Рецензенттер


АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК



бет22/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Тігу материалдары ота жасау кезінде хирургиялық тігіс салуда қолданылады. Тігілетін тінге байланысты жібек жіп, кетгут, қағаздан жасалған, капрон жіп, жылқы қылы, металл сым, жақшалар мен металл шегелер, шуруптар мен пластинкалар қолданады.
Металл емес тігу материалдары берік, тегіс, эластикалық, тығыз, капилляры аз, диаметрі тура, залалсыздандыруға тұрақты және түйіндеп байланатын болу керек.
Хирургиялық инелер тігіс салғанда қолданады. Конструкциясына байланысты шаншылатын немесе тесетін, кесетін және арнайы болып бөлінеді. Шаншылатын инелер көлденең кескінде домалақ пішінді болады. Тіндердің арасынан өткенде талшықтарды ығыстырады. Сондықтан бұл инелерді жұмсақ және нәзік тіндерді тігуде қолданады. Кесуші инелер иілген, көлденең, кескінді, үшбұрыш пішінді 2 өткір қыры бар. Тіндердің арасынан өткенде тек жылжытып қоймай оларды үзіп өтеді. Сондықтан кесуші инелер тығыз тіндерді (сіңір, тері, фасция) тігуде қолданады. Арнайы инелерге бауырға арналған ине жатады. Жұмысшы бөлігі өзгеше болып келеді (жұмысшы бөлігі дөңгелектенген).
«Этикон» компаниясының өнімдері көптеген жылдар бойы хирургиялық тігу материалдары нарығында жетекші орында. Тігу материалдары жоғары сапалы, қисықтығы мен шаншу бөлігінің конструкциясымен ерекшеленетін инелермен комплектте әкелінеді. Хирургияда кеңінен қолданылатын викрил, моноприл, пролен, этибонд, этилон атауларының өзі жеткілікті. Ассортиментте 3500 әртүрлі саналады, оның ішінде табиғи және жасанды, сіңірілетін және сіңірілмейтін тігу материалдары, инесіз және тот баспайтын болат пен танталдан жасалған инелер.
TVT (бос синтетикалық ілмек) ТВТ құрылғысы мен тәсілі әйелдерде қысымда зәрін ұстамау кезінде сәтті емдеуге мүмкіндік береді. Лентатәрізді сетканы енгізу арқылы несеп шығатын өзек пен несеп қабын қосымша ұстап тұрады.
Версапоинт – оперативті гистерскопия тәжірибесін өзгерте алатын жаңа құрал. Версапоинт – жатыр патологиясына бір уақытта диагностикалық және емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Американдық «Этикон» фирмасы операциялық жараларға арналған медициналық желім шығара бастады. 5-10 күн ішінде жара жазылады, тігіс салуды керек етпейді.
Тігу материалдарын жіктеуде үш көрсеткішті есепке алады: шикізат пен құрылысы, биодеструкцияға қабілеттілігі.
• Биодеструкцияға қабілеттілігіне қарай келесі материалдарға бөлінеді:

  • сіңірілетін – кетгут, коллаген, полигликолид негізіндегі материалдар (викрил, дексон, максон, полисорб).

  • сіңірілмейтін – жібек, полиамидтер (капрон, нейлон), полиэфирлер (лавсан, мерсилен, этибонд), полиолефиндер (пропен, пропилен) және фторполимерлер (тефлон, фторлон).

• Тігу жібінің құрылысына қарай моножіп және полижіп болып бөлінеді (өрілген, комплексті).
• Тігу материалдары дайындалатын шикізатқа байланысты:

  • органикалық табиғи (ірі қара мал мен қой кетгуты, табиғи жібек, жылқы қылы, целлюлоза, окцелон, риминнен алынған жіптер).

  • органикалық емес табиғи (сым, шеге, жақшалар мен пластинкалар).

  • жасанды немесе синтетикалық (дексон, викрил, моноприл, макон, этикон, лавсан, мерсилен, полиэстер және т.б.).

Заманауи тігу материалдарына биодеградация, жарақатсыздық, биоүйлесімділік пен жіп беріктігіне байланысты қатаң талаптар қойылған.
• Биоүйлесімділік – тігу материалында улы және аллергиялық компоненттер жоқтығымен анықталады.
• Биодеградация – тігу материалының ағзада бөлшектеніп, шығып кету немесе жойылу қабілеті.
• Жарақатсыздық – тігіс салыну кезінде тіндердің минималды жарақаттануын қамтамасыз ететін тігу материалдарының сапасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет