Реферат «Адамзаттың бұлбұлы»



бет4/5
Дата05.07.2022
өлшемі53,11 Kb.
#147291
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
МОЛЯ РЕФЕРАТ
ест 3 кл 26.01, рус 25.01
2.2.Бейтаныс поэма
Таласып шидем күйі қатпа тайға,
Біріңді сабайсыңдар ,бірің көптеп.
Жалаңаш жүргендерің етер медеу,
Киеміз ақ шомшыдан көбе-көктеп.
Әкеліп ескі-құсқы таңа-моншақ,
Тұрамыз сөгіңді әкеп қапқа төк деп.
Берген соң құдай өзі бейнетқорды,
Не қажет Сарыарқада миһнат шегіп?
ЖАҢЫЛ:
айыпқа кім бұйырмақ сөйледі деп,
Арғынға алтынмен тең ақтаған сөк.
«Дәулетінің дәмінен» дейтін шықты,
«Ең болмаса ат жемі-тарың көп»,деп
Шайпау қатын үйіне кез боп қалса,
Шөмішпенен сабайды»үйден кет»,деп
Сабап жүрсе қарайды қазан жаққа,
«Көже-мөже бар ма екен, келіншек?» деп.
Бөктеріншек ат-көрпе,шідер шығын,
Үй тастамай жүргенде көже тектеп.
Жүз,мың айтсаң-халқыңда қасиет жоқ,
Қалады көштен қаңғып бүгежектеп.
Айтыс ретінде құрылған бұл поэманың негізгі мазмұн, мотивін түсінуге осы да жетер.Оқушының өзі де көріп,сезіп отырғанындай,мұнда Әсетті Жаңылға жақтасады деуге де болар. Мұның түпкі мәнісі Әсет Найман елінде өсіп,сол елдің егінші еңбеккерлігін сүйетін ақын сөздің бар уыттысын тергіштеп Жаңылға берген деуге болады, Ал Ахмет тарапынан айтылатын сөздер басасаулықтан туған құрмақтан болып жеңіл де әлжуаз шыққан, Рас, айтыстың аяғында Ахмет Жаңылды жеңіп шығады, Бірақ ол жеңу қыздың жеке басына таңылған жалаға байланысты ғана болады.
Ахметтің өлең жолдарында Арқа жерінің әсем табиғаты,көрікті көріністер жөніндегі әсем теңеулер жиі кездеседі. Бұлар сол Арқа табиғатының Әсет ақынға жақын көрініп, өзі ерекше ұнағандықтан болуы мүмкін. Өлеңнің бұлар тәрізді әҫем жолдары Абайдың табиғат жайлы лирикасынан әсер алғандықтан туындауы ғажап емес.Турасын айту керек, айтыс желісінде бәрі бірдей осы біз Айтқұл,келтірген үзінділер сынды болып шықпаған, Онда сол кездегі ауыл ортасының салтына орай алынған болар, оғаш ай-тылған оспадар сөздер де, ауыл арасындағы ауызекі сөздерге ұқсас дәрежедегі тіркестер мен шумақтар да кездеседі. Алайда, абыройға орай ондай шумақтар мен тіркестер оншалық жиі емес,ішінара ғана ұшырасады,
Әсет осы еңбегінде де, Рысжан қызбен айтысындағы сияқты Қасым, Хамит,Жаппар тәрізді Қарқаралы дуанының татарларын қосарлай отырады. Мұның себебі мына жайда болар деп жорамалдаймын: Ақынның төртінші атасы Қожамберліден өскен ұрпақтың мындакөпшілігі кедей болып, Хамит Жаппардың, олардың балалары Қалиолла, Ғұбайдоллалардың малын бағуға, бірі қойшысы, бірі жылқышысы, бірі аспазшы, енді бірі несиелерін жинаушысы болып жалданған. Сонымен бірге сол аттары аталған саудагер, көпестерге оның өздерінің Керегетас, Шөладыр деген қыстауларын жалға беріп күнелткен туыс-жекжаттары.
Әсеттің өз әкесі Найманбай саудадан жиған малдарды айдасуға жалданып, Қоянды жәрмеңкесіне келеді де,содан кірекешке ілеҫіп, Найман жағына кетеді де, Көктұма деген жерде тұрақтап тұрып қалған. Бала Әсет те әке-шешесіне ерте келіп осында тұрып мекендәп қалған ғой.
Осы жайларға орай ақынның ата-жері туралы нақты деректерді келтіре кеткен жән болар.Ал мұның өзі Әсеттің қай рудан шыққандығын, оны бірде Қыпшақ деп, бірде Найман да деп жүрген жаңсақ жайларды анықтап беруге үлес қосатын болса керек. Сонымен бірге Рысжанмен айтысындағы кейбір жаңсақ айтылған сөздерге дұрыс түсінік берсе керек, Мәселен, Рысжан қыз өлеңінің бір жерінде:«Осы жұрт елін білмей соқтығады-ау, Майқының жұдырықтай балаласына», десе Әсет:
«Шөпжелке, шошаңдатпа таяғыңды, саладағ
Дегеннен бастай берме баяғыңды,
Шарам кеңнен шабылған Қара, Шормын,
Тартамын асықпасаң табағыңды»-дейді.
Осы айтылып отырған Майқы кім, Қара, Шор кім? Енді соған келейік.Қаракесектен (Болатқожадан) Ақша, Түйте туады. Ақшадан Бошан, ал Түйтеден Майқы, Танас туады,Сырт ел оларды Майқы, Бошан деп атап кеткен.
Рысжан Әсетті «Майқының жұдырықтай баласы» деп теріс айтқан, дұрысында ол Танасқа жатады.
Ал Әсеттің өзі де «шарам кеңнен шабылған Қара, Шормын» деп жаңсақ айтады, Неге десеңіз оның жетінші атасы Қырғыз-байдың үрім-бұтағы «Шор»деген лақап кеткен, Бөтейдің бірге туған ағасы екен.Осы Қырғызбайдан Нәуетай,ал Нәуетайдан Айтқұл,Майлық туады.айтқұлдан Қожамберлі, ал оданБарғана,Айтқожа,Қалыбай туады.Қалыбйдан Найманбай менҚайранбай туады.Найманбайдан Әсет,ал Әсеттің Шөбере ұрпағы Әбдірахманов Әубәкір қазірде Қоңырат ауданында тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет