Әлеуметтік барабар қағидасыұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің әлеуметтік ортаға тәрбие мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады және балалардың әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді. Қағиданы іске асыру түрлі әлеуметтік ортаның ықпалын есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Демократияландыру қағидасытәрбиеші мен тәрбиеленушініңөзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.