Рецензенттер


АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК



бет35/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

АҚПАРАТТЫДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Медициналық шприцтер мен шаншуға арналған инелер қолданылады:

  1. Дәрілік сұйықтықты парентеральді енгізуге

  2. Ағзадан әр түрлі сұйықтықтарды соруға

  3. Бірнеше аналитикалық жұмыстарға

Трансфузияға, сору мен тесуге арналған аспаптар дәрілік сұйықтықтың көп мөлшерін парентеральді енгізуге арналған: глюкоза, новокаин ерітінділерін, физиологиялық ерітіндіні және басқалар, ағза қуыстарына жиналған іріңді алу, ота кезінде асқазан мен ішектердің сұйықтықтарын алу, қуыстардағы қанды және плевральді қуыстан ауаны соруға.


Шприцтің сапасын анықтау тәсілі
Қарап тексеру арқылы тексеріңіз:
а) бөлшектер бүтіндігін, ерекше шыныдан жасалғанын;
б) сырылған жоқтығын, шыны біркелкілігін;
в) градуировка жоқтығын;
г) никель қабаты мен металл бөліктерінің зиянсыздығын;
д) комплектілігін.


Ине сапасын анықтау тәсілі
1. Қарап тексеру арқылы тексеріңіз:
а) ине бетінің тегістігін;
б) канюляның никель қабатының зиянсыздығын;
в) әрбір инеде мандренаның болуын;
г) иненің тот басуы мен ақауының жоқтығын.
2. Ине түтігіне мандрен енгізу арқылы, өткізгіштігін тексеріңіз.
3. Иненің серпімділігін тексеру үшін саусақпен канюляға қысым түсіру керек, ине сепімделу керек және қысым түспегенде қалдық деформация болмауы тиіс.
4. Медициналық аспаптардың өткірлігін тексеруге арналған барабанға созылған жұмсақ теріні тесу арқылы жұмысшы бөлігінің өткірлігін тексеріңіз. Ине жұмсақ теріні жай басқанда тесу керек, жұзі өтпес және деформацияланбау керек.
5. Шаншуға арналған иненің нөмірі оның өлшеміне сәйкес келу керек, ұзындығы миниметрлі сызғышпен өлшейді, ал диаметрін – микрометрмен.


Білім берудің және оқытудың әдістері: жеке проект.
Бақылау (сұрақтар,тесттер,тапсырмалар)


Сұрақтар:
1. Сұйықтықты толтыру мен сору, трансфузия, тесу, шаншу үшін қолданылатын аспаптар мен приборларға сипаттама беріңіз?
2. Медицинада қолданылатын шприцтердің типтерін атаңыз?
3. Шаншуға арналған инелердің түрлерін және олардың өлшем түрлерін көрсетіңіз?
4. Пункциялық-биопсиялық инелерге сипаттама беріңіз?
5. Пункциялық-биопсиялық инелердің қандай түрлері бар?
6. Шаншуға арналған пункциялық-биопсиялық инелердің сапасын тексеру қалай жүргізіледі?
7. Трокарлар дегеніміз не және оның қолданылуы?
8. Трокарлардың сапасына қандай талаптар қойылады?
9. Медицинада сұйықтықты толтыру мен сору аспаптарының қандай түрлері қолданылады?
10. Стомотологиялық креслоның қолданылуы және құрылымы?
11. Стомотологиялық аспаптар мен жабдықтарға тауартанулық сипаттама беріңіз?
12. Бор машинаның қандай түрін білесіз?
13. Терапевтикалық стомотология бұйымдарына жатады?
14. Хирургиялық стомотология үшін қандай аспаптар қолданылады?
15. Қосымша стомотологиялық аспаптарды атаңыз?
16. Ортопедиялық стомотологияға қандай бұйымдар мен аспаптар жатады?
17. Стомотологиялық аспаптар мен жабдықтарға қандай тауартанулық талдау қалай жүргізіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет