а) жамбас өлшегіштің саптарының деформациясы жоқтығын;
б) шарнирдегі саптарының бекітілу беріктігін
в) аспап көрсеткішінің дұрыстығын;
г) бекіткіш бұранданың дұрыстығын
3. Акушерлік қысқыш. Аспаптың келесі техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріңіз: а) қасықшасының иілгіштігін, бетінің тегістігін, қырлары мен бұрыштарының дөңгелектігін; б) хромды және никельді беттерінің зиянсыздығын; в) 900С саптары ашылғанда, бұталары да ашылуын; г) 50х50мм кескінді ағашты қасықшаларының арасында қысу арқылы эластикалығы мен беріктігін тексеріңіз. Қалдық деформация мен ауытқу болмауы тиіс.
4. Кранеокласт. Тексеріңіз: а) аспаптың комплектілігін; б) бекіткіштегі саптарының бекіту беріктігін; в) жақтарының түйісу тығыздығын; г) бұранданың дұрыстығын.
5. Эвакуатор. 1. Қарау арқылы деформация жоқтығын, бетінің дұрыстығын, тегістігін, жұмысшы бөлігі мен тұмсығындағы тесік шеттерінің дөңестігін тексеріңіз.
2. Аспап түтігіндегі серіппенің қозғалғыштығын тексеріңіз.
Білім берудің және оқытудың әдістері:жеке проект, ауызша.
Бақылау: (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар) Сұрақтар: Арнайы медициналық аспаптарды қандай материалдардан дайындайды?