Қысқыштардың сапасын анықтау әдістері
1. Қарап – тексеру арқылы:
а) коррозия мен дефект жоқтығын;
б) еріндерінің ішкі бетіндегі бүртіктерінің толықтығын (жұмсарған және майысқан жерлері болмауы тиіс);
в) еріндері түйісуінің дұрыстығын, 0,2 мм артық түйіспеуі тиіс кремальеры түйіскенде барлық жұмысшы бетінің толық түйісуін тексеру.
2. Бекіткіштің дұрыстығын тексеру, қысқыштың екі бұтасын берік бекітіп, түйіскен жағдайда жылжымалы болмауы тиіс.
3. Кремальердің дұрыстығын тексеру, ол жеңіл түйісіп, әрбір тісшеде берік бекітілу керек. Өздігінен кремальердің ажырауы мүмкін емес.
4. Жақтарының түйісу тығыздығын, аспаптың еріндері арасына папирос қағазын қыстыру арқылы тексеру.
5. Аспапта қалдық деформация жоқтығын келесі тәсіл арқылы тексеріңіз. Қысқыш жақтарының түйісу тығыздығын байқаңыз, кремальерді соңғы тісшеге дейін түйістіріп, дренаж түтікшесі диаметрі 5-6 мм немесе 20 рет қабатталған дәкені үш рет қысыңыз. Осындай жүктешеден кейін жақтарының түйісу тығыздығын қадағалаңыз. Егер қысқыш еріндері тығыз түйіссе, қалдық деформация жоқ.
Шымшуырдың сапасын анықтау әдістері
1. Беті сырылған, дақтары, қатпарлары мен коррозияға ұшырауы болмау керек.
2. Аспап жиегінде өткір шығыңқы жері болмауы тиіс.
3. Жақтарының түйісуін тексеру.
4. Аспаптың тегістігін сипап тексеру керек. Саусақтар ашылғанда бұталары бастапқы қалыпқа келу керек.
5. Жақтар түйісуінің тығыздығын папирос қағазы арқылы тексеріңіз.
6. Автоматикалық шымшуырдың серіппесінің серпімділігін тексеріңіз. Ол үшін металл жақшаларымен (5-10 дана) зарядтаңыз.
Ілмектердің сапасын анықтау әдістері
1. Қарап тексеру арқылы: а) бүтіндігін, б) беттерінің жағдайын, әсіресе жұмысшы беті, тоқындылық кетік, сырылған, жапырылған, дақ және коррозия болмауы тиіс; в) шеттері дөңгелектену тиіс (өткір шығыңқы жерлері болмауы тиіс).
2. Пластинкалы және тісті ілмектердің беріктігін тексеріңіз. Ол үшін 5-8 кг жүкті іліп қою керек. Осыдан кейін тістері деформацияланбауы тиіс. Айнаны, жұмысшы бөлігіне 10 кг жүкті іліп қою арқылы тексереді. Сынамадан кейін қалдық деформация болмауы тиіс.
2. Тісті ілмектердің өткірлігін 2-3 мм қалыңдықты қартон қағазын тесу арқылы тексеру. Осыдан кейін ілмектер қалдық деформацияланбай, өтпес болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |