Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
annotation110059
3 урок
 
3
.2 Еуразия даласындағы түркі және славян 
халықтарының өзара байланыстарының кейбір 
мәселелері (оғыздар тарихы мысалында)
 
VІІІ ғ. орта шені 

ІХ ғасырларда қарлұқтардың күшеюімен 
Жетісу жерінен Сыр бойына қарай ығысып, өз мемлекеттік 
үлгісін
алып келген, кейінгі Қазақ хандығының өмірге келуіне 
негіз болып қана қоймай, қазақ тәрізді бірнеше 

әзірбайжан, 
түрікмен, ғағауыз, Қырым татарлары, Енисей қырғыздары және 
т.б. түркі тілдес халықтарының этногенезінің қалыптасуында 
оғыздардың түркі халықтары тарихында алар орны бір төбе. 
Оғыздар мәселесі ортағасырлардағы араб, парсы, иран, түрік 


92 
тәрізді халықтардан шыққан саяхатшылар мен географ
-
ғалымдардың, лингвистердің қызығушылығын тудырып, 
деректік қор қалдырғанындай, кеңестік зерттеушілермен қатар 
шығыстанушы ғалымдардың да назарын өзіне аударып, А.Ю. 
Якубовский, Б.Н. Заходер, С.Г. Агаджанов, А.А. Росляков, Р.Н. 
Безертинов және т.б. осы сынды зерттеуші ғалымдар 
еңбектерінде оғыздар тайпасының пайда болуы төңірегінде 
көптеген мәселелер қарастырылды. Ортағасырлардағы түркі 
халықтарының тарихы әрқашанда тарих ғылымының ең қызықты 
да қиын, мәселесі шешімін таппаған бағыттарының бірі болып 
саналады. 
Еуразия даласында өмір сүруші мемлекеттер мен 
халықтардың қарым
-
қатынастары көп қырлы әрі байланыстары 
ортақ мақсат
-
мүдделерді көздейді. Олардың басым бөлігі 
түркілермен, Алтын Ордамен, Ресей империясы тұсы мен 
Кеңестік кезең, сондай
-
ақ қазіргі кезеңдегі оқиғалармен тікелей 
байланысты. Бұл этностар бір
-
бірімен ғасырлар бойы аралас өмір 
сүріп, бір
-
біріне мәдени де саяси ықпалдастықта жүріп, 
халықтардың мәдениеті мен менталитетінің дамуында өзара 
әсерлері
болды. 
Мәселені нақтылай түссек, славян халықтарының 
ортағасырлардағы
түркі халықтарымен байланысы көбіне
-
көп 
қыпшақтарға
қатысты болып келеді. Дегенмен де әлемнің түкпір
-
түкпірінде өмір сүріп жатқан түркілердің басым бөлігі 
қыпшақтарға
емес, керісінше түркі әлемінің оғыздар тармағына 
тәуелді екендігін ескерер болсақ, олардың өз кезегінде Ресеймен 
және славян этностарымен тарихи байланыстары маңызды болып 
есептелінеді. Оның үстіне қыпшақ тарихы ежелден, әсіресе 
ортағасырларда оғыз тарихымен тығыз байланыста болды. 
Дегенменде оғыздық құрамға кіретін халықтардың өзіндік 
географиялық орналасуы тарихи тағдыры да басқалай және 
мәдениеті де славяндарға және түрік
-
қыпшақтарға қарағанда 
өзгеше
.
Орта ғасырлардағы түркі халықтарының, оның ішінде 
оғыздардың орыс княздіктерімен байланысы жөніндегі жазба 
деректер көптеп кездеседі дей алмаймыз. Бірақ оғыз туралы 
мәліметтер 
жекеленген 
халықтар, 
мемлекеттер 
және 
т.б.тарихына қатысты мәліметтер қатарынан ұшырастыра 
аламыз. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде көрші екі 


93 
халықтың қоныстанған аумағынан табылған біз қарастырып 
отырған дәуірге жататын материалдарға салыстырмалы 
талдаулар жасай отырып зерттеу түркі
-
славян байланысының 
тарихын толықтыра түседі. Ол байланыстардың сипаты негізінен 
көшпелі түркі халықтарының Шығыс Еуропаның жергілікті 
cлавян халықтарымен мәдени, рухани, шаруашылық, кейде 
сауда
-
саттық негіздерде жүзеге асырылды және олардың мәдени 
құндылықтарында
ерекшелігімен қатар ұқсас, ортақ жақтары көп 
болды.
Түркі халықтарының тарихи мұраларынан бастау алатын 
қазіргі
мәдени құндылықтарымыздың қалыптасуы мен даму 
тарихын білуде түркілердің көрші халықтармен қарым
-
қатынасын
зерттеу өте маңызды. Өйткені, түркі тілдес халықтар 
көрші халықтармен, әсіресе славян халықтарымен кейде 
қарсылас, кейде одақтас мемлекет ретінде тығыз байланыстар 
жасап, екі халықмәдениеттерін жаңа өзгерістермен толықтырып 
отырған.
Мәдениет тарихындағы ең күрделі мәселе ол түркілердің 
көрші 
орналасқан 
халықтармен 
қарым
-
қатынасына 
негізделетіндігі зерттеушілер еңбектерінде атап көрсетілуде. 
Зерттеушілердің бірқатары, оның ішінде П.В. Голубовский [7] де 
бар, көшпелілерді славяндарға қарағанда жоғары мәдениеттің 
өкілдері
ретінде сипаттайды. Дегенмен де, кезінде бір жақты 
зерттеулердің саяси негізде орын алғандығы белгілі. 
Коммунистік идеология өрістеп тұрған кезеңдерде түркілердің 
славяндарға мәдени ықпалдастығы немесе көшпелілердің 
отырықшылардан жоғары мәдени жетістіктері жөнінде сөз 
қозғауға
мүмкіндіктер берілмейтін. Сондықтан бүгінгі 
зерттеушілер осындай жағдайларды ескере отырып, бұл бағытта 
археологиялық және жазба деректерді, лингвистикалық жағынан 
салыстырмалы талдауларды жүргізе отырып, жаңа теориялық, 
методологиялық тұрғыдан зерттеулер жүргізулері тиіс. Түркі 
халықтары деген кең ұғым. Сондықтанда біз зерттеуімізде түркі 
халықтарының бір тармағы саналатын оғыздардың славяндармен 
саяси, мәдени және этникалық байланыстарын жан
-
жақты 
қарастырамыз. Ертедегі ғұндар секілді ХІ ғ. қыпшақтардың 
оғыздар жеріне келуіне байланысты оларға төтеп бере алмаған 
оғыздардардың да «ұлы көші» басталды. Осы қоныс аудару 
көптеген этникалық және мәдени де саясижағдайларға себеп 


94 
болды. Яғни, осындай үдерістердің нәтижесінде оғыздардың 
славян халықтарымен тарихи, мәдени, этникалық біртұтастығы 
қалыптасты

Оғыздар әлемінің еуропалық христиандық мәдениетке 
ықпалы туралы сөз еткенде ХVІІІ ғасырға дейін Ресейден гөрі 
Оңтүстік
-
Шығыс және
Батыс Еуропа елдерінің әсері көбірек 
болды деп есептелінеді. Бұл ықпалдастық әсіресе батыс 
оғыздарының 

түріктер мен әзірбайжандардың мысалында, 
византиялықтармен, гректермен, Кавказ бен Кіші Азиядағы 
христиандармен, балқандық славяндармен және де Селжұқтар 
мен Осман империясы тұсында ішінара Батыс Еуропамен тарихи 
өзара
әрекеттесулерінде көбіне
-
көп көрініс тауып отырған.
Түріктер мен шығыс славяндарының арасындағы саяси және 
мәдени интеграцияны еуразиялық тұжырым аясында сөз еткенде 
көбіне
-
көп Ресей, Беларуссия, Қазақстан мен Қырғызстан және 
Шығыс Украинада өмір сүруші жергілікті түркілер мен славян 
халықтарының арғы тарихы есепке алынады. 
Орыстар мен түркілер мәдениетінің түркі
-
славяндық 
ықпалдастық сипаты Киев Русі, Алтын Орда, орыс княздіктерінің 
территорияларындағы орын алған түріктер мен орыс славяндары 
арасындағы өзара тарихи араласулар мен әрекеттесулері 
нәтижесінде қалыптасқан еді. Сондықтан да орыс халқының өзін 
де Еуразия даласындағы соңғы мыңжылдықтар аясында болып 
өткен
этномәдени интеграциялық
үдерістердің жемісі деп айтуға 
негіз бар 
[32]

Ортағасырлық байланысы берік орныққан славяндар мен 
түркілер арасындағы мәдени байланыстың көріністері олардың 
ауызекі сөйлеуінде де берік орныққан. Оның мысалы ретінде 
орыстарда кездесетін көптеген сөздерге талдау жасау арқылы көз 
жеткізуге болады. Мәселен, орыстың "внук" сөзі көптеген славян 
тілдерінде кездеседі: украин тілінде онýк, болгар тілінде внук
мнук, сербохорваттарда ýнук, словенск. vnúk, чех тілінде vnuk, 
поляк тілінде wnuk, ежелгі польяк тілінде wnęk. Бұл көрсетіліп 
отырған "внук" сөзін оғыздардың бір бұтағы болып саналатын 
түрікмендердің "ұсақ" деген мағынаны білдіретін "ownuk" 
сөзімен сәйкестендіруге болады [33, 46]. Алынып отырған 
"ownuk" 
сөзін 
ертеде 
түрікмен
-
оғыздар 
немеренің 
синонимдерінің
бірі ретінде қолдануы әбден мүмкін дейді. Ал 
бұл өз кезегінде түркілердің көптеген еуропалық халықтармен 


95 
тығыз байланысқа түсуі нәтижесінде осылайша славян 
тіліндеріне енген деп топшылауға болады дейтін зерттеушілер 
арасында пікір қалыптасқан. Бұл әрине бір ғана мысал. Мұндай 
ықпалдастықты славяндардың есімдерінен де байқауға болады. 
Орыстар 988 жылы христиан дінін қабылдаған деп жазылады 
құжаттарда. Дегенмен де Х ғасырдан кейінгі есімдердің өзінен де 
көбіне
-
көп түркілік түбірді байқаймыз: "Морозов так же
обратил 
внимание на этот факт... Все реально употребляющиеся в этих 
старых актах русские имена являлся с современной точки зрения 
прозвищами... Например: Булат, Темир, Кудияр, Хазарин, Торк, 
Мамай

[34, 426].
Бұл мысалдардан байқайтынымыз ортағасырлық орыс 
әлеуметтік
терминологиясы славян
-
түрік дәстүрінің синтезінің 
орын алуын көрсетіп отыр. Бұл жағдайда Русь сол әлеуметтік 
және этномәдени механизмнің мұрагері болып саналады. 
Сондай
-
ақ, Қырым жартыаралында Салғыр деп аталатын ең 
ұзын
өзен бар. Мұны да түрікмен
-
оғыздардың Salyr не болмаса 
Salgyr деп аталатын тайпасының атымен байланыстыруға 
болады. Бұл тайпа жайында белгілі Әбілғазы Баһадүрдің 
"Түрікмен шежіресінен" мынадай үзінді келтіруге болады: "... Біз 
Оғыз ханнан таралған ұрпақтарды аталық. Оларды бұрын айттық 
та, солай болса да ұлдарын, немерелерінің баршасын бір жерде 
айтуды жөн көрдік", 

дей келе Оғыздың алты ұлының есімдерін 
санамалай келіп, олардан тараған ұлдарының атауларын да 
келтіреді. Міне, сол жерде Оғыздың Тау есімді ұлынан 
таратылатын ұрпақтарының арасында "Тау ханның үлкен 
ұлының
аты 

Салор
, екінші 

Имир, үшінші 

Ала
-
Ионтлы, 
төртінші 

Үрегер" [35, 19] деген ақпаратты ұшырастырамыз. Ал 
бұл әйгілі Махмұд Қашқаридің "Түбі бір түркі тілі" деп аталатын 
еңбегінде "Салғур" деп көрсетіледі [
36, 18].
Түрікмендер арасында тараған Қорқыт әңгімесін 1942
-1943 
жж. жазып хатқа түсірген түрікмен әдебиеттанушысы, 
зерттеушісі Ата Рахманов болды. Ол солтүстік түрікмен өлкесін 
аралап, Чаудар тайпасының адамдарынан Қорқыт туралы 8 түрлі 
вариантын жазып алады. Бұл аталып отырған Чаудар тайпасы 
Қазақстан
территориясында өмір сүріп, кейіннен Түрікмен 
жеріне қарай қоныс аударған оғыздардың бір тайпасы. 
Түрікмендерде кездесетін "Салур
-
баба Құл
-
Али оғлы" тарихында 


96 
Қорқыт
туралы олар көптеп кездеседі. Бұны түрікмендер Қорқыт 
атаның бір тарауы деп түсіндіреді. 
Салор Қазан/ Қазан Салор (Салур) 

"Қорқыт" дастанының 
негізгі кейіпкерлерінің бірі екендігін жырдан жақсы білеміз [37]. 
Оның үстіне Қырым территориясын тарихтың түрлі 
кезеңдерінде ғұндардың, кейінірек оғыздардың жаулап 
алғандары белгілі. Бұл территорияға оғыздардың құрамында 
салур тайпасы да жеткен еді. Сондықтан да, Салгур өзенінің 
атауының түбірі түркі тілінен оның ішінде оғыздық шығу тегіне 
алып келетіндігі туралы ұстаным шындыққа сәйкес келеді. Тағы 
да
айта кетер жәйт, салыр түрікмендері Түрікменстанның 
бірнеше аудандарында өмір сүруде.
Сондай
-
ақ, Кемерово 

түрікменнің 
kömür - 
көмір сөзінен 
шыққан дейді. Ресейдің Кемеровск ауданы көмір кені өндірісінің 
ірі орталықтарының бірі екені белгілі, сондықтан да бұл сөздің 
түбірі түрікмендердің (түркілердің) сөзінен алынған болса керек. 
Екінші тағы бір мысал, kemer сөзі түркі тілдерінде 

белдік, 
жағалау, тау т.т. мағыналарды береді. Балтика 

түрікмен сөзі. 
"Палчык" не болмаса "балчик" 

жер, саз деген мағынаны
білдіреді. Г. Шуке былай деп жазады: "Учитывая значение глины 
в эпоху неолита, представляется наиболее вероятным появление 
названия Балтика именно из этой турецкой словоформы: "
baltik - 
balçik"" [38].
Көріп отырғанымыздай этномәдени синтез көшпелілер мен
отырықшы қауымдар арасындағы қалалық мәдениеттің, 
өркениеттің
қалыптасуында да өз көрінісін тауып отырған. 
Қалалар
экономикалық және мәдени құндылықтар орталығына 
айналды, этномәдени синтез 

жаңа этномәдени қауымның 
қалыптасуына
алып келді. 
Қыпшақтардың
қатты тегеурініне төтеп бере алмаған оғыздар 
ХІ ғасырдың орта шенінде Дешті Қыпшақтан батысқа қарай 
ығысса да, бәрі бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан жерінде 
қалған
оғыздар бірте
-
бірте қыпшақ, қарлұқ, қаңлы секілді 
түркітілдес тайпалармен араласып,
солардың этникалық 
құрамына
сіңісіп кеткені белгілі. 
Осы сияқты славяндар да кейде басқа халықтармен бірігіп, 
кейде жаңа этникалық топтарды қалыптастырып бөлінді, олар 
өзіндік
этникалық элементтерін жоғалтпай басқа тайпалардың 
мәдениеттерін қабылдаған кезеңі де болды [39, 20]. Оғыздардың 


97 
құрамы
біртекті болмады. Балқанға жылжу барысында олардың 
құрамына
өзге тайпалардан рулардың, немесе ру бөліктерінің 
қосылып
жатқандары да болды. Олар да бірыңғай түркі 
тайпалары емес еді. ХІ ғасырдың алғашқы ширегінде орыс 
шекарасына жақындаған оғыздардың өзге тайпалармен белсенді 
араласқандары соншалық, олардың оңтүстік орыс даласындағы 
мәдени ескерткіштерін зерттегенде археологтар қазбада 
кездескен мүрделердегі адамдар қалдықтарының қандай халыққа 
жататынын анықтауда көптеген қиындықтарға кездесіп отырады 
[40, 52]. 
Көрші халықтармен арадағы қарым
-
қатынас мәселесін 
қарастырғанда
этникалық байланыстар мәселесі де маңызды 
орын алатыны белгілі. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда 
оғыздар түркі халықтарының ата
-
бабаларының бірінен саналса 
да, олардың этникалық байланыстары түркі халықтарымен ғана 
шектелмей, славян халықтарының да этногенезінде ерекше орын 
алатыны байқалады.
Оғыз
-
түркілері ұрпақтарының ортағасырлық украин этносы 
мен олардың мәдениетін қалыптастыруға қатысу бірнеше 
ғасырлар
бойы талқыға түсіп, ғылыми баспа беттерінде 
жарияланып келе жатқан мәселелердің қатарында екені жасырын 
емес. Зерттеуші ғалымдар осындай мүмкіндіктердің болуы 
туралы айтса да, бір жағынан мұндай жорамалдардың болуына 
фактілер 
жеткіліксіз. 
Осыған 
қарамастан 
ғалымдар 
қарақалпақтардың
-
торктардың, печенегтер мен берендейлердің 
әсіресе
ежелгіорыс кезеңіндегі Орта Днепр бойындағы 
славяндардың этномәдени ерекшеліктеріне айтарлықтай ықпал 
еткендігін бірнеше рет баса көрсеткен еді. Қарақалпақтардың 
украин 
халқының 
этногенезіндегі 
қалдырған 
орнын 
қолдайтындардың
қатарында А.Я. Ефименко, Н.И. Костомаров 
тәрізді зерттеушілер бар. Орыс ғалымы Д.А. Расовский 1097 
жылы соғыста көзінен айырылған Василька атты князь жөніндегі 
орыс жылнамасының мәліметіне сүйене отырып, осы ұрыста 
торктың Берендей деген батырының болғанын айтады. П. 
Голубовский өзінің «Печенеги, торки и половцы до нашествия 
татар» атты монографиясында торктардың славяндармен 
сіңісуіне қатысты мәселені де тыс қалдырмайды. Бұл торктардың 
украиндар этногенезінде алатын орны туралы ойын былайша 
келтірсек болады: «Қарақалпақ тұрғындарының Русь 


98 
тарихындағы алатын орны айтарлықтай маңызды. Ол Орыс 
жеріне жаңа түрік элементін алып келді... Солтүстіктегі 
славяндар фин ықпалымен өзгеріске ұшыраса, ал оңтүстікте 
түріктердің ықпалынсыз болмады» [18, 150
-151].
Оғыздар мен украиндардың этникалық жақындығы 
мәселесінен торктар мен қарақалпақтардың Оңтүстік Русьтің 
славян тұрғындарымен араласып сіңісуі жөнінде орын алған 
фактіні теріске шығаруға болмайтындығын аңғарамыз. Бүгінгі 
украин халқының этникалық тарихы ертедегі оғыздардың тарихи 
тағдырымен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін екендігі 
жөнінде көптеген пікірлер айтылып та, жазылып та келеді. 
Сондай
-
ақ 
түркітілдес 
оғыз 
тайпаларының 
славян 
тұрғындарының дәстүр
-
салтында да мәдени ықпалдастықтың 
орын алғандығын ерекше атап өтуге болады. 
Жазба деректерде Киевтің әскери гарнизондарында түркі 
конфедераттарының тұрғандығы жайында мәліметтер кездеседі. 
Мысалы, араб саяхатшысы Әбу Хамид ал
-
Гарнати 1150 жылы 
Киевке барғанда ондағы түркілер туралы мынадай ақпарат 
қалдырады: "И прибыл я в город [страны] славян, который 
называют "Гор[од] Куйав". А в нем тысячи "магрибинцев" по 
виду тюрков, говорящих на тюркском языке и стрелы мечущих, 
как тюрки. И известны они в этой стране под именем беджн[ак]. 
И встретил я человека из багдадцев, которого зовут Карим ибн 
Файруз ал
-
Джаухари, он был женат на [дочери] одного из этих 
мусульман. Я устроил этим мусульманам пятничное моление и 
научил их хутбе, а они не знали пятничной молитвы" [41
, 39].
Славян халықтарымен өзара ықпалдасуы барысында 
қарақалпақтармен
бірге қыпшақтардың әсері басымдық танытып 
жатады. Сондықтан да болар этномәдени жағынан қарастырғанда 
көбіне
-
көп оғыздар жайында емес, мәліметтердің басым бөлігі 
қыпшақтарға
қатысты болып келеді. Этномәдени тұрғысынан 
келгенде қарақалпақтардың қаншалықты ықпалдастықта 
болғандығы жөнінде Д.А. Расовский былай дейді: 
"Қарақалпақтардың басым бөлігі Русьтің шеткері аймақтарында, 
Киев княздігінің оңтүстік бөлігінде өмір сүрсе де, олар Русьтің 
бүткіл аумағына жақсы танылған еді. ...Ал бұл өз кезегінде 
татарларға дейінгі Русьте түрлі түркі элементтерін қалдырмауы 
мүмкін емес; ал ХІ 

ХІІ ғасыр басында олардың бұл элементтері 
қаныға
түсті" 
[7, 37].


99 
О.Гундогдыев өзінің топонимикалық атауларға жүргізген 
зерттеулерінде орыс, украин территорияларында кездесетін түркі 
атауларын, оның ішінде оғыздық атаулардың көптеп 
кездесетіндігін жазды. Мысалы, оғыз
-
түрікмендердің басым 
бөлігі өмір сүрген Украинада қазіргі таңда жер атаулары 
түрікмендік (оғыздық) атауларды алған: Бердянка қалашығы 
(Киев облысы); Бахнач қаласы (Чернигов облысы); Печенек 
қаласы, Печенек су қоймасы (Харьков облысы); Канев және 
Черкассы қаласы (қарақалпақ
-
оғыздарды осылай атаған). Ресей 
Федерациясында Печенга қаласы (Мурманск облысында) бар, 
сондай
-
ақ Санкт
-
Петербург облысында Торковичи қалашығы бар
[42, 155]. 
Далалықтардың бүкіл тарихы бірігулер мен ыдыраулардан 
тұратыны белгілі. Біріккенде төрт құбыласына түгел танымал 
болған далалық алып империялар (қағанаттар) құрылады да, 
ыдырағанда шағын
-
шағын жеке хандықтарға, бектіктерге бөлініп 
кете барады. Осы далалық империялардың қай
-
қайсысы да, тарих 
дерегіне қарағанда, қашан жеке иеліктерге бөлініп, ыдырап құлап 
біткенінше кемі екі
-
үш ғасыр өмір сүреді. Сондай
-
ақ, жеке 
иеліктерге бөлініп кеткен ру
-
тайпалардың арасынан бірігуге 
ұйытқы
болар біреуі шығып, төңірегіндегілердің басын қосып, 
қайтадан
жаңа далалық империя құрғанша да осынша уақыт 
кетеді. Міне, осы жеті
-
сегіз ғасыр ішінде жаңағы далалық 
империяның билігінің басында болған әулеттің ұрпағы
өсіп
-
өне 
келе өз алдына жеке ру
-
тайпаға айналып, "патша тұқымы" 
("торығ") деген атаумен тарихқа енеді. Мұндағы "патша тұқымы" 
деген шет елдік авторлардың өздерінің таным
-
түсінігі бойынша 
бергені, ал оның түрікше мағынасы: ескіше 

"төр ұрығы", 
жаңаша 

"төре тұқымы". 
"Қазақ ру
-
тайпаларының тарихы" деп аталатын көп томдық 
монографиялық жұмысының "Жалайыр" аталатын томында 
белгілі тарихшылар профессор, тарих ғылымдарының докторы 
Т.Омарбеков, Г.Б. Хабижанова жалайырлардың этникалық шығу 
тегі мен ежелгі шежіресіне талдамалы зерттеулер жасай отырып, 
олардың құрамына кірген дәрлікендердің "төрелекүн" деп 
аталғанына тоқталады "... Кейінгі Шыңғысхан империясы 
тұсында ұлы ханнан таралған ұрпақтың "төре" атануымен ежелгі 
шежіредегі "төрелекүнде" тарихи сабақтастық
бар тәрізді. 
Өйткені
төрелекүндер құрамына түркітілдес рулармен қатар 


100 
моңғолтілдес рулар да кірді емес пе? Оның үстіне көне шежіре 
бұл руларды туыстық тұрғыдан да жақындастырады. Егерде 
кейініректе Шыңғысханды 1206 жылы ұлы хан ретінде ақ киізге 
отырғызып
хан көтерген 94 тайпа өкілдерінің арасында 
түркітілдестердің көптеп кездесетіндерін ескерер болсақ, бұл 
пікіріміз растала түседі" [43, 118
-
119]. Ал өз кезегінде 
жалайырлардың ежелгі шежіресі олардың түп атасы оғыз 
екендігін дәлелдейді және моңғолдардың оларға әрқашан көрші 
болғанын көрсетеді [43, 116 б.]. 
Бұл жердегі мән беріліп отырған "торығ" ұғымы орыс 
деректерінде "торк" деген атаумен кездесетін оғыздар. Бұл 
атаулар да Украина және Ресей жеріндегі жер
-
су атауларында 
көрініс тауып отырған. Мысалы, Украинадағы бір қаланың аты 
ХҮІІІ ғасырға дейін Берендичев деп аталынып келген [42]. Н.Я. 
Аристов зерттеуінде (Харьковтан 165 версте орналасқан) Тор 
қаласы
туралы мәлімет бар. Оның жанынан Торск көлі мен Тор 
және Торец деп аталынатын екі өзен болған. Және сол жерде 
Торск қалашығы ХҮІІ ғасырға дейін өмір сүріп, кейіннен 
Славянск қаласы деген атау алған [42]. 
Н.П. Барсов бұл қала туралы "Что касается Торческа, то онъ 
могъ возникнуть уже по смерти Ярослава, вслѣдствіе подчиненія 
Торковъ русскимъ князьямъ, при Изяславѣіе, и никакъ не позже 
1084-
1086 года, ибо поученіе Владиміра Мономаха говорить о 
немъ именно въ изложеніи событій этого времени" дейді 
[44, 
139]. 
Мұндай көзқарасты ертеректеу кезеңмен Б.Д. Греков та 
көрсетеді: "Торческ алғаш рет 1085 жылы Поросьте кездеседі. 
Бірақ біз бұл қала мемлекеттің оңтүстік шекарасына бекіністі 
құрылыстар
жүргізілуімен байланысты одан да ертеректе пайда 
болған деген болжамымызды айта аламыз" дейді [45, 283]. 
Дегенмен де қала атауында түркілік этнонимнің (торк) көрінісі 
айқын аңғарылады. Торктер мен берендейлердің ертедегі 
қалаларының
бұл аумақтарда кездесетіндігін ХІХ ғасырдың 
соңында жүргізілген археологиялық зерттеулер де (зерттеулер 
жүргізілгенде аталған этнос өкілдерінің жерлеу ерекшеліктері 
анықталған) дәлелдейді. Ипатьев жылнамасында 1177 жылы 
берендей қалаларының саны туралы мәлімет бар: "˂...˃ Половци 
же взяша 6 городовъ Береньдиць и поидоша к Ростовцю" [21, 
408]. Екі ел арасындағы байланыстардың болғанын осы жерлерде 


101 
топонимдерде кездесетін оғыздардың тайпа атауларының 
қалғаны растайды. 
Берендей этнонимі орыс ономастикалық лексикасы 

ХҮ 
ғасыр
жазба ескерткіштеріндегі антропонимдерде де кездеседі. 
Мысалы, "Парфений Берендеев. 1433 г., Дмитров; Берендей, 
староста в Переяславском уезде, конец ХҮ в." (солтүстік 
аймақта); Оңтүстік
-
орыс территориясында 1500 жылы 
антропоним "Берендей Пимановичь, земянин киевский"

Сондай
-
ақ ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс тұрғындарының 
түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің "тегінде" де ұшырасады: 
"Мишко Берендеевич, черкасский мещанин, 1552 г.;
Ждан 
Берендин, крестьянин, 1582 г." [46, 138].
Византия деректерінде "уздар" деп аталғандар империяның 
балқан провинциясында көшіп
-
қонып жүрді. Эпидемияның 
басталуы, оған қоса болғарлардың шапқыншылығы оларды 
жойып жіберуге шақ қалды. Оғыздардың тірі қалған бөлігі 
Македонияда император жанына барып қоныстанды. Сондай
-
ақ 
византия армиясының қатарында оғыздардың атты әскері болды. 
Ал, жекелеген оғыз әскербасшылары Византияда жоғары 
мемлекеттік орындарды иеленді [7, 48]. Сонымен бірге еуразия 
даласында қалған
оғыздардың бөлігі Киев және Волынск 
княздіктерінде орныққанын дерек мәліметтерінен білеміз. Д.А. 
Расовский ең ертедегі оғыздардың елді
-
мекендері Ростов
-
Суздаль жерінде жүз жылдай бұрын болған деп көрсетеді. 
Дегенмен де ол туралы ақпараттар жазба дерек беттерінде 
кездеспейтіндігіне қарамастан Д.А. Расовский мынадай аргумент 
келтіреді: "Но за большую их древность говорит то 
обстоятельство, что когда южная Русь еще не знала Торков, когда 
в Приднепровье кочевали еще Печенеги, Русь северо
-
восточная 
уже имела дело с Торками, которые на своем пути с востока, 
впервые соприкоснулись с Русью в Поволжье, и лишь семьдесят 
лет спустя подошли к Приднепровью"
[7, 49]. 
Бұл жерден көріп отырғанымыздай оғыздардың Русь жерінде 
де өмір сүргендігі және олардың белгілі бір дәрежеде екі ел 
арасында қарым
-
қатынастың нәтижесі топонимикада, яғни жер
-
су атауларында да өз көрінісін беріп отыр. Сонымен бірге Киев 
губерниясындағы қорғандарына жүргізілген археологиялық 
қазба
жұмыстары да көптеген мәселелерді туындатты. 
Ежелгіорыс астанасы
саналған жерде көшпелілер өздерінің 


102 
қайтыс
болған адамдарын жерлеген. А.А. Спицин "Курганы 
киевских торков и берендеев" деп аталатын мақаласында 
табылған заттарды қарақалпақтар жөніндегі жылнамалар 
мәліметтерімен салыстыруға тырысты [7]. 
Топонимдік атаулардың кездесуі Владимир
-
Суздаль жерінде 
де берендейлердің бір бөлігі өмір сүргендігінен хабар береді. 
А.С. Плетнева бұл берендейлерді Порось Юрий Долгорук пен 
Андрей Боголюбскийдің киев тағын иемденген кезеңінде көшіп 
келіп қоныстанған болулары керек дейді
[7]. 
Батыс Украина жерінде кездесетін топонимдердің бірқатары 
қарақалпақтардың
жекелеген тобының осында қоныстанғанын 
көрсетеді. Волынск князінің әскері қатарында берендейлердің 
болғандығы жөнінде Ипатьев жылнамасы мәлімдейді [12, 91]
Черниговты алғаннан кейін 1239 жылы монғол 
әскербасшыларының
бірі Менгу хан Киевке келеді. Қалаға елші 
жіберіп, өз еріктерімен берілуін сұрайды. Бірақ ол ұсыныстан бас 
тартқан киев князі Михаил Меңгу ханның елшісін өлтіріп, өзі 
Киевтен Венгрияға қарай қашып кетеді. Моңғолдардан қорыққан 
тұрғындардың бір бөлігі қаланы тастап шығады. Сол кезеңде 
көшпелі өмірді сақтаған қарақалпақтар қыпшақтар тәрізді 
қауіпсіздеу
саналатын Украинаның батыс территориясына кетіп 
қалулары
мүмкін еді. 
Археологиялық мәліметтер Поросья қаласының да монғол 
шапқыншылығына ұшырағандығын көрсетеді, және оның бір 
бөлігі қайта қалпына келтірілмеді. Дегенмен де кей бөліктеріне 
бұрынғы тұрғындары келді [47, 79]. Моңғол жаулаушылығынан 
кейін қарақалпақ тұрғындары көшпелілікті сақтай отырып, 
монғолдармен 
Поволжья 
мен 
Поднестр 
далаларына 
қоныстанғандығын
көрсетеді археологиялық мәліметтер. 
Сондай
-
ақ олардың біраз бөлігі Поросьте қалды.Олар ең 
біріншіден отырықшылыққа бет алған тобы еді. 
П.П. Толочконың пікірінше қарақалпақ тұрғындарының 
славяндармен ассимилияциясы ХІ
-
ХІІІ ғасырдың басында 
белсенді түрде жүрген және ол моңғол билігі кезінде аяқталған 
[24, 88]. Бұл үдерістерге дәлел Поросьедегі түрік топонимдерінің 
көптеп кездесуі және бүгінгі таңға дейін сақталынуы. Ол осында 
өмір
сүруші тұрғындардың өткенмен тікелей сабақтастығын 
көрсетеді.


103 
Бранденбург Н.Е. Киев губерниясы территориясының 
Зеленки, Каменка, Бурта және т.б. елді
-
мекендері орналасқан 
жеріне зерттеулер жүргізді. Қорғандардың бір жерге 
шоғырлануы көшпелілер өмір сүрмей тек қана жерлеу орны 
ретінде пайдалануы белгілі сакральді орталықтың болғандығын 
айғақтайды. Әдетте мұндай жерлеу орындары не болмаса 
ритуалды құрылымдар сыртқы шабуылдардан алыстау әрі 
тайпаларға жақын маңда орналасқан.
Славян халықтарымен қарым
-
қатынасы жайында айтқанда 
оғыздардың бір тармағы саналатын қарақалпақтарға соқпай өте 
алмаймыз. Қарақалпақтар туралы орыс деректеріндегі соңғы 
мәліметтер Татищевте кездеседі. Онда 1223 жылы Калкадағы 
шайқасқа орыс әскерлерінің құрамында қатысқандығы жөнінде 
хабарланады [48]. Моңғолдардың кейінгі жаулаушылығы 
қарақалпақтардың
өмірін 
түбірімен 
өзгеріске 
ұшыратты
.
Қарақалпақтардың
жерлеу орындарында көшпелілер 
өмірінде
жылқының орны ерекше саналды: шаруашылықта 
пайдаланды, соғыстарға қажет болды. Сондықтан да 
көшпелілердің өмірі бұрыннан
-
ақ жылқымен
байланысты болды. 
Бұл өндірістің құралы, өмір сүру кейпі, ұстанған дінінен хабарлар 
береді. Жерлеу орындарынан олардың өмір сүру салтынан, 
ұстанған
дінінен, шаруашылығынан мәліметтер ала аламыз. 
Мысалы, қарақалпақтардың пұтқа табынушылығы жөнінде қазба 
жұмыстары көрсетуде. Сонымен бірге жерлеу орындарынан 
түріктердің діни наным
-
сенімінің өзгеріп, христиандыққа өте 
бастауынан хабар беретін табыттардың жиі ұшырасуын айта 
аламыз. Бұл әрине, қарақалпақтардың белгілі бір бөлігіне, яғни 
орыстармен тығыз қарым
-
қатынаста болған бөлігіне ғана 
қатысты. Мұндай өзгерістер біртіндеп орын алған. Жерлеу салты 
өзгеріске
түсті, бірақ қоғамдағы дәстүр салттың сипаты 
сақталынып қалды. 
Этномәдени компоненттердің бір
-
біріне әсерлесуі славяндар 
мен көшпелілердің арасындағы байланыс орнаған солтүстік
-
шығыс аймақтарындағы "княздік" қорғандардың салт
-
жораларынан байқалады. Сонымен бірге славяндар мен 
түркілердің этникалық және әлеуметтік қарым
-
қатынас 
механизмін түсінуде Түрік қағанаты билеушілерінен мұра етіп 
алынған қаған титулының русь княздерінің де иеленгендігін 
қарастыру
да маңызды. Владимир Святославич пен Ярослав 


104 
Мудрый да қаған титулын иемденген еді. Одан өзге орыс тіліне 
енген түркі тілдерінің қатарында кулак (славяндық "пясть" 
орнына), қырық ("четырдесят" орнына) 

ежелгі
шығыс
-
славяндарының "съркъ" (түрік тілінің "қырқ" сөзінен), ватага 
(булғардың "ватаг" 

отбасы) және т.б. айта аламыз.
ІХ
-
ХІ ғасырларда Доннан Дунайға дейінгі даланы түріктердің 
оғыз тайпалық одағына кірген печенектер жайлағаны белгілі. 
Осындай ұзақ мерзімге созылған печенектермен тілдік 
қатынастары
туралы Ипатьев жылнамасындағы жазбалар дәлел 
бола алады. Онда мынадай оқиға келтіріледі: печенек тілін еркін 
меңгерген бір орыс жеткіншегі Киевті қоршауға алған печенектер 
лагеріне кіріп, олардың әскери сипаттағы
мәліметтерін ала алған.
985-
1238 жылдары Русьтің оңтүстік өңіріне түріктер, 
берендейлер (оғыздың "байындыры"), қарақалпақтар, қайы 
тайпалары туралы мәліметтер орыс жылнамаларында (Ипатьев, 
Лаврентьев және Галицко
-
Валынск) және "Слова о полку 
Игореведе" өз
ізін қалдырады. Бұл кезеңде мынадай түркі тілдері 
енгендігін байқаймыз: кумыз, курган, орьтма, яруга, емшан, 
хоругвъ, ногата және т.б.
Лаврентьев жылнамасында автор сенімдері белгісіз екі 
тайпаның пайда болғандығын айтады. Олардың бірі татар болса, 
екіншісін печенектер деп көрсетеді. "В льто 6731 явишася языци, 
их же никто же добрь ясно не вьсть, кто суть, и отколь изидоша, 
и что языкъ ихъ; и которого племени суть, и что вьра ихъ. И 
зовуть я татары, инии глаголють таумены, а другие печеньзи"
[49, 
172]. 
Осылайша Ежелгі Русь әдеби ескерткіштерінің тіліндегі 
лексикалық құрамына талдаулар, этимологиялық сөздіктер, орыс 
ұлттық
өсімдіктер номенклатураларының очерктері тарихи 
оқиғалар сипатына негізделген орыс тіліндегі түріктік 
ықпалдастықтың орын алғандығын көрсетіп отыр.
 
Қазба
жұмыстары кезінде көбіне
-
көп қару
-
жарақтармен бірге 
әшекей
бұйымдар кездесіп отырады. Қарақалпақтардың жерлеу 
орындарынан дәстүрлі көшпелілерге тән 

садақ, қылыш, найза, 
пышақ тәрізді қарудың түрлері кездеседі. Қылыш 
орыстардағыдай бағалы зат саналды және ұрпақтан
-
ұрпаққа мұра 
етіп беріліп отырған еді [50]. Қылыш көбіне
-
көп даңқты, атақты 
жауынгерлердің жерлеу орындарында ұшырасып отыр. 
Қарақалпақтардың
қылышында көбіне киев шеберлерінің 


105 
белгішелері 
бар. 
Ол 
көшпелілердің 
орыс 
қаруын 
пайдаланғандығынан хабар береді. Дегенмен де Русьте арнайы 
көшпелілер үшін деп қару
-
жарақ дайындамасы анық. Бұл жерден 
шығатын қорытынды орыстардың өздері қарақалпақтардың 
қаруын
пайдалана бастаған. 
Сонымен, оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери 
тарихында маңызды рөл атқарғандығын,славяндардың қару
-
жарақтары 
көшпелілер 
қару
-
жарақтарының 
үлгісінде 
жасалғандығын байқаймыз.
Екі жақтық қарым
-
қатынас тек соғыспен ғана байланысқан 
жоқ, сондай
-
ақ, сауда
-
саттық байланысы орнықты, екі ел бір
-
біріне сыйлықтар
жасап тұрғандығын тағы да археологиялық 
қазба
жұмыстары 
кезіндегі 
мәліметтерден 
көреміз. 
Қарақалпақтардың
жерлеу орындарында қару
-
жарақтармен 
қатар, әшекей бұйымдар да көптеп кездеседі. Оларды тек әйел 
адамдар ғана емес, сондай
-
ақ ер адамдар да пайдаланған. Мұндай 
әшекей
бұйымдардың қатарындаалтын және күміс кулондар, 
жүзіктер, түрлі қымбат тастардан әшекейлі моншақтар болды. 
Олардың басым бөлігі Русьте, Византияда, Болгарияда, шығыс 
елдерінде жасалынған еді. Деректерден көретініміздей 
көшпелілер көптеген заттар мен сыйлықтар алып отырған. 
Мұндай археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған 
заттар кезінде тек материалдық мәдениеттің көрінісі саналып 
келсе, кейін келе олар рухани да мәдениеттің үлгісі ретінде 
есептелінді. Сондықтан да археологиялық деректер түркілер мен 
славяндардың арасындағы мәдени байланыстың қаншалықты 
орны болғандығын анықтауда көптеп көмек береді.
Ибн
-
Фадланның "Еділге саяхатынан": "Мен сауда ісімен 
келіп, Еділге орналасқан орыстарды көрдім. Бұлардың дене 
құрылысы
басқалардан артық.
Пальма ағашы сияқты жүздері 
нарттай қызыл шырайды. Олар кейдешеде, шапан да кимейді. 
Еркектері бір жамбасын ғана жабатын берен киеді. Әрбіреуінде 
қылыш, пышақ және қанжар болады. Бұл қаруларды олар 
бойынан 
тастамайды. 
Олардың 
франктарға 
істеткен 
қанжарларының жүзі жалпақ, жырығы бар. Орыстардың үсті
-
бастары ағаш, зат, адам сияқты әшекейлі суреттерге толы. 
Әйелдері
де сәнді киінеді. Ерінің табысы мен байлығына сай олар 
кеуделерінде не алтын, не күміс, не темірден жасалған сақина 
салып жүреді. ...Әйелдерінің
мойындарында алтын немесе күміс 


106 
теңгеден жасалған бірнеше қатар моншақтар болады. Бұл да 
ерінің байлығына байланысты. Егер оның байлығы он мың 
дирхем болса, бір қатар моншақ тағынады, жиырма мың дирхем 
болса, екі қатар тағынады. Байлығы артқан сайын моншақ
саны 
да көбейе түседі. Орыстардың ең сәнді бұйымдары 

жасыл 
білезік. Бұл білезіктер кемедегі тастардан жасалады. Осындай 
бұйымдарды әкеліп беру үшін орыстар жергілікті халықпен шарт 
жасасады. Олар оны әәшекейлі моншақ ретінде әйелдеріне 
тағады" деген мәліметті кездестіреміз [51, 375]. 
Түркі
-
славян этномәдени байланыстарының бір қыры 
олардың шаруашылығымен өлшенеді. Торктермен байланысқа 
түскенге дейін славян халықтарының бірі саналатын 
украиндардың көшпелілердің дәстүрлі шаруашылықтары 
қатарындағы
мал шаруашылығы дәстүрімен таныстығы аз еді. 
Кейін келе жылқыны да жақсы пайдаланудың жолдарын үйрене 
бастайды.
Этнограф
-
ғалымдар тарапынан екі халық арасындағы 
тұрғылықты үйлеріне байланысты салттар мен дәстүрлерге көп 
талдаулар жасалынбаған. Сондай
-
ақ тұрғын үй
түрлі мәдениеттің 
тасымалдаушысы екені де ескерілмей келді. Баспананың, оның 
ішіндегі түрлі материалдық мәдениеттің әрқайсысына көңіл бөлу 
этностың рухани мәдениеті туралы нағыз ақпараты мол дерек 
болары анық. Мұндай зерттеудің объектісіне академик В.А.
Тишковтың көзқарасы: "символическая сторона материальных 
предметов" помогает "понять природу человеческого поведения 
и мышления". А "то, как тот или иной народ трансформирует 
доступный из окружающей среды или полученный из 
отдаленных мест первичный материал, определяет многое в его 
космологии, системе ценностей, символических категориях" 
[52].
Сонымен бірге О.Гундогдыев украиндар мен түрікмендер 
арасындағы кілем тоқу мен қолөнері жағынан жақындығын алға 
тартады. Кілемдерде кездесетін ою
-
өрнектерге талдау жасай келе 
Б. Крыжановский былай деп қорытындылайды: "...мы здесь 
несомненно имеем дело не с заимствованием, а с культурной 
связью широких народных масс местного населения с 
племенами, выработавшими этот тип ковров. Были ли это 
турецкие кочевые племена 

сказать нельзя. Можно только 
утверждать, что эти кочевники были последними, от кого предки 


107 
современных украинцев могли заимствовать эти ковры. Но 
выработан этот тип ковров мог быть гораздо раньше. Наконец, 
нельзя быть уверенным, что родиной звездчатых ковров была 
Средняя Азия: для такого утверждения еще слишком мало 
теперешнего существования там этого типа ковров. Он мог 
выработаься где
-
либо в другом месте и потом широко 
распространиться, а Туркестан, как и украинские степи, 

только 
остатки прежней территории его существования..." [53, 12]. 
Дегенмен де мұндай көзқарасқа келісе қоюдың қиын екендігін 
О.Б. Бубенок өзінің "Огузский фактор в этнокультурном 
развитии Южной Руси" деп аталатын мақаласында түрікмендер 
мен украиндарда кездесетін кілемдердің орнаменттеріне талдау 
жасау келе жұлдызды орнаменті бар кілемдердің Оңтүстік Русь 
территориясында моңғолдарға дейін, яғни Орталық Азиядан 
шыққан түркітілдес 

печенектер, торктер, қыпшақтардың өмір 
сүрген кезеңінде пайда болған деп көрсетеді. Және оған мысал 
ретінде Русьтің оңтүстік шекарасында тұрақты тұрған 
қарақалпақтардың
славяндар ортасына жаңа мәдени құбылыс 

жұлдызды орнаментті кілемдерді алып келді. Кейін келе 
украиндардың арғы бабаларына танылып, жергілікті 
мәдениетінің бірі ретінде сіңісіп кеткен [54, 12]. Бұл да өз 
кезегінде оғыздар мен славяндардың арасындағы қарым
-
қатынастың
өріс жайғанын көрсетеді. 
Қорыта
айтқанда, көрші орналасқан славян халықтары мен 
түрік
-
қыпшақтардың, түрік
-
оғыздардың ғасырлар бойғы 
байланыстары, территориялық жақындығы ортақ әрі ұқсас 
этномәдени ортаның қалыптасуына алып келді. Екі халық 
арасындағы аумақтық жақындық, ортақ тарихи тағдыр, сондай
-
ақ аталмыш халықтардың мәдениеті мен менталитетінің 
жақындаса түсулері бірегей өркениеттік кеңістік сипаты түрінде 
көрініс берді.
Славяндар мен түркілердің түрлі топтарының этникалық 
санасының жақындасуларында тілдік мәселеде немесе 
шаруашылық
-
мәдениет салаларында ғана емес аталған екі қауым 
арасындағы қақтығыстар мен симбиоздың жаңаша қалыптасуы 
да көрініс берді. 
ХІ ғасыр Русьте ІХ
-
Х ғасырларда орын алған этномәдени 
байланыстар мен синтездердің сабақтастыққа негізделген 
қарқынды
үдерістерін қорытындыланған ғасыр ретінде 


108 
қарастырылады

Русь пен Далалық аймақты мекен еткен 
көшпелілердің арасындағы қарым
-
қатынастың күрделі екендігін 
олардың өзіндік сипатын, олардың өзара ықпалдастық негізінде 
тарихтың белгілі бір кезеңдерінде орын алған ықпалдастықтарын 
аталған екі этностың өмірлік ұстанымдарынан, тілдік, мәдени 
ерекшеліктерінен көріп отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет