Реферат Дәріхана пациенттерімен коммуникация барысындағы мәдениетаралық дағдылар Орындаған: Казыбек А. Р



бет5/5
Дата29.12.2021
өлшемі21,07 Kb.
#106096
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Казыбек Акбопе реферат

Пациентке сауал қою

Пациентке кеңес беру – жоғары кәсіби жауапкершілікті талап ететін, қызмет көрсетудің негізгі бөлігі. Пациент сұрақ түрінде сіз не ұсынасыз? – сұрағы түрінде шағым айтуы мүмкін немесе пациент нақты сұрақ қоюы мүмкін: екі препараттың қайсысын қолдануға кеңес бересіз? Егер пациент өзіне қарсы көрсетілімі бар және асқынуға алып келетін дәріні таңдаса, фармацевт белсенді түрде араласуы қажет.


Ақпарат жинау процесі.

Емдеу жоспарын құру немесе пациентті дәрігерге жіберуге дейін, фармацевт нақты жағдайды анықтау және бағалау үшін жеткілікті ақпарат алады. Бұл ақпараттың ең маңызды бөлігі пациент қолданатын барлық препараттардың дәл тізімі болып табылады. Бұл ақпарат пациентті әдеттегі сұрау арқылы 3-5 мин ішінде алынады. Сұрау процесі «Біз таңдаған дәрі ағымдағы емдеуге сәйкес келуі үшін, қазіргі уақытта қандай препараттарды қабылдайсыз?»- сөзімен басталуы мүмкін. Пациент қабылдаған дәрілердің дәл тізімін ала отырып, провизор пациентте дәріге аллергияның бар екенін анықтауы қажет. Қажетті ақпаратты тиімді және жылдам алу үшін фармацевт қатаң тәртіпте сұрақты тікелей қоя білуі керек. Тәжірибелі фармацевт жағдайды бағалау үшін қажетті ақпаратты бірнеше минутта жинай алады.

Қорытынды


  • Рецептсіз босатылатын дәрі-дәрмектермен емделу бойынша пациентке кеңес беру – алғашқы медициналық қызмет көрсетуде фармацевтің маңызды роліне сүйенетін, дәріхана қызметінің маңызды құрамы. Фармацевт рецептсіз дәрілерді ұсынуы, егер дәрілік терапия көрсетілмесе препаратты сатып алудан пациентті айнытуы дәрісіз емдеуге кеңес беру және пациентті дәрігерге жіберуі қажет.

  • Пациентпен берік, сенімді қарым-қатынас құра білу қажет. Ол үшін фармацевт коммуникация түрлерін ажырата және терең меңгеру қажет. Кебір науқастармен арнайы қарым-қатынас техникасын орнату қажет. Екі арада ешқандай кедергілер болмау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Шертаева К.Д. Фармация экономикасы, оқулық – Шымкент: 2015ж.

2. Шертаева К.Д. Фармацевтикалық кеңес, оқу құралы – Шымкент: 2013ж.

3. Арыстанов Ж.М. Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері: оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2015ж

4. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық қызметті реттейтін Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер жинағы. – Шымкент,2016ж.

5. Казақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі



6.«Фармацевтикалық кеңес» пәні бойынша дәріс тезистері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет