Сақтау мен тасымалдау
Оттекті баллондарды сақтау қоймасы бір этажды және отқа тұрақты болу керек.
Оттекті баллонды, жанғыш газы бар баллондар мен кальции карбиді, хлорлы әк және жарылғыш қоспасы бар баллондармен бірге бір қоймада сақтауға болмайды.
Температура 350С жоғары болмауы тиіс, қоймада термометр ілінеді.
Оттекті баллондар вертикальді жағдайда және арнайы жұмсақ металмен қапталған ұяшықта сақтайды.
Қоймада «Темекі шекпеңіз» деген жарнама және пайдалану ережелері ілініп тұрады.
Қоймадан 10м арақашықтықта жанғыш материалдар сақтауға болмайды және ашық отпен жұмыс жамауға болмайды.
Қоймадан шығару немесе баллонды тасымалдау қорғаныш қалпақсыз және өшіргішсіз тиым салынады.
Баллондарды әртүрлі көлікте тасымалдау төсеніш салу арқылы жасалады. Төсеніштер баллондарға арнап кесілген ұяшықтан немесе жіптен, резеңкеден жуандығы 20мм, әрбір баллонға 2 сақинадан. Барлық баллондар бір бетке қойылады.
Баллондарды темір жолмен немесе сумен тасымалдауда қорғаныс қалпағын пломбылау керек.
Баллонды тасымалдайтын автомобиль сол жағында алдыңғы бұрышында қызыл жалауы болуы тиіс, 2 көмірқышқылдық өртсөндіргіш, автомобильдің түтігі алдына шығарылады және шешілмелі ұшқын сөндіргішпен жабдықталған.
Оттегіге арналған жастықшаның сапасын анықтау тәсілдері
Науқасқа оттегі беру мен қысқа мерзімге сақтауға арналады:
Қарау арқылы жастықшаның зақымдануларын – кесілгендері, сызықтары, тесіктері бар жоқтығын тексеріңіз. Түтікше мен жастықшаның қосылған жеріне назар аударыңыз, түтікшенің иілуінің салдарынан көп жағдайда резеңке ескіреді және механикалық зақымданулар болады.
Жастықшаның герметикалығын келесі әдіспен тексеріңіз. Жастышаны ауамен толтырады, кранды тығыз жауып, жастықша биіктігін өлшейді, 6 сағаттан кейін өлшеуді қайталайды. Жастықша биіктігінің 5% жоғары болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |