Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалықжағдай жасау,тәрбие жұмысын респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдаупедагог-тәрбиешілердіңбалалар мен жастарды тәрбиелеуде ғылыми ұйымдардың, педагогикалық жоғары оқу орындарының және колледждердің профессор-ұстаздар құрамымен, ата-аналар бірлестігімен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік және достастықта қызмет етуді; серіктестікке, достастыққа, өзара сыйластыққа негізделген жеке аралық қатынастарға ынталылық көрсету арқылы тәрбиеге қатысуды; тәрбие институттарының (әлеуметтік серіктестік) шоғырлануын күшейтуді; балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғалуын қамтмасыз етуді, өзін-өзі бағалаушылықты және психологиялық жайлылықты қалыптастыруды; психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |