отырып қана шешуге болады.
Дін қоғамдық сана негіздерінің бірі, адам
өміріне мағына мен руханилық дарытушы күш, рухани мәдениет
феномені, адамзат болмысының айнымас қажеттілігі, ажырамас бөлшегі,
табиғи болмысы ретінде толық мойындалғанда ғана оған қатысты
стереотиптер мен әдістер өз-өзінен өзгереді, жанды, қоғаммен
байланысы бар, рухтандырушы және руханиландырушы әдістемеге
айналады, мемлекеттік институт пен дін институты арасындағы
психологиялық кедергі жойылады. Дәл осы психологиялық кедергінің
радикализацияға тірек болып отырғанын, сол мақсатқа белсенді түрде
пайдаланылғанын есте тұту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: