Азаматтық алу
Азаматтық — тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет.
Азаматтық:
а) туған кезде;
б) халықаралық келісімшарт негізінде натурализация әдісімен;
в) шағымдану және қайта қалпына келтіру жолдарымен алынады.
Туғаны бойынша азаматтыққа ие болу. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларын зерттеу мынаны көрсетіп отыр: туғаны бойынша азаматтықты алу 2 қағидаға негізделетіндігін:
1) қан құқығы қағидасы- тұлғаның азаматтығы ата-анасының азаматтығына байланысты және туған жеріне байланыссыз ие болуы.Европаның көптеген мемлекеттері осы қағиданы ұстанады, мысалы, Австрия, Норвегия, Италия, Финляндия және т.б.
2) топырақ құқығы қағидасы –бастапқы сәт болып мемлекететрдің территориясы болып табылады, қай мемлекеттің территориясында адам туса; бұл кезде ата-аналарының азаматтығы маңызды емес, мысалы, Бразилия мен Аргентинаның заңдары, егер осы мемлекеттердің территориясында бала туса, ата-аналарының азаматтығына байланыссыз, сәйкесінше Бразилияның немесе Аргентинаның азаматы болып табылады деп саналады. Бұл қағиданы көбінесе Латын Америкасы елдері ұстанады.Бірқатар елдердің заңдары 2 қағиданың әрекетінен тұрады, яғни аралас қағиданы ұстанады, мысалы, АҚШ, Франция, Англия, Үндістан және т.б.
“Азаматтық туралы” ҚР заңының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы қан құқығы қағидасын ұстанады.
Азаматтыққа қабылдау немесе натурализация-бұл азаматтығы жоқ немесе басқа мемлекеттің азаматтығы бар тұлғаның нақты мемлекеттің азаматтығын алуы.
“Азаматтық туралы” ҚР заңының 10 б. сәйкес азаматтыққа қабылдау немесе натурализация мынадай жағдайларда қарастырылған:
1) тұлғаның оған азаматтық беру туралы өтініші;
2) бір мемлекеттің азаматының басқа мемлекеттің азаматымен некеге отыруы;
3) өзге мемлекеттің азаматтығы бар тұлғалардың баласын асырап алуы.
Азаматтыққа қабылданатын тұлға қанағаттандыруы қажетті әртүрлі талаптар мен негіздер бар, соның ішінде ең көр тараған шарты – “елде тұру мерзімі”
Халықаралық келісімшарт негізінде азаматтықты алу немесе өзгерту-бұл бірнеше мемлекеттердің бір мемлекетке бірігуі кезінде немесе цессия кезінде бір мемлекеттің бірнеше мемлекеттерге бөлінуі нәтижесінде, яғни мемлекет территориясының бөлігінің басқа мемлекетке өткен кезде, сонымен қатар, көрші мемлекеттер кейбір территорияларын айырбастаған кезге қатысты халықаралық келісімшарт, келісімдер болған жағдайда орын алады.
Азаматтықты жоғалтумынадай негіздерде болуы мүмкін:
а) басқа мемлекетте натурализация жасаған жағдайда азаматтықтан ерікті түрде шыққанда;
б) территорияның мәртебесі өзгергенде;
в) азаматтықтан айырғанда.
Қазақстанда азаматтықты жоғалту осындай аталған негіздер бойынша жүзеге асырылады, бірақ Қазақстанның заңнамасында тағы да қосымша негіздер де бар:
а) шет мемлекеттердің қауіпсіздік, полиция органдарына, әділет мекемелеріне, өзге де мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарына тұлғаның орналасуы;
б) жалған мәліметтер немесе құрастырылған құжаттарды беру негізінде ҚР азаматтығын алған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |