Әңгімелесудің негізгі принциптері
Пациент – фармацевтің қарым-қатынасының тиімлілігі – егер соңғысы түсінікті ақпарат көзі бола алатын болса, әлеуметтік-экономикалық және мәдени деңгейіне, әдеттері мен қызығушылықтарына байланысты кедергіні жою қажет.Бұдан басқа пациент фармацевтпен талқылыған ақпараттың құпия болып қалуына сенімді болуы керек.
Фармацевтке бірінші кезекте пациенттің хабардарлық деңгейін анықтауына тура келеді. Әңгімелесу барысында түсінуге оңай сөздерді пайдалану және күрделі медициналық терминдерді айтпауға тырысуы қажет.
Тиімді әңгімелесу ақпарат алушы оған хабарлап тұрған нәрсені естіп түсінген кезде өтеді. Бұған, пациент ақпаратты қайталаған кезде «белсенді тыңдау» әдісімен қол жеткізуге болады.
Тиімді сауал
Пациент фармацевтің сұрағы көмек көрсетуге шынайы тілейтінін сезінуі қажет. Бірлесіп жұмыс істеуге қол жеткізу үшін фармацевт тек сұрақтар қою себебін түсіндіруі қажет.
Әдетте сұрақтың екі түрі пайдаланылады.
Маған ауру белгілері жайлы көбірек айта аласыз ба? Түріндегі ашық сұрақтардан, «иә» немесе «жоқ» жауаптары алынатын сұрақтар қоюмен салыстырғанда, ақпарат көбірек алынды. Пациенттің препаратты қолдану бойынша нұсқауды меңгергеніне көз жеткізу үшін фармацевт «Бұл дәріні қалай қолданылатындығын айтып беріңізші, деп сұрауы мүмкін». Алынған мәліметтерді қорытындылау үшін нақты жауап күтілетін сұрақтарды пайдаланады, мысалы, ерекше ақпаратты жинауға немесе ашық сұраққа бұрын алынған жауапты нақтылауға мүмкіндік беретін «Бұл ауру сізгде қашаннан бері? Сұрағын пайдаланады». Бір ретте тек бір ғана сұрақ қою маңызды; екі немесе үш сұрақты бір мезгілде қою әңгімелесуді бұзады.
Тиімді тыңдау
Тыңдай білу әңгімелесудіңмаңызды компоненті болып табылады. Бұл пациенттің мәселені еркін баяндап беруін және фармацевтің жеке өзіне көңіл қоюына сенімді болуын білдіреді. Соңғысы пациентке көңіл қойып, әңгімелесуді бөгетін сәттерді болдырмауы қажет. Фармацевт пациеттің сұрақтарға берген жауабына көңіл қойып, жеке деталбдарды нақтылауы қажет. Әңгімелесу тілектестік жағдайында болуы керек, пациент сөзін қайталап айтуға, айтылғанды ауруға түсінікті болу үшін қайталауға тура келеді. Әңгімелесуді үзу немесе қызығушылығы жоқ екенін көрсету пациенттің сенімін азайтады және мәселені талқылауға дайындығын, соның салдарынан препаратты сатып алуын төмендетеді. Керісінше, пациентті қолдау түсіністік байқату әңгімелесуді жеңілдетеді. Фармацевт пациенттің пікіріне қызығушылық білдіріп және жылы шырай көрсетіп, пациенттің дұрыс шешімін қолдауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |