Шыны бұйымдарын алу әдістері
Қалыптастыру – суытылған жабысқақ массаны алып, оны белгілі бір формаларға батырамыз, сосын бір формада қалыптасқан ыдыс құйылады, бұл тәсілді пайдаланып қолмен не машинамен форма қалыптастыруға болады.
Пресстеу – шыны массаның жабысқақ бөлігін матрицаға немесе ыдысқа салады, сосын оны арнайы поршенмен басады, нәтижесінде пресстенгеннен соң бұйым белгілі бір матрицаның формасында қалыптасады.
Үрлеу арқылы – ауа қысымымен жабысқақ шыны массасын үрлейді, сосын белгілі бір форма пайда болады, бұл өте ежелгі тәсіл. Ауамен үрлеуді қолмен істеп әртүрлі формалардағы шыны заттарды жасауға болады, олардың өлшемін де реттеуге болады. Стеклодувтар барлық жоғары оқу орнының лабораториялық ыдыстарды жасауда қолданылады. Машинамен механикалық үрлеу арқылы құтылар, бөтелкелер жасалады. Ол үшін ең алдымен үлгісін дайындайды, сосын оны үрлеу арқылы қажет ыдысты жасайды.
Дротты тарту – бұл тәсілдің принципі шыны массасы үзіліссіз ағыспен ішінде ауа беретін каналы бар жүрекшеге құйылады.
Керамикалық материалдарға фарфор, фаянс жатады. Олардың құрамына лай (коалин), кварц құмы және дала шпаты кіреді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы, фаянсте дала шпаты аздау, ал фарфор фаянсқа қарағанда беріктеу. Фарфор мен фаянс күйдірген соң арнайы пеште бетін (сыртын) жылтырататын затпен жалатады, ол ыдысқа беріктік, ыстыққа төзімділік және изоляциялаушы қасиет береді.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Шыны және фарфордан қандай медициналық бұйымдарды дайындайды?
Шыны бұйымдары дегенді қалай түсінесіз?
Медицина мен фармацияда қандай шыны түрлері қолданылады?
Металл бұйымдарын алудың қандай әдістерін білесіз?
Керамикалық бұйымдарға қандай заттар жатады?
Тақырып №8. Пластикалық массалар және басқа да металдық емес материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |