Кесте 1 - Әртүрлі тігу материалдарының қолдану аймақтары
Аймақары
|
Тігу материалдары
|
Тері:
-
тері асты клетчаткасыз
-
тері асты клетчаткасымен
|
капрон, лавсан, зығыр, жібек, этибонд, моножіптер
кетгут, викрил, ПДС, ПГА, марлен
|
Бұлшықет
|
капрон, кетгут, викрил, ПДС, ПДСИ, ПГА, дексон
|
Апоневроз
|
капрон, лавсан, полиэфирді жіп
|
Сіңір
|
капрон, этибонд, пролен, нуралон
|
Сүйек қабығы
|
Капрон
|
Қатты ми қабығы
|
капрон, лавсан
|
Нервтер
|
капрон, пролен, этибонд
|
Буындар
|
капрон, пролен
|
Бронхтар
|
капрон
|
Өкпе
|
кетгут
|
Бауыр
|
кетгут, викрил
|
Миокард
|
капрон, жасанды сіңірілмейтін материалдар
|
Несеп жолы
|
кетгут, викрил, ПДС, ПГА
|
Бүйрек
|
монокрил, викрил, ПДС
|
Жатыр түтіктері
|
капрон,кетгут, викрил
|
Микрохирургия
|
этилон, пролен, викрил
|
Көз хирургиясы
|
этилон, пролен, викрил, ПДС
|
Стомотология
|
полиэфирлі жіп, полипропилен
|
Тауартану талдаудың жобасын жасау
Не істеу керек?
|
Қалай істеу керек?
|
Не қолдану керек?
|
Өзіндік бақылау
|
Атауын, тағайындалуы мен анықтаңыз
|
Аспаптарды қолдану туралы білімді пайдаланып, жіктелуін анықтаңыз (функционалды қасиеті мен конструкциялық ерекшеліктері)
|
Тақырыптың логикалық құрылымын
|
|
Аспаптың өлшемі мен тауар түрін анықтаңыз
|
Аспаптардың сыртқы көрінісіне және құрылымдық ерекшеліктеріне негізделе отырып тауар түрін анықтаңыз. Аспап өлшемі жалпы аспап ұзындығымен, ал ұзындығы мен кеңдігінен анықталады. Тауар түрін инедегі таңбалау арқылы анықтауға болады
|
Кітап, каталог, практикум
|
Аспаптың сыртқы көрінісі мен каталогтағы суретін сәйкестендіру арқылы
|
Аспаптың сапасын анықтаңыз
|
А) комплектілігін бағалау
Б) сыртқы ақауларды визуалды тексеру
В) функционалды қасиеттерін зерттеу
|
Бұйымға НТҚ, практикум, кітап
|
Бұйымды зерттеу нәтижесі мен НТҚ талаптарын сәйкестендіру
|
Аспаптың жарамдылығы туралы қорытынды жасаңыз
|
Өз нәтижелеріңіз бен техникалық талаптарды сәйкестендіріңіз
|
Бұйымға НТҚ
|
Егер құрал техникалық талаптарға сай келсе, онда ол пайдалануға жарамды
|
Тауартану сараптамасы актісін рәсімдеңіз
|
Тауартану сараптамасы актісін толтырыңыз
|
Акт формасы
|
Тауар атауын каталог бойынша тексеру
|
Залалсыздандыру
Тігу матерриалдарын залалсыздандыруға келесі тәсілдер қолданылады:
-
Х-сәулесімен залалсыздандыру (тігу материалдарының көпшілігі);
-
Этиленоксидпен залалсыздандыру (сіңірілетін жасанды материалдар үшін).
Автоклавтау тәсілі – емдеу мекемелерінде тігу материалын дайындауда қолданады.
Хирургиялық инелер
Медициналық тәжірибеде иненің келесі түрлері қолданылады:
-
хирургиялық инелер (көп реттік);
-
жарақатсыз хирургиялық инелер (бір реттік);
-
шаншылатын инелер (жүзінің түрі дөңгелек - А);
-
кесуші инелер (жүзі үшқырлы - В).
Конструкциясына байланысты:
-
0-тіке;
-
1-тіке, соңы иілген;
-
2/8 сүйірлене иілген;
-
3/8 сүйірлене иілген;
-
4/8 сүйірлене иілген;
-
5/8 сүйірлене иілген;
Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша жауап, тестілеу.
Бақылау (сұрақтар,тесттер,тапсырмалар)
Сұрақтар:
-
Тігу материалдарының жіктелуін көрсетіңіз?
-
Сіңірілетін тігу материалына қандай материалдар жатады?
-
Сіңірілмейтін тігу материалына қандай материалдар жатады?
-
Тігу материалдарының сапасына қандай талаптар қойылады?
-
Тігу материалдарының сақталуы мен залалсыздандыруы қалай жүргізіледі?
-
Хирургиялық инелерге сипаттама беріңіз?
-
Хирургиялық инелердің қандай түрлері мен өлшем түрлері шығарылады?
-
Хирургиялық инелердің сапасын тексеру қалай жүргізіледі?
-
Медициналық тігу және тігіндегіш құралдары дегеніміз не?
Ситуациялық есептер:
-
Хирургиялық инелер алғаннан кейін кейбір қораптардың таңбалануының көшіп кеткендігі байқалды. Хирургиялық инелердің дәл таңбасын қандай көрсеткіштер бойынша білуге болады?
-
Хирургиялық инелер қораптан төгіліп қалды. Оларды кімнің жетекшілігімен жинау қажет.
-
Травматикалық инелердің таңбасы бойынша қалыңдығын қалай анықтайды?
Өз бетімен атқаратын жұмыс:
№1 Тапсырма: Ақпаратты-дидактикалық блокпен танысу.
Хирургиялық инелер мен тігу материалдарының жіктелуіне талдау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |