«Жаяу туризм» туристік үйірмесінің бағдарламасы
2017-2018 оқу жылы
Үйірме жетекшісі:
Тақырыптық жоспар
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Теория
|
Пра кти ка
|
1
|
Үйірмені жинақтау.Туризм туралы түсінік. Туристік саяхаттар, жорықтар
түсінігі жəне оның маңызы.
|
4
|
4
|
|
2
|
Жорық саяхатқа дайындық. Жорықтағы құжаттарды толтырып үйрету. Қауіпсіздік ережесімен
таныстыру
|
4
|
4
|
|
3
|
Қысқы жорық-саяхат. Туристік топтағы
міндеттерді тағайындау.
|
6
|
2
|
4
|
4
|
Тау туризм техникасы. Тау туризм техникасы жарысының қауіпсіздік
техникасы.
|
4
|
|
4
|
5
|
Жіп байлау түрлері.Алаудың түрлері. Туристік құралдар жеке топтық жəне
арнайы құралдар
|
4
|
|
4
|
6
|
Шаңғы туризм техникасы
|
8
|
2
|
6
|
7
|
Үсікке алғашқы медициналық көмек
көрсету.Турист гигиенасы.
|
2
|
2
|
|
8
|
Өлке, қала тарихы.Облыстық өлкетану музейіне экскурсия.Жол жүру ережесімен
танысу.
|
4
|
|
4
|
10
|
Топографиялық əзірлік.Компостың
құрлысы.
|
4
|
|
4
|
11
|
Компос арқылы картамен жұыс жасау, картадан тұрған жеріңді табу. Масштаб
арқылы ара қашықтықты анықтау.
|
4
|
2
|
2
|
12
|
Азимутты анықтау. Тұратын жерін
бағдарлау.
|
4
|
2
|
2
|
13
|
Жорық кезіндегі бағдарлау ж\е туристік
карталар. Жорық кезіндегі тамақтану.
|
8
|
2
|
6
|
16
|
Туристік кедергілерден өтіп үйрену. Батпақтан тастар, альпеншток арқылы өту.
Жіп арқылы өткелдерден өту
|
16
|
8
|
8
|
3
|
Қайықпен суда жүру ережесі Көзбен ара
қашықтықты, биіктікті анықтау.
|
2
|
|
2
|
5
|
Үйірмені қорытындылау.Қорытынды
жорық.
|
6
|
2
|
4
|
|
Барлығы
|
80
|
30
|
50
| Түсінік хат
Бұл бағдарлама «Туризм» үйірмесінің тақырыптық сабақтары жəне туған өлке тарихымен танысу, саяхатшылар үшін қажетті белгілі бір білім дағдыларын игеру үшін қажет. Туризм үйірмесі жергілікті жағдайда жетекшінің мамандығы мен ынтасына байланысты əртүрлі бағытта болуы мүмкін. Бағдарламада сабақ жорық пен экскурсияның мазмұнына қойылған мақсат арқылы анықталатындығы ескерілді. Мысалы өлкетану мұражайына көрме үшін материалдар жинау, туристік дағдыларды меңгеру сабақ бағдарламасында үйірмеге қатысып жүрген оқушыларға ұсынылған. Сондай-ақ медициналық байқаудан жазғы көп күндік саяхатқа шығу алдында да өткізген дұрыс. Үйірме жетекшісінің туристік жорықтармен саяхаттарға қатысқан тəжірибесі болуы керек.
Бағдарламада үйірме сабақтарында, жорықтарда, саяхаттар мен экскурсияларда жас туристер мыналарды үйренуі керек екендігі ескерілді:
Саяхат жоспарын құру жəне жол бағыты жұмысын жүргізу;
Байқағандарын белгілеу;
Қарапайым тəжірибе жасау, жиналған материалдарды оқып, коллекция жинақтау;
ауа-райын бақылау жəне болжам жасау;
таныс емес жерлерді картаның, компостың көмегімен жергілікті заттардың сан алуан ерекшеліктерін, бағытын белгілеу;
шатыр құру, алау жағу, тамақ дайындау, қарапайым туристік құралдарды əзірлеу, меңгеру
Үйірменің мақсаты - туристік ұйымдастырушыларды туризм слетілерін, мектеп жарыстарын өткізуге дайындай білу.
«Жаяу туризм» үйірмесінің сабағы тəжірибелік түрде қаралған, бірақ бірқатар бөлімі лекция жəне семинар түрінде өтіледі. Сабақ жоспарын құрғанда əр уақытта оқушылардың алдына қол жететін мақсат қызғылықты обьектіге экскурсия, түнеумен жорыққа шығу тұруы ескерілді.. Сонымен бірге сабақтың жетекші мақсаты жазғы жəне қысқы көпкүндік саяхаттар екенін оқушылардың жақсы түсінуі қажеттілігі алға қойылды.
Бағдарламаны iске асыру шарттары
Аталған бағдарламаны орындаумен қатар нəтижелi жұмыс атқару үшiн төмендегiдей материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қажет:
сабақ жүргiзетiн оқу кабинетi жəне iс-шараларды өткiзуге арналған залдар, стадион;
дорба;
төсек-қап;
шанду, күрке;
шатыр;
əр түрлі ұзындықтағы арқандар жəне бау;
компас, фотоаппарат;
1:1000000 жəне одан үлкен көлемдегi туған өлкенiң карталар жинағы;
ботаникалық, зоологиялық жəне геологиялық анықтағыштар жинағы;
жумар, дюльфер, карабин, полиспаст;
обвязка;
шаңғы.
Бағдарлау карта
Күтiлетiн нəтиже
Бiлiм алушылардың практикалық қызметiнiң нəтижесi жасөспiрiмдер мен жастардың экологиялық тəрбие деңгейiмен, салауатты өмір салтымен, туристік- спорттық шыңдалуымен, туристік тактикалық- техникалық шеберлігімен жəне күнделiктi өмiрдегi экологиялық салауатты жүрiс- тұрыстарымен анықталады.
1.Туризм туралы түсінік. Туристік саяхаттар, жорықтар түсінігі жəне оның маңызы.Туристік үйірмесінің мақсаты мен міндеттері.
Туризм туралы түсінік қалыптастыру. Табиғатқа серуендеу мен экскурсиялар жасауда адам денсаулығын нығайтуға тигізетін əсері. Жорықтар бұлшық ет қозғалысын дамытып қоймай, сонымен қатар жүрек, өкпе жəне адам ағзасының басқа да мүшелерін нығайтатындығын ұғындыру. Жорықтар кезінде көптеген қызықтар мен жаңалықтарды үйретіп, қоршаған ғаламдағы табиғат аясымен, адамдардың қолымен жасалған орындармен танысып, өңірде жүру ережесін сақтау, өзін жəне өз жолдастарын /жол айрығы/ күте білу, туристік өмірдегі эпизодтарды бақылап қызықты жерлерді суретке түсіру. ОБЖТжЭО-дағы «Балалар туризмінің тарихы» мұражайына экскурсия жасау жəне мұражай экспозициясын толықтыруға көмектесу.
Туризм қоғамда белгілі бір орын алатын құбылыс ретінде жəне термин немесе түсінік ретінде ХІХ ғасырда дамып, қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына тікелей болмаса да жанама түрде əсер еткен тарихи алғы шарттар немесе факторлар болды.
Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетіне қарай, туристік жорықтар кезіндегі қолданылатын көліктің түрлеріне байланысты туризм мынандай түрлерден тұрады: жаяу туризмі, тау туризмі, велосипед туризмі, автомото туризмі, шаңғы туризмі, су туризмі, ат туризмі, велотуризм.
2.Жорық саяхатқа дайындық. Жорықтағы құжаттарды толтырып үйрету. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Топ мүшелерінің жəне топ жетекшісінің міндеттері, атқаратын қызметі.
Топ мүшелерін қауіпсіздік ережесімен таныстыру, дəрігерлік тексеруден өткізу. Жорықтардың қорытындысын шығару. Баспасөз, теледидар арқылы топ серуден қорытындысы туралы мəлімдеп отыру.
Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді: 1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;
топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;
топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;
топ: медициналық сауатсыздық, тəжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тəртіпсіздік. Табиғи қауіп-қатерлері:жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері; ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сəулелері, қараңғылық.
3.Қысқы жорық-саяхат. Туристік топтағы міндеттерді тағайындау
БҚО бойынша саяхат – жас туристерді бейімдейтін. Көп ұлтты отанымызды мақтаныш сезімімен тəрбиелейтін қызғылықты жорық. Туристік жорықтар,
саяхаттар, экскурсияларда мектеп оқушылары өздерінің географиялық, экологиялық, тарих өлкенің өткендегі жəне қазіргі өмірімен, оның адамдарымен танысады. Жас туристер шыңдалып, жыл бойына туристік- өлкетанулық білімдер жинайды жəне бойларына туристік дағдыларды, біліктіліктерді меңгереді. Туристік саяхаттар оқушыларды сауықтырудың ең негізгі үлгісі болып табылады, туризммен айналушылардың жан-жақты дене бітімінің денгейін көтеруге, спорттық шеберлігін арттыруға ықпал жасайды.
4.Тау туризм техникасы. Тау туризм техникасы жарысының қауіпсіздік техникасы.
Жумар, дюльфердің қолданылуы мен қасиеттері жумар, дюльфер т.б сақтандыру құралдарын қолдану тəсілдерімен танысу. Аталған құралдарды алмастыруға болатын түйін түрлерімен жұмыс жасау. Қауіпсіздік ережесін сақтау – туристік саяхатқа немесе жорыққа қаты-сушылардың басты міндеті. Апаттық жағдай мен жарақаттың алдын – алу мақсатында топ мүшелері келесі міндеттерді орындау керек.
Жіп байлау түрлері. Алаудың түрлері. Туристік құралдар жеке топтық жəне арнайы құралдар.
Топтық жəне жеке жарақтар. Саяхат ауданына, жыл мезгіліне жəне ауа- райына жылыну тəсіліне, саяхаттың ұзақтығына байланысты керекті топтық жəне жеке жарақтардың жол дорбалары мен шатырлардың түрлері. Жорық төсектері, шатырды құруға арналған жарақтар, ошақ, жөндеу құрал жиынтықтары. Алау түрлерімен (шалаш, құдық, перамида, таежный, траншея, «заборчик», «решетка», «аңшының ошағы» т.б.) таныстыру, қолдалынуы, тəртібі (Алауды қатты желден сақтау; оған ауа келіп тұруды қамтамасыз ету; жылынуға - кең жағылған, тағам дайындау үшін - конус тəрізді алауларды пайдалану т.с.с. ) туралы ұғындыру.
Шаңғы туризм техникасы
Далалалық жорық шығып, шаңғы туризм техникасы бойынша жарыстың кезендерімен танысу, оның ішінде тропление лыжни, дюльфермен түсу, жумармен көтерілу, слалом арқылы түсу, тежеп түсу жəнеде тағы басқа кезеңдері. Балалар көрсетіп үйрету. Көмекке нұсқаушылармен жұмыс істеу
Үсікке алғашқы медициналық көмек көрсету.Турист гигиенасы.
Жорықтағы туристке алғашқы медициналық шұғыл көмек көрсету. Қансорғыш жəне улы жəндіктерден (маса, сона, кене, ара,жылан т.б.) сақтану шаралары. Денеден күн өөткенде, суға батқанда, түрлі жарақат алғанда, суық тигенде, үсігенде, ас қорту жолдары ауырғанда, күйгенде медициналық көмек көрсету. Жүру кезіндегі денені қажаудан сақтау шаралары, өзін-өзі бақылау əдістері. Жуыну, шомылу, шынығу, дене, аяқ, тіс тазалығын күтіп ұстау. Тіс пастасын, сабын жеке бас керектілерін үнемі алып жүру.
Өлкенің, қала тарихы. Облыстық өлкетану музейіне экскурсия
Жол жүру ережесімен танысу. Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег жəне қыпшақ тайпаларының мекен-
тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Орал қаласының жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Əбдірахман, Əбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тəкие немесе мүридтер жəне ел кезген дəруіштер аялдайтын кəделі орын (резиденция) тəкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастады. 17 ғасырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын əскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) жəне Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар əлеуметтік жіктелудің нəтижесінде кедейлер (“голытба”) мен байлар (“домовитые”) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен “Орал қаласы”, ал оның тұрғындары “Орал казактары” болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751,
1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында социалды-демократиялық үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ə.Əйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сəуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сəуірде Оралда Жұмысшы, шаруа жəне солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. Орал губерниясы қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркəсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы жəне 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990) Орал қаласында ірі машина жасау жəне металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл жəне тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды.
10. Топографиялық əзірлік.Компостың құрлысы.
Туристік жорықтарда көп қолданылатын компостың түрі Андрианов компосы. Айналаны бағдарлауға арналған құралдың түрлері: туристік компос, спорттық жəне тау компасы жəне оқулық компосы.
Қазір көп қолданылатын компостың түрі спорт – 4 суықтық компос Компоспен жұмыс істеу əдісі.
Ең қарапайым көкжиек тұстарын табу.
Картаны компос арқылы бағдарлау.
Дəл тіркеу (Прямая засечка)
Кайтара тіркеу (Обратная засечка)
Компосты қолдана білу ережесін жұмыс істегенде есте сақтау.
Компос арқылы картамен жұыс жасау, картадан тұрған жеріңді табу. Масштаб арқылы ара қашықтықты анықтау.
Жорықтар кезінде бағдар жасау қозғалыс бағытын дұрыс таңдап алу жəне маршутқа байланысты дұрыс сақтау үшін қажет.
Топ серуен мезгілінде көкжиек жақтарын компос, күн, ай жұлдыздармен жергілікті тарихи табиғи кешендерге қарсы анықтауға болады.
Жергілікті заттардың көптеген ерекшелігі, олардың күнге байланысты орналасуына қарай. Мысалы: Ағаштардың қарағай қабығы солтүстік жағында кедір бұдырлы келеді мүктер қыналар өседі. т.б.
Жас бағдарлаушылар үшін көкжиек тұстарын бағдарлай білу, туристер үшін жорықтарды жарыстарда маңызы зор.
Азимутты анықтау. Тұратын жерін бағдарлау.
Туристік жорықтарда қашықтықты қадаммен, көзбен, уақытпен, дыбыс арқылы өлшеуге болады.
Туристік жорықта қашықтықты қадаммен өлшеген қолайлы бірақ турист өз қадамының орташа ұзындығын білу қажет.
Мысалы: 2 орташа қадам 1 метр шамасындай, 15 минутта 1 км, 1 сағат 4 км жол жүреді. т.б.
Қашықтықты жоғарыда айтылған əдістермен анықтай, отырып жүрген бағытқа бағдарды ұстауға болады.
Жорық кезіндегі бағдарлау ж\е туристік карталар. Қауіпсіздік ережелермен танысу. Жорық уақытында жергілікті жерді бағдарлап алу өте қажет. Географиялық жəне топографиялық картаның шартты белгілері. Масштаб, карта, компос жəне жергілікті кешендердің түрлі ерекшеліктері арқылы бағыт табу. Картадан өзін тұрған нүктені табу, картаның көшірмесін жасау жəне үлкейту. Жол бағытының сызбасын сызу. Жарыста, жорықта картаны пайдалана білу. Жол бағыты учаскесін, көз мөлшерімен түсіру. Картамен сызба нұсқаны жарық кезінде пайдалана білу.
Туристік кедергілерден өтіп үйрену. Батпақтан тастар, альпеншток арқылы өту. Жіп арқылы өткелдерден өту. Шатыр құру жəне жинау. Рюкзак оның түрлері. Зембіл байлап үйрену.
Жеке жəне топтық жабдықтарды дайындау, бағыттың сызбасын сызу жəне оқи білу. Туристік сақтандыратын құралдармен жұмыс жасау. Бағдарды анықтау құралымен юұмыс жасау. Шатырды құру əдіс- тəсілдерін білу жəне туристік түйінді байлауды білу.
Жорық ұйымдастыру.
Оқушыларды топтық жорықтың түрлерімен (экскурсия, демалыстық жорық, таным жорығы, бір күндік жəне екі күндік топ серуен, экспедиция, көп күндік жорық) таныстырып, жорыққа шыққанда сақталатын қауіпсіздік ережелерін айту. Топ серуен алдында оқушыларды міндетті түрде дəрігерлік тексеруден өткізіп, денсаулық жағдайларын біліп алу. Серуен уақытында топ мүшелерінің атқаратын міндеттерін белгілеу. Топ серуен аяталғаннан кейін күнделікті толтыру жолдарын айтып түсіндіру жəне т.б
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
Бардин К.В. Азбука туризма. Пособие для руководителей туристких походов в школе.- М.:, «Просвещение», 1973 г.
Ғылыми- əдістемелік журнал «Соқпақ- топинка» 2006- 2010 ж.ж.
Жиздыбаев Т.К. Школьный туризм и краеведение РК. – Алматы, 2001
ж.
Куликов В.М., Константинов Ю.С. Топография и ориентирование в туристком путешествии.- М., 1997 г.
Куликов В.М., Ротштейн Л.М. Школа туристких вожаков: Учеб.- метод. пособие- М.: Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС», 1999 г.
Мазбаев О.Б. Туризм жəне өлкетану негіздері: Оқу құралдары /О.Б.
Мазбаев, Б.Н. Атейбеков, Б.К. Асубаев.- Алматы: Каз ҰПУ, 2006 ж.
Маслов А.Г., Константинов Ю.С., Дрогов И.А. Полевые туристкие лагеря.- М.: «Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС», 2000 г.
Туризм и спортивное ориентирование. Учеб. Для ин-тов и тех- мов физ. Культ./ Сост. Ганопольский В.И.- М.: Физкультура и спорт, 1987 г.
Достарыңызбен бөлісу: |