Реферат қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие



бет17/17
Дата25.04.2020
өлшемі48,4 Kb.
#64676
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие

Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және  қайта даярлауды қамтама-сыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтары-ның, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің  жазғы демалыста-рын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.

 

  ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР



Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру: 

● тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;

●  білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;

● балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;

●  салауатты өмір салтын норма  ретінде бекітеді;

●  қоғамның  рухани және адамгершілік деңгейі  жоғарылайды;

● барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

 СӨЗДІК


Тәрбие– қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).

Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму,  өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау  мақсатында  .педагогтар мен балалардың  өзара іс-әрекеттері.

 Тәрбие жұмысы  – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың  бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.



Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі,  пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар  мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік  организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар  және  білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын  тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі ретінде   (іс, акция) қойылған бірдей мақсаттар мен дидактикалық жүйені қабыстыру қамтылған. 3)  уақыт пен кеңістікте дамыған өзара байланысты компоненттер кешенінің бастапқы тұжырымдамасы ( іске асыру үшін жасалған идеялар жиынтығы). Олардың құрамына:

-тұжырымдаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қызметтің сан   алуан түрлері;

- іс-әрекет субъектісі оны ұйымдастырушы және оған қатысушылар;

- субъектілерді жалпылыққа кіріктіретін қарым-қатынас;

- субъектілер меңгерген орта;

- барлық компонентер жүйесін кіріктіруді тұтас  қамтамасыз ететін басқару.

            Қосымша білім  беру  –   білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі (ҚР «Білім туралы» Заңы). Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу және дамыту жүйесінде қосымша білім беруді қолданудың мәні тәрбие, оқу және баланың жеке дамуын бірыңғай үдеріске біріктіруінен айқын көрінеді.Қосымша білім  беруді ұйымдастырудан тәрбиенің басымдығы байқалады.Қосымша білім  беру баланың мектепте алған білімі мен шеберлігін кеңейтеді және тереңдетеді, сонымен бірге, оның болашақ мамандығының негізгі бағыттарын жарыққа шығарады. Қосымша білім  беруді ұйымдарына  орталықтар, кешендер, балалар мен жас өспірімдердің студиялары; жас техниктердің, саяхатшылардың, натуралистердің станция-лары мен базалары; балалардың музыка, көркемөнер және спорт өнер мектептері; қызығушылықтары   бойынша клубтар; спорттық, сауық-тыру, саяхатшылар лагері; балалар парктері, стадиондары, галереялері және т.б. жатады.

Интеллект  – негізінде  әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуді және оған саналы баға беруді қамтамасыз ететін саналы да саналы емес те үдерістер негізіндегі қабілеттің біршама берік құрылымы.

Тұжырымдама (латынша concertio)– ол белгілі бір затты немесе құбылысты баяндау жүйесі, оның құрылымында басшылыққа алған идеяны айқындау және оны түсінуге ықпал ететін дәлелдеме.

 Тұжырымдамалық көзқарас– зерттеу негізінде жатқан бастапқы негізгі тірек идея мен теориялық ережелердің жиынтығы.

 Модельдеу  – мәнді моделдік көрсетуде барабар және тұтас айқындауға мүмкіндік беретін танымдық әдіс және практикалық қызмет, тәрбие үдерісінің заңдылығы, қызмет үрдісінің және даму үдерісі, қазіргі және болашақ жағдай туралы жаңа ақпараттар алу мен оларды тәрбие үдерісінде қолданудың  аса маңызды сапасы мен компоненттері. Тәрбие үдерісін моделдеудің техникалық моделдеуден анағұрылым мәнді үлгідегі ерекшелігі бар.

Тәрбие сапасының мониторингітәрбие үдерісі,  оларды ұйымдастру және басқа проблемалар жөнінде субъектілердің пікірлерін қамтамасыз ететін арнайы құрылған қызмет. Мониторниг қызметі ата-аналар, оқушылар, студенттер мен педагогикалық жұртшылықтың белсенді қатысуымен мәліметтер қорын құрып, білім беру ұйымдарының жеке құрылымының тапсырысымен зерттеу жасауы тиіс. Өзін-өзі басқару органдары оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудан бастап, балалардың, жасөспірімдердің және жастардың демалысын үйымдастыруға дейінгі әртүрлі қоғамдық өмір мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстарды зерттеуде мониторинг қызметімен бірлесіп іс-әрекет жасайды.

 Парадигма– ғылымда белгілі бір тарихи кезеңде үстемдік ететін проблемаларды қою және оларды шешу, зерттеу әдістері, бастапқы тұжырымдамалық жоба. Болашақ жаңарудың бағыты мен сипатын анықтайтын жетекші тұжырымдамалық идея.

 Педагог– тәрбие ісіндегі шешуші тұлға. Қоғамның  бұл маңызды әлеуметтік рөлінің ықпалында педагогке әрқашан көтеріңкі талап қойылады. Бүгін терең білімді, гуманист-интелигент,  жастардың сенімді және шын досы, нағыз кәсіби маман қажет. Мектеп, балалар ішкі еркіндігі бай, жаңаша ойлайтын, адамға жақсылық жасауға бейім, алдымен, баланы жоғары құндылық, бірегей жеке тұлға ретінде қарайтын педагогты қажетсінеді.

 Педагог-тәрбиеші– үдеріс ауқымында маңызсыз, жалаң «тәрбиелік» ақпараттармен шектеліп қалмай, білім мен тәжірибенің қайнар көзіндей, бірегей жігерленген түпкілікті субъект  болуы керек. Тәрбиеші болу тәрбиенің мәнін және тәрбиешілік ұстанымды санамен сезінуден, басқаша айтқанда, өзі адамның тәрбиелік миссиясын орындауда жауапкершілікті санамен қабылдап және ішкі мотивациясы осындай жауапкершілікке сәйкес келуі тиіс. Балаларды сүю – тәрбиеші болуға дайындықтың негізгі компоненті. Келесі компонент – гуманистік-дербес бағдардың көрінісі байқалатын тәрбиеленушілердің тіршілік әрекетімен қарым-қатынастық қажеттілігі мен қабілеттің болуы. Тәрбиеші өзінің қызметінде құндылықты игертіп, мақсат пен идеалды жүзеге асыруы тәрбиенің мәнін әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде түсіне білуіне байланысты өрбиді.

            Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары:

● педагог-тәрбиешінің гуманистік-тұлғалық бағдары;

● оның  басқа адамдардың тіршілік әрекетіне әлеуметтік мәдени және кәсіби құндылықтарды жеткізуші болу  қабілеті;

● тәрбиеші ретінде белгілі бір әлеуметтік мәдени және білім беру жағдайында өзінің орнын, функционалдық мүмкіндіктерін сезіну;

● басқа адамды қабылдау және түсінуге ұмтылу;

● тәрбиенің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес әдіснамалық, әдістемелік және технологиялық дайындығы;

● одан әрікәсіби-жеке өсуінің  ішкі алғы шартының болуы;

Қазіргі заманғы тәрбиеші –  ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге,  нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагоги-калық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.



Қосымша білім  беру  педагогыбаланың өз мүмкіндігін сезінуіне көмек беріп, олардың орнықты дамуына жағдай жасап,жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын ынталандыратын механизмді іске қосады. Тәрбиеші ретінде қосымша білім беру педагогының қызметін бағалаудың негізгі параметрлері мыналар:

сабақты ұйымдастыру (үйірме, факультатив, секция) педагогика-лық стереотиптерден жиналған әсерден емес,  топ  ерекшелігінен бастау алуы; бала мен педагогтың өзара қарым-қатынас сипаты өзара сыйлас-тық, достастық, сенімділік негізде құрылуы; баланың бостандығын, жеке абырой сезімінің қорғалуын   әсер ететін психологиялық климаттың ықпал етуі; білім алушының өзін-өзі табысты көрсету,  өзін-өзі орнықтыру, өзінің көзқарасын дәлелдей білу мүмкіндігі.



 Педагогикалық қолдауО.С.Газманның пікірінше мектеп ережесін қабылдауына, білім алуда табысты ілгері жылжуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, оның физикалық және психикалық денсаулығына байланысты баланың дербес проблемаларын шешуде   превентті және оперативті көмек беру; тиімді іскерлік және коммуникациялық жеке қарым- қатынас; өмірлік, кәсіптік, әдепті таңдауға (өзін-өзі анықтауға) көмек беру.  

            Көзқарас  – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.

 Қағида  – кез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетаным-ның, теориялық бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді  тану және қайта құру бойынша қызметттің негізгі ережесі.  

Тәрбие қағидасы– тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу  – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүдде-сінде мақсатты түрде құрылатын және  оның  қасиеті мен қабілетінің дамуын  саналы басқаратын үдеріс.    

Өзін-өзі басқару  – оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі. Оқушылар мен студенттердің қазіргі заманғы өзін-өзі басқаруы демократияның нақты формасы және  әлеуметтік-құқықтық өзін-өзі қорғауы болып табылады. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысу, олардың қабілеттері мен шеберлігін қолдану сферасын кеңейтіп, басқару дағдысын меңгеруге мүмкіндік беріп,  лидерлік қасиетін дамытып, өзінің қабілеті мен талантын көрсетіп, бастамашылдық танытып, іс-әрекетте  өз қалауын табуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік серіктестік жүйесі.  Білім беру қызметіндегіинтенсив-ті дамыған  нарық білім беру ұйымдарында әлеуметтік серіктестікті нығайтуға ынталандырады. Мұндай қарым-қатынастың басты мақсаты  – кәсіби білім мен тәрбие берудің жоғары деңгейіне жету, бір жағынан, түлектің әлеуметтік қорғалуын, ал екінші жағынан,  кәсіпорынды жоғары кәсіби шеберлікті маманмен қамтамасыз етеді. Еңбек жолын бастаған жастар экономикалық қарым-қатынас жүйесінде лайықты орын алуға кепілдік беретін кәсіби мамандық, білім, дағды алуы тиіс. Бұл ретте еліміздің экономикалық өсуіне, кадрлық потенциалын дамытуға іс жүзінде мүдделі адамдарды біріктіретін тиімді әлеуметтік серіктестік көмек береді. Соңғы кездері білім беруді ұйымдастыруда оның мазмұнын жаңарту мен оқу үдерісінде технологиялық жаңалықтарды енгізуде кәсіпорындар-жұмыс берушілермен бірлесу үрдісі айқын байқалады.

Әлеуметтену  – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін  қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. Әлеуметтенудің мәні сонда, ол адам  өзі өмір сүретін қоғамының әлеуетті мүшесі ретінде қалыптастырады. Әлеуметтену адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылының стихиялық жағдайында да, сондай-ақ, мақсатты бағытталған және әлеуметтік тәрбиеге қатысты бақыланатын үдерістер жағдайында жүреді. Осы айтылғандардың адам өмірінің    әртүрлі сатыларында (немесе кезеңдерінде), әлеуметтенудің  кезеңдері мен стадияларында  шамалы да    мәнді   айырмашылықтарға ие.    

Әлеуметтік құзыреттілік(әлеуметтік құзыреттілік моделі шеңберінде) – бұл жеткілікті мөлшердегі дағды, оның көмегімен жеке тұлға күнделікті өмірде өзінің алдындағы міндеттерді бірдей үлгіде орындай алады.

  Әлеуметтік белсенділік– адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.



Өзіндік сана-сезім– әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйе-сінде пайда болатын жоғарғы сана. 

Тьютер –клиентпен өзара іс-әрекет жағдайында онымен бірлеседі, қамқорлыққа  алушысымен жеке қарым-қатынаста болады, онымен нақты жағдайда қарым-қатынас жасай алады, оның табысына мен сәтсіздігіне күйзеледі. Ол жағдайды ашық, сенімді және ұтымды жағдай құруға, білім беру кеңістігінде оқушының табысты ілгері басуына әсер ететін диагностика-лық тәсілдері игеруге,  диагностикалық нәтижеге және бақылауға талдау жасауға, бақылауға,  проблемаларды  дәл табуға және сол проблемаларды жою жөніндегі жобалық қадамдарды жасауға қажетті  психологиялық ықпал ететін білім мен дағдыларды меңгереді.

   Тәрбие технологиясы– нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы.



            Толеранттылық– сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нәтижесінің төмендеуі  салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет