Қорытынды сұрақтары (кері байланыс): Медициналық техника және фармацевтикалық тауарлардың сапасы туралы түсініктеме беріңіз?
Сапаның қандай көрсеткіштерін білесіз?
Медициналық бұйымдардың сапасын бағалаудың қандай әдістерін Сіз білесіз?
Сапаның интегральді көрсеткіштері туралы сипаттама беріңіз?
Тақырып №:13 Медициналық бағытта қолданылатын тауарлардың таңбалануы, орау-буу, тасымалдау және сақтау
Мақсаты: Студенттерді медициналық бағытта қолданылатын тауарларды таңбалануы, орау-буу, тасымалдау және сақтаумен таныстыру.
Дәріс тезистері: Сиымдылық – белгілі бір мөлшерде өнімді не дәрілерді салу үшін қолданылады, ыдыс деген түсінікпен анықталады.
Орау-буу – ыдыстан және қосымша заттардан тұратын комплекс, ол орамдалатын өнімнің тұтыну және техникалық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, орлакон-ыдысы, дәрілік препараттар салынған құтылар, тығынмен немесе капельницамен, этикеткамен және т.б. қосымша заттармен беріледі. Алғашқы орамдау дәрілік формаларды соның ішінде сақтап қалу үшін жасалынатын қажетті жағдай. Дәрілік формалармен тікелей байланыста болғандықтан, оған ерекше талаптар қойылады:
Газ және буөткізбеушілігі;
Дәрілік заттарға химиялық салғырттылығы;
Әртүрлі сыртқы әсерлерге тұрақтылығы мен беріктігі;
Жарықөткізбеушілігі;
Микроорганизмдерге төтеп берушілігі.
Екіншілік орамдауға мына талаптар қойылады: алғашқы орамдаудың сақталуын қамтамасыз ету және дәрілік заттарды де қарапайым ыңғайлы тіркеу және бақылауды қамтамасыз ету.
Транспорттық орамдау дәрілік препараттарды тасымалдау, оны толық қорғау, түгелдей түрде сақтауды қамтамасыз етеді.
Орауыштардың арнайы түрлері 1. Компоненттерін жеке-жеке бөлектеп сақтау түрінде орау-буу. Тұрақсыз дәрілік заттарды, өзінің белсенділігін жоғалтатын ерітінді немесе тек пайдалану алдында ғана дайындалатын препараттарды комплектілер ретінде дайындау кезінде жеке орамдайды. Ереже бойынша комплект 2 ыдыстан тұрады (флакондар немесе ампула мен флакон). Ерітінділермен бірге препараттардың комплектісі будан немесе картоннан жасалған секциялық қорап ретінде, не қораптың ячейкаларында орналасқан түрде, не екі жақты комплексті пленкада буып түйіледі. Шет елде комбинирленген буып-түю көп қолданылады, ол дәрілік заттардың бір-бірімен бөлек түрде сақтауды қамтамасыз етеді, оларды бір орамада бөлек камераларда орналастырады, тек қолданған кезде ғана араластыруға дайын.
2. Дәрілік препараттарды ылғалтартқыштармен бірге орау-буу. Көптеген дәрілік заттар сыртқы орта факторлардың әсеріне төтеп бере алмайды (ылғал, жарық, ауаның О2). Сондықтан шет шет ел фирмалары оларды сақтау үшін ылғал сорғыштарды қолданады. Ылғалсорғыштар арнайы қапшықтарда гранула түрінде, капсула немесе таблетка түрінде қолданылады. Ылғалсорғыш орамалар көбінесе ылғалды тропикалық климатты елдерден әкелінетін медикаменттер үшін жиі қолданылады.
3. Бір дозалы дәрілік заттарды орау-буу – дәрінің бір дозасы басқа дозадан бөлек қолданылатын уақытына дейін сақталады, сонымен бірге жеке этикеткамен жабдықталады. Қосымша дәрілік препараттарды қолданбай-ақ берілген өлшемдегі дозадан дәрілік препараттарын қабылдау мүмкіндігі дозаны «мах» тазалықта, қажет болса препараттың стериьдігі бірдозалы орамамен медициналық тәжірибеде ыңғайлылығына байланысты бірінші орынға қояды. Кемшіліктері: орама қымбаттау, дайындау мен орамдау көптеп еңбекті қажет етеді.
4. Балалар тәжірибесінде орау-буудың арнайы түрлері. Дозасы 1мл-ге дейінгі сұйық дәрілерді дозалау үшін себілген құрылымдық тығыны бар және кішкене мензурка ретінде жасалады.