Реферат қазақстан электр энергетикасының қазіргі жағдайы Тексерген: Нурпейсова а. М


Электр энергиясы нарығының операторлары



бет8/8
Дата23.01.2023
өлшемі198,11 Kb.
#166131
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат

Электр энергиясы нарығының операторлары
«KEGOC» АҚ ҚР БЭЖ Жүйелік операторы ретінде (ҚР ЭМ 17.10.2014ж. № 61 бұйрығы) мына функцияларды атқарады:

  • Шартқа сәйкес Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді, оның техникалық қызмет көрсетуін және пайдаланушылық дайындығын қамтамасыз етеді;

  • нақты теңгерімдерді және электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес ҚР БЭЖ жұмысының орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруын жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

  • ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;

  • электр қуатын реттеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

  • электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электр энергиясы теңгерімсіздігінің қаржылық реттеуін жүзеге асырады;

  • энергия өндіруші ұйымдарының арасында қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, үлестірілуін және ҚР БЭЖ қуаты резервтерінің әрекет етуін белгілейді;

  • нақты уақыт режимінде және жүйелік және қосалқы қызметтер нарығының режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

  • қатарлас жұмыс режимдерінің тұрақтылығын және электр қуатын реттеуді басқару және қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара әрекеттеседі;

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін, электр энергиясының, релелік қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының түйіндес құрылғыларын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін құру жөніндегі техникалық және әдістемелік басшылығын жүзеге асырады;

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр торабына қолжетімділігі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы қатысушыларын коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

  • электр станцияларының, қосалқы станцияларының, электр жеткізу желілерінің негізгі жабдығын, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеуге шығаруды және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуді келіседі;

  • гидроэлектрстанцияларының су-шаруашылық теңгерімдері мен ҚР БЭЖ жұмысы режимдерін ескере отырып, олардың жұмысының режимдерін әзірлеуге қатысады;

  • электр энергиясы мен қуатының болжам теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;

  • электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

  • түрлендіру қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;

  • тоқсан сайын уәкілетті органына қуат берудің келісілген схемалары туралы ақпарат ұсынады;

  • «Электр энергетикасы туралы»Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды.«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес 01.01.2008 жылдан бастап имитациялық режимде Қазақстан Республикасы электр энергетикасының теңгерімдеуші нарығы жұмыс істейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

  2. https://www.kegoc.kz/electric-power/elektroenergetika-kazakhstana/ Қазақстанның электр энергетикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет