а) біртегістігін, қолдарында ақауы серіппесі мен жұмысшы соңғы бөлігінде деформация жоқтығын;
б) түйметәрізді зондтың жұмысшы бөлігінің дөңгелектігін, белгілері бар зондтың белгі жиілігін, найза тәрізді және өткір зондтардың өткірлігін.
2. Зондтың серпінділік қасиетін тексеріңіз, жұмысшы бөлігінен қатты заттарды басқан кезде зондтау серпінді болуы тиіс.
Құлаққа арналған шымшуырдың сапасын анықтау тәсілдері Есту түтігінен бөгде заттарды алу және тампондар енгізу үшін қолданылады.
Қарау арқылы бетінің тазалығын, аспап шеті мен барлық қырларының дөңестігінін тексеріңіз.
Аспапты қысу және жіберу арқылы:
а) жақтарының ауытқуы жоқтығын;
б) папирос қағазы арқылы жақтарының толық түйісуі мен жақ іздерінің толықтығын тексеріңіз.
3. Аспап серпінділігін (қысып тұрған шымшуырды жібергенде, екі жартысы өз орындарына бару керек).
Тампондық қысқыштар сапасын анықтау тәсілдері Құлақ пен тамақ қуысына тампон енгізуге және полип немесе өсінді мен грануляцияларды алу үшін қолданады.
Қарау арқылы тексеріңіз:
а) деформация жоқтығын, бетінің тегістігін;
б) жақтарының жұмысшы беттері дөңестігінің бір келкілігі мен толықтығын.
2. Қысқышты қысу және жіберу арқылы:
а) бекіткіштегі қимылдың жеңілдігін және люфт жоқтығын тексеріңіз;
б) жақтарының шетке ығысуының (қалыпты жағдайда 0,2 мм) жоқтығын тексеріңіз;
в) жақтарының арасына қағаз парағын қыстыру арқылы түйісу толықтығын тексеріңіз;
г) 4-6 қабат дәкені 3 рет қысудан кейін қалдық деформация болмауы тиіс.
Құлаққа арналған аспаптардың сапасын анықтау тәсілдері Мұрын және құлақ қуысына тампон енгізу мен полип және гранулляцияларды алуға арналған.
1. Комплектілігін тексеріңіз
2. Процентезді иненің өткірлігін тексеріңіз
3. Мүйізді пластинканы қыру арқылы кюретканы сынаңыз. Осы сынақтан кейін, кесу жиектерінде кетіктер, жұмсарған бөліктер болмауы тиіс.
4. Ілгектің өткірлігін тексеріңіз. Картон қағазды тескенде, жүзі деформацияланбау және өтпес болмауы тиіс.