғалта бастайды. 1203 жылы Киев тағы 
да Рюрик Ростиславовичтің әскерімен алынып, ая
y
сыз тоналады. 
Жоғарыда 
көрсетілген 
1169 
жылдан 
монғолдар 
жаулаушылығына дейінгі уақыт аралығында Киевтің көбіне
-
көп
басқарушылары ауысып отырды және басқарушылықта олардың 
айтарлықтай маңызы болмады. Осы аталған оқиғалардың бәрі де 
(яғни киев басшылығының жиі ауысуы және 1169 жылдан кейінгі 
әлсіреуі) қара қалпақтардың өзіндік өсуіне алып келді. Осыған 
дәлелдердің 
бірі 
жылнамаларда 
көрсетілгендей 
қарақалпақтардың
1187 және 1192 жылдары қыпшақтарға қарсы 
шығудан бас тартуы болса керек. Ал мұндай жағдай славяндар 
мен көшпелілер арасындағы жылнама бетінен орын алған 
алғашқы оқиғалардың бірі саналады [12, 90]. 
1118-
1146 жж.
аралығындағы мәліметтер қатарында 
көшпелілер 28 жыл орыс қызметінде болғанда 5 рет айтылады. "В 
лето 6621 (1121). Прогна Володимиръ берендичи изъ Руси, торци 
и печенези сами бежаша" [26]. Мұнда көшпелілер одақ құрушы 
ядро қатарында аталынады. Олар орыс қызметіне алынғандар еді. 
Бұл кезеңдегі мәліметтердің басым бөлігі Мономах пен оның 
ұлдарының
қызметімен байланысты көшпелілермен жасалынған 
одақтар туралы.
Ал, М.Грушевский қарақалпақтардың славяндармен 
қатынасы
соншалықты жақын болмағандығын алға тартады [
27, 
550]. 
О.Бубеноктың пікірінше оғыздар Х ғасырдың ортасында 
Солтүстік Кавказ жерінде болған. Оғыздар Кавказдың солтүстік
-
шығыс етегіне дейін жетіп, алан
-
бұлғар тұрғындарын 
ығыстырған еді. Е.Кругловтың пайымдауынша Х ғасырдың 
ортасына дейін оғыздар мен хазарлар печенегтерге қарсы одақ 
құрған. Хазарлар оғыздармен шекарада соғыс жүргізу үшін 
ешқандайда қорғаныс бекіністерін тұрғызбады және Еділдің оң 


87 
жақ жағалауына көшіп
-
қонуға мүмкіндік берді. Джуаншер 
Джуаншериани «печенегтердің» «түріктердің» қысымынан кері 
шегінгенін жазады. Мұндағы «печенегтер» деп отырғаны «оғыз
-
түріктер» еді. Оғыздар печенегтердің бір бөлігіне хазарлардың 
билігін мойындатуға ықпал етті. Печенегтердің бұл бөлігі «хазар 
печенегтері» деген атау алды. Саркелде оғыз
-
печенегтердің 
гарнизоны пайда болды. 
Русь билігін княз Святослав басқарып тұрғанда оғыздар 
хазарлармен жаулық саясат ұстанып, Русь жағында табылған еді. 
Ибн Хаукал орыстардың Бұлғар, Хазар, Еділ, Семендерді 
жаулағандығын хабарласа, ал Ибн Мисхавейх хазарлар исламды 
қабылдамастан
бұрын оларға түріктер шабуыл жасаған дейді. Ал
-
Мукаддаси хорезмдіктер азат еткеннен кейін, орыстардың 
Хазарияға шабуыл жасағанын еске салады. 
Қаңғар
-
печенегтер бірлестігіне қарсы ІХ
-
Х ғасырларда 
жүргізілген соғыс оқиғалары «Оғыз
-
наменің» сюжеттік желісіне 
негіз болған [28, 99].
Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русінің сол 
тұстағы билеушісі Святославпен арасында әскери одақ 
жасалынып, екі жаққа бірдей қатер төндіріп тұрған қуатты Хазар 
қағандығына
қарсы соғыс ашады. Оғыздар мен Киев Русінің 
арасындағы
мұндай әскери
-
саяси одақтың жасалынуы арадағы 
саяси, сондай
-
ақ сауда
-
экономикалық мүдделердің бір болуынан 
туындаған жәйт еді. Біріншіден, хазарлармен күресте одақ керек 
болған болса, екіншіден, жоғарыда айтып кеткендей, оғыздар мал 
шаруашылығымен айналысқандықтан, оғыз шонжарларына мал 
жаятын жайылым жерлерді қажет етіп, Дон, Қара теңіз 
маңындағы далаларға өте мұқтаж болды. Соңында хазарлар 
жеңіліске ұшырап, Каспий теңізінің солтүстік
-
шығыс жағалауын 
да жаулап алады. Арадан жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс 
княздарымен біріге отырып, Еділ мен Кама өзендері бойындағы 
бұлғарларды да тас
-
талқан етіп жеңіп шығады. Негізі оғыздарды 
Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен 
жалғастырып жатқан маңызы зор жолдар қызықтырды. Бұл сауда 
жолдары тек оғыздарды ғана емес, сол кездегі орыс мемлекетінде 
қызықтырған
еді. Осындай жолдарға алып баратын Хазария 
елінің жеңіліске ұшырауы орыс саудагер
-
көпестеріне Шығыс 
елдеріне шығуға мүмкіндік берді. 


88 
Орыс
-
кеңес тарихшылары князь Святославты мықты 
қолбасшы
ретінде қарастырады. Шындығында да Святослав 
өзімен
көршілес славян тайпаларының жерін бағындырып, қосып 
алу нәтижесінде Киев Русінің территориялық аумағын кеңейткен 
еді. Кеңестік тарихшылардың бірқатары Святославты Хазар 
қағанатының
билігін, үстемдігін жойған бірден
-
бір тұлға 
санайды. Дегенмен де бұл жерде баса мән берілетін жәйт, 
жоғарыда айтып өткеніміздей 965 жылы Хазар қағандығын 
печенектер мен оғыздардың атты әскерінің көмегін пайдалана 
отырып қана жеңіске жеткендігіне көбіне
-
көп мән берілмей 
жатады. Себебі, Святославтың қарамағындағы жауынгерлері 
жаяу әскерлерден құралған болатын. Хазарларға қарсы күресте 
жеңіске жеткен Святослав көмек көрсеткен печенектерге берген 
уәдесінде тұрмағандықтан да өлтіріледі. Және де түркілердің 
мықты салт атты әскерінің мүмкіндіктерін
князь Владимирге 
айтылған мына бір ауыз сөзден де аңғарамыз: "...аяқтарына 
саптама етік киген бұлғарлармен соғысып неміз бар еді, одан да 
аяқтарына шабата киген үйреншікті славяндарға шабуыл жасай 
бермедік па".
Міне, осы Хазар қағандығының оғыздар мен орыс княздерінің 
одағынан жеңіліске ұшырауы оғыз державасының саяси қуатын 
арттыра түсті. Орыс шежірелеріне сүйенсек, оғыздардың тек 
хазарларды емес, сонымен бірге орыс княздарымен біріге отырып 
Еділ бұлғарларын да жеңгендігіне куә боламыз. Онда 985 жылы 
князь Владимирдің торктармен (оғыздармен) одақтасып 
бұлғарларға жорыққа аттанғаны сөз болады. Орыс тарихшысы 
Н.М. Карамзин «бepeгoм шли кoнныe тopки, coюзники или 
нaeмники poccиян» деп жазады. Осылайша орыстар жеңіске 
жеткен еді.
Міне, бұл зор жеңістердің бәрі Оғыз мемлекетінің күш
-
қуатын, саяси беделін бұрынғыдан да арттыра түседі. 
Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы алуан түрлі аңыздар 
тарайды. Оғыздар жайындағы осындай аңыз
-
ертегілер желісіне 
құрылған
көркем шығарма
– 
«Оғыз
-
наме» болып табылады. 
Бұлғарлар
мен оғыздар арасындағы саяси байланыстардың 
белсенді түрде орын алғанын байқаймыз.Х ғасырдың басында екі 
ел арасында одақтық келісім жасалынып, ол оғыз сюбашысының 
туысқан қызына бұлғардың елтебері арасындағы некелік, 
туыстық байланыспен нығайтылады. Осыған қарап А.П. 


89 
Ковалевский де бұлғар басшыларының оғыздармен одақтасуын 
жоғары бағалаған деген қорытындыға келеді. Бұлғарлық 
дипломатия (оғыздармен арадағы) Еділ бойы бұлғарларының 
хазарлармен арадағы шайқасында ең сенімді одақтас екендігін 
дәлелдеп берді. Дегенмен де саяси жағдайлардан көріп 
отырғанымыздай кезіндегі одақтастар арасы алшақтап, ендігі 
кезекте оғыздар орыстар жағына шығып, бұлғарларға қарсы 
аттанады. Бұл жердегі көңіл бөлетін мәселе, ол оғыздардың 
болмаса басқа да көшпелілердің келісімді ұстанбауында емес, 
мәселе басшылардың ауысып, олардың бағыттарының өзгеше 
сарын алуында екендігін ескерген жөн. Келісім орнатқан 
әскербасшысы, ел басшысы саяси аренадан, биліктен кеткеннен 
кейін, оның орнын тағы басқа билеуші басады да оның ұстанған 
бағыты өзгеше болып, басқа елдермен арада байланыстың табыс 
әкелетіндігін
жөн көретін. Міне жоғарыда көріп отырған 
бұлғарлар мен оғыздардың арасындағы саяси жағдайды осындай 
мысалмен түсіндіруге болады [29, 148
-149].
Сондықтан да оғыздар 985 жылы Владимир Святославичтің 
еділ бойы бұлғарларына қарсы жорығына қатысады. "Пошел 
Владимир на болгар в ладьях с дядею своим Добрыней, а торков 
привел берегом на конях; и победил болгар" 
[30, 159]. 
Одақтастық тек бір жақты болып қойған жоқ. Сонымен бірге 
екі ел бірде
әскери одақтастық жасаса, бірде екі ел арасында да 
өзара
жауластық орын алып отырды. Оны Л.Гумилев өзінің 
"Древняя Русь и Великая Степь" аталатын еңбегінде былайша 
суреттейді: "1049 ж. Русьтің оңтүстік шекарасында Святославтың 
бұрынғы одақтастары, ал қазіргі дұшпаны саналатын ғұздардың 
не болмаса торктардың пайда болуы күтпеген жағдай еді. 
Торктармен соғыс 1060 жылға дейін созылды. Орыс княздерінің 
коалициясынан жеңіліс тауып, Дунайға қарай жылжыды. 1064 
жылы торктар Дунайдан өтіп, Фракияда бекінбекші болды. 
Алайда олардың қас дұшпаны 

печенектер торктердің қайтып 
келіп, Киев князінен баспана сұрауға мәжбүрледі. Русьтің 
оңтүстік шекарасы Днепрдің оң жақ жағалауына орныққан 
торктар орыс княздеріне адал одақ бола отырып өздерінің ізін ала 
келген үшінші бір көшпелі
этнос қыпшақтарға қарсы тұрды" [2, 
189-
190]. Алғашында қыпшақтар екі жаққа да ортақ жауы 
саналған торктарға қарсы (1055 ж.) Всеволод Ярославичпен одақ 
құрған
еді. Жеңіске жеткеннен кейін
-
ақ одақтас екі ел 


90 
жанжалдасып, 1061 жылы қыпшақ басшысы Искал Всеволодты 
жеңіліске ұшыратады [2, 193].
Еңбектерде Роман Мстиславичтың Киевті қорғауда торктерді 
өзіне
тартқандығы да сөз болады. Бұл жерде Роман Мстиславич 
торктердің жаужүректілігі мен жауына қарсы беттегендегі 
қайсарлығына
тәнті болған.
ХІ ғасырда Солтүстік
Қаратеңіз маңында пайда болған 
торктер печенектердің бір бөлігін бағындырып, бір бөлігін 
Дунайға қарай ығыстырған еді. Торктердің Русьпен алғашқы 
әскери
қақтығысы 1055 жылы орын алды. переяславл князі 
Всеволод Ярославович торктерге қарсы жорық ұйымдастырып, 
оларды Днепрдегі Сула өзенінің құяр ағысында талқандаған еді. 
1060 жылы Ярославичтің біріккен үш князі (киев князі Изяслав, 
Чернигов князі Святослав, переяславл князі Всеволод) мен 
қыпшақ
князі Всеслав Брячиславич тағы да торктерге қарсы 
шықты. Алайда жылнамаларда торктер орыс әскерінің күші 
туралы естіп қашып кеткен делінеді. Бұл кезеңде торктер 
қыпшақтармен
тығыз байланыста еді.
1060 жылы ежелгіорыс жылнамалары орыс князі мен торктар 
арасындағы Днепр бойындағы ірі шайқас туралы мәлімдейді. 
Қыпшақтар
бұл соғыста аталмайды. Орыс
-
торк соғыстарының 
тікелей себебі торктардың переяславл шекарасына шабуылы 
болды. Ол әрине, шығыстан Днепрге қарай жылжыған қыпшақ 
тайпаларының оңтүстік орыс жерінен торктерді ығыстыруымен 
байланысты болды. Бұл шабуылға жауап ретінде орыстың төрт 
қуатты
княздері: Изяслав Киевский, Святослав Чернигов, 
Всеволод Переяславский, Всеволод Полоцкий 1060 жылдың 
қысында
Днепрдің төменгі далалы аймағына қарай шайқасқа 
жылжыды. Шайқасқа шықпай торктер қашады. Олардың бір 
бөлігі тұтқынға
түсіп, Руське әкелінеді. Торктардың қалған 
екінші бір бөлігі "помроша бѣгаючи, божьимъ гнѣвомь гоними, 
ови от зимы, друзии же главдомь, ини же моромъ и судомь 
божьимъ. Тако богъ избави хревтьяны от поганыхъ" [30, 109]. 
Сонымен орыс
-
торк арасындағы 1060 жылы орын алған соғыс 
торктердің толықтай жеңілісімен аяқталады. Ал торктер осы 
соғыстан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырап, Днепр мен 
Дон аралығындағы далалы аймаққа бақылауды қолдарынан 
шығарып алады. Осыдан кейін ғана днепр даласы қыпшақтардың 
қолына
көшеді [31, 6]. 


91 
Қорыта
айтқанда, келтірілген жылнама деректері мен 
зерттеулерден көретініміз, алғашында Русь пен көшпелілер 
арасындағы тығыз қарым
-
қатынас екі жаққа да пайдалы болды, 
яғни сыртқы жауларынан қорғану мақсатында Русь елі 
көшпелілердің әскерін
пайдаланған. Және бұл екі жаққа да тиімді 
болған еді. Сонымен бірге қарастырылып отырған кезеңдегі 
түркі
-
славян байланысы, қарым
-
қатынасы бейбітшілік сипатта 
да, соғыс сипатында да жүзеге асты. Дегенмен келе
-
келе 
көшпелілер мен славяндардың өмір сүру, елді басқару 
ерекшеліктеріне сәйкес келісімдер мен одақтық байланыстардың 
үзіліп
қалған тұстары да болғандығын байқаймыз. Осылайша, 
түркі
-
славян қатынасының пайда болуы мен қалыптасуы Х
-
ХІІ 
ғғ. күрделі жағдайлар негізінде орын алды. ІХ
-
ХІІ ғғ. Еуразияның 
этникалық, 
саяси, 
сауда
-
экономикалық 
үдерістерінде 
көшпелілердің әлемдік аренаға кеңінен шығуымен сипатталады. 
Еуразия даласындағы славяндардың, түркілердің, оның 
ішінде оғыз тайпаларының да шынайы тарихи байланыстарының 
нәтижесі айтарлықтай бай әрі әртүрлі болып келген еді. Бұл 
әрекеттесу
өз кезегінде көшпелілер үшін өздерінің шаруашылық 
жағдайына байланысты жайылым жерлерін кеңейту, қысқы 
қоныстар
табу, оны ұстап тұру секілді экономикалық 
талаптардан 
туындаған 
еді. 
Славяндардың 
егіншілік 
экономикасы мен мал шаруашылығы, көшпелілердің 
әскерилендірілген
тайпалық ұйымдары бұл үдерісте бір
-
бірін 
толықтырып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет