Реферат қабылдаған:Құралбаева Әлия. Орындаған:Ілесбек Сымбат. Тобы: ппм-811. Бақылау сұрақтары


Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі68,26 Kb.
#110202
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, ИАП-сессия, Латын -қазақ термин сөздік, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу

Сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минөт сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Тамыр соғысын сол қолдың немесе мойындағы күре тамырдың қан тамырын ортаңғы үш саусақтың ұшымен ақырын басып санау арқылы есептейміз. Тамыр соғысы 10 секөнд бойы есептеледі де 6-ға көбейтіліп, бір минөттағы жүрек соғу жиілігі анықталып отырады. Ол көрсеткіш хаттаманың № 2, № 3 бағанасына жазылады. № 4 «Қимыл-әрекет түрлері» бағанасына тамыр соғысын есептеу алдында оқушының орындаған әрекет түрі жазылады. Тамыр соғуын өлшеу мәліметтері хаттамада көрсетілген (1-кесте).

1-кесте. Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау хаттамасы

Күні ...


Сынып...

Сабақ міндеттері ...

Сабақ жүргізуші ...

Хаттама жүргізуші ...

Бақылаудағы оқушы ...

Тамыр

соғысын

есептеу уақыты


Ж С Ж

--- -----


Қимыл-әрекет түрлері


Ескертулер



10 сек ---1 мин

Сабаққа дейін

12

72

Тыныштық күйінде




3

14

84

Сапқа тұру, сабақ міндетін хабарлау




6

16

96

Жүру жаттығулары




9

20

120

Жүгіру жаттығулары




12

21

126

ЖДДЖ орнында тұрып орындау




15

22

132

ЖДДЖ қозғалыста орындау




18

19

114

Оқушыларға жаттығу

техникасын түсіндіру






21

24

144

Допты қос қолмен жоғарыдан қабылдау




24

26

156

Допты қос қолмен төменнен қабылдау




27

20

120

Допты торға түсіру әдісін түсіндіру




30

28

168

Жүгіріп келіп допты торға түсіру




33

31

186

«Баскетбол» ойынын ойнау




36

25

150

Орнында тұрып допты торға лақтыру




39

22

132

Орнында тұрып допты торға лақтыру




42

19

114

Босаңсыту жаттығулары




45

14

84

Қорытындылау, баға қою



Әрбір 3 мин сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.



190-


180-

170-


160-

150-


140-

130-


120-

110-


100-

90-


80-

70-


3 6 9 12 15 18 21 24 27 30 33 36 39 42 45
1-сурет. Жүктеменің физиологиялық өзгерістерінің қисық сызығы
Осы қисық сызықтарды қарау арқылы біз дене тәрбиесі сабағының кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінде сабақ жүктемесі қалай берілгенін білуімізге болады. Дұрыс өткізілген сабақтың кіріспе бөлімінде жүктеме біртіндеп көтеріледі, жүрек соғу жиілігі 130-140 соғу/минөт деңгейіндегі, кіші және орта жүктемеде орындалады. Сабақтың негізгі бөлімінде жүктеме жоғарылап екі-үш жүктеме шыңдарымен өткізіледі. «Жүктеме шыңдары» дегеніміз – жоғары жүктеме беру көрінісі. Біздің графигімізде ол 24-ші және 33-ші минөттарда көрініс беріп тұр. Дұрыс өткізілген қорытынды сабақ бөлімінде жүктеме төмендетіліп, жаттығушылар ағзасы бастапқы қалыптарына жақындаулары керек. Біздің үлгі ретінде көрсеткен суретімізде дене тәрбиесі сабағының дұрыс өткізілген көрінісін көріп отырсыздар (1-сурет).

Дене тәрбиесі мұғалімі осы қисық сызықтар суреті арқылы сабақ бөлімдеріндегі жүктеме нәтижелерін айқын көруіне, сол арқылы келешек жұмыстарына өзгерістер енгізулеріне болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет