Реферат қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие



бет3/17
Дата25.04.2020
өлшемі48,4 Kb.
#64676
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие

Кешенді көзқарас– тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды. Кешенді көзқарас  құбылыстарды, шындық объектілерін, қатыстылықты, қызметті және т.б. барлық жүйелер мен деңгейлерді қарастыру кезінде қолайлы және тиімділікке жеткізеді. Кешенді көзқарасты тәрбиеде қолданғанда ол тәрбие үдерісінің басты, мәнді тұстарын ашуға негіз болатын, соңғы нәтижеге себепші болатын  – жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.

Аксиологиялық көзқарас  – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде баланың өз білімінің, өмірінің  мәніне ие болуына бағытталған.   

Амбивалентті көзқараста(Л.И.Новикова)  алғашқыда екі жақтың бір-біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді. Мәселен, амбивалентті көзқарас ұжымдарды және дербестікті, еркіндікті пен жауапкершілікті, саралау мен интеграцияны зерттеуде қолдануға лайықты. Әдеттегідей кез келген педагогқа дуалистік сипатты абсолюттендіру  тән:  мектепте тек қана тәртіп болу керек, ал ұйқы-тұйқылық – бұл негативті сипаттама; егер еркін тәрбиеге үстемдік берілсе, онда ешқандай еріксіз көндіру болмайды; дербестік дамытылса, ол ұжымнан тыс жүреді. Мұндай көзқарас шындыққа сәйкессіздікпен бірге педагогикалық қызметтің мәні мен мазмұнын қожыратады. Бұл ретте амбивалентті көзқарас сөзсіз басымдыққа ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет