Рецензенттер


Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)



бет17/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Фармацевтикалық тауарлар қалай жіктеледі?

  2. Нормативті-техникалық құжаттарға түсініктеме беріңіздер?

  3. Фармацевтикалық маркетинг концепциясын қалай түсінесіз?

  4. Маркетингтік зерттеулер дегеніміз не?


Тақырып №12. Медициналық техника бұйымдары мен фармацевтикалық тауарлардың тұтыну қасиеттерін және сапаларын анықтау факторлары


Мақсаты: Студенттерді медициналық техника бұйымдары мен фармацевтикалық тауарлардың тұтыну қасиеттерін және сапаларын анықтау факторларымен таныстыру.


Дәріс тезистері: Емдеу-диагностикалық үрдісте әрбір медициналық техника бұйымдары белгілілі бір қызмет атқарады. Бұйымдардың өзінің пайдалану жағдайына толық сәйкес болуы үшін белгілі бір қасиеттері болуы қажет. Осы қасиеттердің жиынтығы сол бұйымның қажеттілігін және белгілі бір мақсатта пайдалануын сипаттайтын қасиеттері сапасын анықтайды.
Негізгі көрсеткіштеріне функционалдық қасиеттері немесе сол заттың негізгі функционалды мақсатын орындау сапасы. Сонымен бірге бірқатар қосымша көрсеткіштері де орын алады, олар бұйымды дайындаудың техникалық көрсеткіштеріне жазылады.
Сапаның біржақты көрсеткішін де бөлуге болады, ол тек өнімнің бір түріне ғана жатады және де комплексті көрсеткіштері болады, ол өнімнің бірнеше қасиеттеріне жатады. Комплексті көрсеткіштерін анықтау тиімдірек, себебі ол сапаның сенімді және тез бағасын көрсетеді.


Медициналық бұйымдарды бағалау әдістері
Жоғарыда айтылғандай, бұйымдардың маңызды қасиеттері сандық көрсеткіштермен көрсетіледі, оларды өлшейтін құрал – аспаптар мен приборлардың көмегімен анықтауға болады. Егер бұйымның бүкіл қасиеттерінің деңгейін сандық көрсеткіш арқылы сапасын анықтасақ, эксплуатациялық деңгейін біле алсақ, онда сол заттық сапалық бағасын да анықтау қиын болмас еді. Ол үшін тек өлшем оны талаптармен салыстыра бүкіл мақсатқа жетуге болатын еді, бірақ бұйымның кейбір сапалық сипатын өлшем арқылы ғана анықтау жеткіліксіз, себебі оларда тікелей өлшеуге мүмкін емес.
Мұндай әдістер сыртқы кемістіктің бар не жоғы туралы фактілерді анықтауға қолданылады.
Сапа көрсеткіші сандық өлшемдік белгілері мен анықтауды әртүрлі өлшеу аспаптары мен приборларын қолдану арқылы тексереді, ол дәлме-дәл нақты қажетті өлшемді береді.
Сондықтан, заттың сапасын тексеру – өте күрделі және еңбек талап ететін үрдіс, көбінесе қымбат аппараттарды қолдануға тура келеді және де бұйымның бұзылуы, беріктілікке тексеріледі.
Сондықтан бүкіл тексеріс комплексі – бұйымның сапасын бағалау зауытта өтеді және оның пайдалану мерзімі, сақтау, қолданудың ең төменгі сандық циклін бекітеді. Сонымен бірге өндіріс орындары қолданыстағы материалдарды да бақылау жасауда қамтамасыз етеді, зауыттың ОТК-сы зауытқа әкелетін шикізат материалдары мен жартылай фабрикаттарды да бақылау жасайды.
Тұтынушы тарапынан сапасына бақылау жасау өте қарапайым зауыттағы қарағанда, көбінесе көзбен көріп, не қарапайым стандартты аспаптар мен қарапайым сынақ әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұйымдардың ең жақсы үлгісін таңдау үшін анда-санда сапаның интегральді көрсеткішін қолданады – ол комплексті көрсеткіш, бұл көрсеткіш бұйымды эксплуатациядағы пайдалы эффектісінің, ол бұйымды сатып алу және эксплуатация жасау үшін қаражаттың суммарлық арақатынасын бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет