Реферат Дәріхана пациенттерімен коммуникация барысындағы мәдениетаралық дағдылар Орындаған: Казыбек А. Р


Әңгімелесу кезіндегі физикалық кедергілер



бет4/5
Дата29.12.2021
өлшемі21,07 Kb.
#106096
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Казыбек Акбопе реферат

Әңгімелесу кезіндегі физикалық кедергілер

Толыққанды әңгімелесу үшін физикалық кедергілер жойылуы немесе азаюы қажет. Биік тұғырлар мен платформалар, шыны қоршаулар, біздің дәріханаларымызда кең тараған, ол әңгімелесу процесін бұзады. Провизор оның беті пациенттің көзімен бір деңгейде болуы үшін тырысуы қажет. Дәріханада пациентке кеңес беру үшін арнайы орын қарастырылуы қажет.


Әңгімелесудің арнайы техникасы

Аурудың кейбір топтарымен әңгімелесу үшін арнайы әдістеме болуы қажет. Саңырау немесе нашар еститін пациенттерге ақпаратты жазбаша түрде беру қажет. Егер есту қабілеті бұзылған пациент ерін қимылы бойынша оқитын болса, фармацевт пациенттің қарсы алдына жақын тұруы және әңгімелесу процесінде көз байланысын ұстануы қажет. Бұдан басқа, баяу, бөліп-бөліп, мүмкіндігінше қатты дауыстап сөйлеуге тура келеді.

Тыныштық пен жақсы жарықтың да маңызы зор, өйткені шуда және қараңғыда есту қабілеті бұзылған адамдармен әңгімелесу мүмкіндігін едәуір төмендетеді.Фармацевт сондай-ақ мысалы, дененің зиян шеккен бөлігіне немесе қораптағы нұсқауға ыммен көрсетуді пайдалана алады. Көзі нашар көретін пациентке кеңес бере отырып, фармацевт бірінші кезекте өзін таныстыруы керек. Өйткені соқыр пациент вербальді емес әңгімелесе алмайды, провизор дауыстық жоғарылығымен және сөзбен пациенттің мәселесіне қызығушылығы мен көңілін бейнелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет