2 практикалық сабақ
Маркетингтік зерттеулер
Маркетингтік ақпарат құрылымы. Ақпаратты талдау және өңдеу жүйесі – шешім қабылдау үшін мәліметтерді өңдеуге және талдауға мүмкіндік беретін, әдістер, амалдар және ресурстар жиынтығы.
Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесінің негізін статистикалық әдістер және модельдер банкі құрайды. Статистикалық банк - ақпараттарды статистикалық өңдеу, арифметикалық операциялар, графиктік бейнелеулер арқылы статистикалық сенімділік деңгейін белгілеуге мүмкіндік беретін ақпараттарды өңдеудің жаңа әдістерінің жиынтығы. Модель банкі - оптималды шешім қабылдауға мүмкіндік беретін экономикалық – математикалық модельдер түрі.
Статистикалық талдау әдістерінің жіктемесін келесі түрде көрсетуге болады:
Коммуникациялық үрдістер:
клиенттермен, жабдықтаушылармен, дистрибьюторлармен жүздесу;
фирманың сауда персоналымен және қызметкерлерімен жүздесу;
мамандандырылған көрмелерге қатысу.
Спецификалық әдістер:
Маркетингтік зерттеулер – бұл маркетингтік және басқару шешімдерін
қабылдауға мүмкіндік беретін және нарықтың айқынсыздығын төмендету мақсатында мәліметтер жинау, өңдеу және
талдау болып табылады.
Маркетингтік зерттеудің мақсаты нақты нарықта немесе оның сегментінде фирманың бәсекелік мүмкіндіктерін анықтау немесе нарық
сұранысы мен тұтынушылардың талаптарын, шығарылған тауарға деген сұранысқа фирманың бағдарлануы арқылы нарықта өз орнын жаулап алу мүмкіндіктерін анықтау, айқындау болып табылады.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |