Вариативтілік қағидасымектеп жасына дейінгі мекемелерде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, баланың жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
● Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
● Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
● Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
● Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
● Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етудебілім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
● Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.
Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиенің ерекше құрамын анықтау маңызды:
●Танымдық; ● Еңбектік;
●Құндылық-бағдарлық; ● Спорттық;
● Көркемдік; ● Еркін қарым-қатынастық.
● Қоғамдық;
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
● Адам ● Дос
●Ұл (қыз) ● Құқық қорғаушы
● Аға (қарындас) ● Патриот
● Немере (немере қыз) ● Азамат
● Туыс ● Қорғаушы
● Оқушы ● Ұлттық мәдениетті
● Ұжым, топ мүшесі қорғаушы және жасаушы
● Көш басшы ● Еңбекші
● Иегер ● Әлем азаматы
● Қалалық (ауылдық) ● Бейбітшілік орнықтырушы
● Көрші ● Эколог
● Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:
● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбиегуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.
●
Достарыңызбен бөлісу: |