Реферат адам құқықтары түсінігі. Азаматтық алу және тоқтату Пәні: Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың механизмі



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі25,62 Kb.
#173118
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Адам құқығы түсінігі реферат


Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы

РЕФЕРАТ

Адам құқықтары түсінігі. Азаматтық алу және тоқтату

Пәні: Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың механизмі.

Орындаған: Жолдасбаев Б


Тексерген: Сұлтан Ж.А
Алматы қаласы 2022ж


Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

  1. Адам құқықтары туралы түсінік беру

  2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

  3. Азаматтық алудың жолдары және оны тоқтату

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-ғасырдың екінші жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды.

Адам құқықтары - адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары - адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.
Табиғи құқықтар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы; өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы; білім алуға, еңбек етуге, байқуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге т.б.) құқықтары.

Негізгі бөлім
Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында бекітілген, тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен да кепілдік берілген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген.
БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған. Осы күн “Адам құқықтары күнi ” деп тағайындады. Осы аталған декларцияда маңызды мән-жайлар көрсетiлген:
1-бап: “Барлық адамдар туғанда еркiндiкте және өзiнiң беделiне, ар-намысына сай болады.” Адамдар бiр –бiрiмен сана-сезiмiн және ар-намысын сақтай отырып аға-iнiлiк қатынасты сақтау керек болады;
2-бап: Барлық адамдар оның нәсiлiне, ұлтына, тегiне,тiлiне, әлеуметтiк жағдайына және басқа да мән-жағдайына қарамастан жалпы құқыққа және еркiндiкке ие болады.
3-бап: Әрбiр адам өмiр сүруге, өзiнiң жеке басына қолсұқпаушылық пен еркiндiгiне құқылы болады.
4-бап: Құлдыққа, құлдыққа сатуға және басқа да әр-түрлi ерiксiз мәжбiрлеу жұмысына салуға ешкiмде тартылуға тиiстi емес.
5-бап: Ешкiмде және ешқашанда айуандыққа, аяусыз азапқа тартылуыға мүмкiн емес.
6-бап:Әрбiр адам қайда жүрсе де өзiн құқық субъектiсi деп тануға құқылы.
7-бап:Заң алдында барлық адамдар тең және өзiн қорғауға тең құқықта болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет