Реферат қазақстан электр энергетикасының қазіргі жағдайы Тексерген: Нурпейсова а. М



бет3/8
Дата23.01.2023
өлшемі198,11 Kb.
#166131
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат

Шикiзат көзi
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.
Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы республикалық және солтүстік, батыс аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.
Электр энергиясын тұтыну
Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады.
2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген.
Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.
2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұзындығы тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.
Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi.
Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.
Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет