Вербальді емес әңгімелесу
Вербальді емес әңгімелесу дағдысы пациентпен жұмыс істеу процесінде маңызды. Дене тілі – кейіп, бет бейнесі – үлкен маңызға ие. Провизорға пациенттің вербальді емес мінез-құоқына көңіл аударуына тура келеді. Ашық кейіп – пациентке бетінен қолын айқастырмай қарау-ашықтықты, әңгімелесуге және иыңдауға дайындықты, қол жетімділігін білдіреді. Пациентпен тиісті ара-қашықтықты ұстау маңызды, фармацевт әңгімелесудің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жақын тұруы және пациент үшін ыңғайсыздықты тудырмауы, сондай-ақ өзі үшін ирусты ауруды жұқтыру қаупін тудырмайтын қашықтықты ұстануы қажет. Егер пациент шегініп немесе қозғалса оның орнатқан қашықтығын ұстану қажет. Сондай-ақ көз байланысын ұстану және теріс эммоцияларды болдырмау үшін пациент жүзінің құбылысын қадағалау қажет. Пациент тарапынан да вербальді емес әңгімелесу маңызды. Егер пациент жабық кейіпті қолдарын айқастырса, провизордан денесін бұрыс ұстаса соңғысы қолайсыздық себебін түсініп, оны жоюға тырысуы қажет. Фармацевт те пациент жүзінің құбылысын бағалауы қажет, үрейлену, ашулану, күйзеліс,агрессия және ауру сияқты физикалық белгілері бар екенін қадағалауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |