Реферат қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие



бет1/17
Дата25.04.2020
өлшемі48,4 Kb.
#64676
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие
1111, sor-soch-aylshyn-tl-3-synyp, KADRLARDY ESEPKE ALU PARAGY (1), Топқа бөлу

РЕФЕРАТ

Қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие



туралы ұлттық саясат
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі  мен  еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие     проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің   заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

 Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай      алатын, ынтымақтасуға және   өзара іс-қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына  жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы   азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыны тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға   құқықтық білім беру  тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру   тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, ҚР азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқы»,  «жеке тұлғаның мүддесі»  және т.б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін  демократия-ландыруға мүмкіндік береді.  Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді.

  Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, аға вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, еңбек ақылы сынып тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат  бірліктеріне енгізілді. 

Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында   нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін  педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.

 Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, олардыңбірінші тобына мыналар кіреді:

● Тәрбиенің   мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.

● Ұлттық құндылық  бағдарларының жоғалуы. Педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.

● Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.

●  Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған  молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы, заңға ден қоюшылықты қалыптастыруға мүмкіндік бермеуі.

● Ұлттық мәдени   қабаттардың бұзылуы. Адамзаттың мұндай жалпы проблемасы біздің елімізде де тұрақсыздық, белгісіздік жағдайлардың шиеленісуіне және халықтың кейбір бөліктері    негізгі күшін өмір сүруге қажетті  қарапайым амалдарды жасауға бағыттауы. Бұл сияқты теріс ұғым бой алуы дәстүрдің, ұлттың мәдени көзінің жойылуына, білім алушылардың басым бөлігінің дүбаралануына алып келуі.

● Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.

● Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде  бағаламау, салауатты өмір салтын  елемеушіліктің басым  болуы.

● Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.

Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемаларыекінші тобын жататындар:

● Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.

● Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.

● Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.

● Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.

● Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.

● Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып,  отбасының тәрбиелік потен-циалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді.  Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз.  Жоғарыда айтқанымызға орай  үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау  қажеттілігі туып отыр.

 Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік  объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.

Адам– абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы  – адам, оның өмірі, құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі  ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы,  шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.

Отбасы –   болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір,    бала дүниеге келген күннен бастап отбасы  құрылады. 

Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.

 Еңбек –  адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты».   Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек– адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.



Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Достық –  өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін  таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты  айғақтайды.

● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;

● балалар мен жас өспірімдердің және жастардың    түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай  алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін,дербес жеке тұлға ретінде  ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру; 

● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі  мен өз денсаулықтары  мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа  оң көз-қарасын   қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

● өмір бойы  білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына  және   өзін-өзі табысты көрсетуіне   қажетті  жағдай жасау.                   

 ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰСТАНЫМДАРЫ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет