Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғағын, екпінін, динамикасын анықтау. Әндерді музыкалық аспаптың сүймелдеуімен орындау. Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.
Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.
|
Тілдік құзреттілік
|
Оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ыңталандыру. Сүйікті әндері туралы өз ойларын айта алады. Ән қандай көңіл күй сыйлайтынын жеткізеді. Өз сезімін бет-әлпетімен білдіре алады. Пән лексикасы мен терминологиясы: Әнді дұрыс орындау ережесін сақтау.
Ән айтар алдыңда кеудеңмен тыныс ал.
Музыкалық дыбыс.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Үйренген әндерді бізге кім сыйлайды екен? -Егер әнді қосылып бірге айтсақ, ол қалай естіледі?
-Ақын не жазады?
|
Сабақтың басталуы 5-минут
|
Сабақ басталар алдыңда мұғалімнің қалауы бойынша көңілді ән ойналып тұрады. Оқушылармен сәлемдесу: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Здравствуйте, дети!
-Hello, children! «Көбелек» әнін (К. Қуатбаев) қайталау. Әнді көтеріңкі көңіл-күймен, сезімталдықпен орындауға баулу.
|
Сандық жазу құрылысы. Аудио немесе бейнежазба
|
Сабақтың ортасы
4-минут
2-минут
5-минут
14-минут
|
Біз қай сабақта отырмыз? Музыка сабағы саған несімен ұнайды? Біз тыңдап, орындап жүрген музыканы кім жазады, білесің бе? Оқулықтан ережені оқып беріп, таныстыру.
Ән тыңдау: «Ән сабағы» - Қ.Қуатбаев.
Қуатбаев – балалар мен жасөспірімдерге арналған әндер жинағының авторы.
Ән көңілді, сергек, жайдары орындалады (оқушылармен талдау).
Балалардың қызығушылығын арттыру үшін оларға Шәрипа, Күлипаның орнына сыныптағы өнерлі қыздардың атын қосып айтуды сұраймыз. –Ақын әннің сөзін жазатынын, ал композитор әнін жазатынын түсіндіру.
Композитор-композитор-composer. Қазақша, орысша, ағылшынша дұрыс айтқызып үйрету. Әнді айту алдыңда, иықты көтермей, демді ішке алу.
Сөздерді анық айту. Әнді мұғалімнің қол қимылына қарап бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау, қарқынды, баяу орындау, ән сазын дұрыс бере білу сияқты ережелерді түсіндіру.
Оқушылардың тыныс алу ережелерін мұғаліммен бірге қайталау және ән айтқан кезде дұрыс орындауын қадағалау. Ән айту кезінде ауызды қалай ашу керектігін айтып түсіндіру. Мысалы, «А» дыбысын айтқанда ауызды кең ашамыз, «О» дыбысын айтқанда ерінді алға қарай дөңгелетеміз. Хорда ән айқанда түзу тұру керек. Сахнада немесе концертте ән айтқанда ән әуеніне сәйкес қимыл жасап әсемдеуге болады. Ән айтып болған соң тыңдаушыларға басыңды иіп, ықыласыңды білдіруді ұмытпа.
Ән үйрену: «Әнші бала» (Ж.Тезекбаев). Оқушыларды есту, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында төрт жолды тез жаттауға фраза-фразаға бөліп үйрету.
Сергіту сәті: Видео бейнеклипте көрсетілген қимыл қозғалысты қайталау.
|
«Ән сабағы» Қ.Қуатбаев
Түрлі түсті суреттер
Суретті карточкалар
Ән айту ережелері
Синтезатор аспабы
Сергіту сәтіне арналған видео материал.
|
Сабақтың соңы 5-минут
|
Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды-солға адымдау, оңға адымдау, 3 рет шапалақтау, пауза (4-ке дейін санау) және басынан қайталамыз. Мұны 3 рет жасату. Әрі қарай осы қимылды қайталай отырып, оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады. Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді бет-әлпетімен салынған суреттерді таңдайды
|
СД музыкалық жазба.
Смайликтер.
|