Рецензенттер


Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)



бет20/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Фармацевтикалық тауарлар ассортименті дегеніміз не?

  2. Тауарлар класы, тобы, түрі, әртүрлілігі дегеніміз не?

  3. Ассортимент құрылымы дегеніміз не?

  4. Ассортименттердің қандай сапалы көрсеткіштерін Сіз білесіз?

  5. Ассортименттермен басқару қалай жүргізіледі?


Тақырып №15. Дәріханалық жүйедегі тауартану операциялары


Мақсаты: Студенттерді дәріханалық жүйедегі тауартану операцияларымен таныстыру.


Дәріс тезистері: Дәріханашыларға тауар қоймалардан, базадан және басқа жеткізушілерден келіп түсетіні барлығына белгілі. Ал өз кезегінде дәріхана қоймаларына тауар, жеткізу шарттары туралы кеілсім шарт негізінде жасалған тапсырыс – мәлімдемеге сәйкес жабдықтаушыдан түседі.
Қабылдау комиссиясының ережесіне сәйкес, негізгі міндеті – нұсқау талаптарына сай, түскен тауардың жарамдылығын анықтау, тауар қабылдаудың сандық және сапалық бағасын қағаз жүзінде ресімдеу. Осы мақсатта түскен тауарға сараптамамен талдау жасалады, лабораториялық талдау нәтижелерін алғанша, тауар қабылдау бөлімінде сақталады.
Улы және есірткілік заттар түсу кезегімен улы дәрілер бөліміне ауыстырылады, талдауға сынама алу бақылау комиссиясының мүшесімен есірткілік және улы дәрілік заттар бөлімінің мүшесімен жүргізіледі. Басқа фармакологиялық тауарлар, оперативті бөлім мен дәріханаларға, емдеу – профилактикалық мекемелеріне жіберу, лабораториялық талдау мен сараптама нәтижелерін алғаннан кейін жүзеге асады.
Тауар қабылдау талдауға, талдауға сынама алу, оперативті бөлімдерге тауар босату әрекеттерін қабылдау комиссиясы «Келіп түскен жүк тіркеу журналы» «Жеткізушілердің есеп тіркеу журналында» құжатты түрде ресімдейді.
Қойма бөлімдерінде тауар айналу есебі номенклатуралық, сандық, соммалық түрде қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі, күнделікті тауар түсімі (кіріс) және шығарымы (шығыс).
Тауарды жеткізу келісім-шарты жабдықтаушы мен алушы, яғни зауыт пен бас мекеме ПО «Фармация» (дәріханалық қойма) арасында жасалады, келісім-шартта көрсетіледі:

  • атауы, тауар саны;

  • келісім-шарттың жарамдылық мерзімі;

  • есеп айырысу түрі мен кезегі;

  • төлемдік және почталық реквизиттері;

  • ассортименті, тауар түсуінің мерзімі мен кезегі, сапасы, орау-байлау ыдысы;

  • заңға сәйкес басқа шарттар және жабдықтаушы мен алушы арасындағы шарттар.

Фармакологиялық тауарлардың жабдықталу ерекшеліктері №812 бұйрық 11.10.73 ж. «Медициналық өнімді жабдықтаудың ерекше шарттары» арнайы нұсқауында айтылған, мұнда жабдықталу кезінде дәрілік заттардың жарамдылық мерзіміне аса назар аударады. Мысалы: жабдықталу уақытында дәрі-дәрмектер 80%, бактериялық дәрі-дәрмектер, стаматологиялық және полимерлі заттар 50% жарамдылық мерзімі болу керек. Жарамдылық мерзімі 2 жылдан асатын дәрі-дәрмектер, сатып алушыға жарамдылық мерзімі 1,5 жыл болғанда тиеп жөнелтіледі, ал жарамдылық мерзімі аз дәрі-дәрмектер сатып алушының рұқсатымен тиеп жөнелтіледі.
Сақтау кезінде жарамсыз болған тауарлар құны айыпты адам болған жағдайда дәріхана мекемесінің шығыны ретінде құралады, ал болмаса шығарылымға акт арқылы ресімдейді. Шығарылымда талдау нөмірі мен дәрі-дәрмектің жарамсыздығы туралы КАНЛ шешімінің күнін көрсету керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет