тұрмыстық және
тәжірибелік діни сананың астасып жатқанын,
олардың
кәсіби діни
санадан бастау алып,
күнделікті тіршілікке тереңдей енгенін
аңғаруға
болады. Яғни қазақ үшін дін – дүниеден тыс тұрған әлдебір тылсым күш
емес, қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл тұрмыс-тіршілігін,
дәстүрін, дүниетанымын көктей өтіп жатқан негізгі арқау болатын. Бұл
жерде өздері қол жеткізген кәсіби діни сана арқылы исламның негізгі
қағидаларын халықтың жүрегіне жақын, санасына қонымды тілмен
түсінікті етіп жеткізе білген ұлттың ағартушы ұстаздары мен дін
ғұламаларының үлесі зор. Солардың ерен еңбегінің нәтижесінде қазақ
халқы исламның рухын сезініп, жанымен қабылдады. Дін қағидаларын
халқымыз әрбір мақал-мәтеліне, аңыз-әңгімесіне, жыр-дастанына,
ертегісіне, шешендік сөзіне, даналық нақылына, тұрмыс-салт өлеңдеріне
сіңіріп, күнделікті тұрмысында басшылыққа алар рухани және имани
құндылықтарына
айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |